?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі Рахмет са?ан ?ліппе (1 сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Рахмет, саған әліппе»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бекіту, алған білім – білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі: шарлар, әріптер, ұлттық киімдер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе: (ұйымдастыру бөлімі).
(Сахнада білім патшасы уәзірлерімен ертегілер әлемін тамашалап келеді).
Білім патшасы:
Уа, уәзірлер бері қараңдаршы. Мұнда не болғалы жатыр? Қонақтар көп жиналған, залда әсем безендірілген.
1-уәзір: Қымбатты патшамыз, бүгін үлекен мереке, үлкен той деп естідім.
2-уәзір: Бүгін 1-сынып оқушылары 4 ай бойы білім алып, сауаттанған Әліппемен қоштасады. 1-сынып оқушылары «Рахмет, саған әліппе» ертеңгілігін оздыратынын естідім.
Білім патшасы: Не дейді? (Патша ашуланып, жерді 2-3 рет ұрып қалады).
Бұны ұйымдастырған кім екен?
Кім рұқсат берді?
Шақырыңдар жүргізушілерді.
Уәзірлер: Құп, тақсыр! (Жүргізушіні жетектеп алып келеді).
1-жүргізуші:
Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Бірақ сіз бізді тоқтата алмайсыз, біздің оқушылар сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, оқып, біліп, үйреніп, сауатты жаза алатын жағдайға жетті.
Осы қуанышты дүйім жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып 1-сынып оқушыларының әліппемен қоштасу кешін тамашалаңыз. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.
Патша: Рұқсат, рұқсат жас бүлдіршіндер! Өнерлеріңді, білімдеріңді көрсетуге қарсы емеспін.
2-жүргізуші: Рахмет, Білім патшасы!
Тыңдаңыздыр, тыңдаңыздар,
Естімеген естіңіздер!
Қазір бізде әліппе тойы басталады,
Нұрлы үмітін арқалаған,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Мұғалім: Бүгін сіздер 1сынытың алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Бүгінде елдігіміз ескеріліп, егеменді тәуелсіз ел болып, атымыз алысқа жетіп жатқанда, бүгін сіздер үшін тойларынызға той қосылмақ.Ол – ғалымның анасы, болашақтың данасы әліппемен қоштасу тойы!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым,
Өзі оқып, жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата – анна қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Барлық маман алдынан кімшығыпты,
Барлық маман мектептен басталады.
Нұрлы бүтін асқарлардан асқарға,
Жан сәулесін тарататын баршаға,
Шын ниетпен құрметімізді көрсетіп,
1 сыныпты шақырамыз ортаға.
(Музыка ойналып, залға қол ұстасып, бүлдіршіндер кіреді).
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар, қонақтар! Бала біздің болашағымыз, елдің ертеңі, ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баули отырып, барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз – Әліппемен қоштасқалы отырмыз.
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы,
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Барлығы: Ә – ліп – пе!
Олай болса, «Рахмет, саған Әліппе» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге, халайық
Не үйреніп, не білдік?!
Қане ортаға салайық!
2-жүргізуші: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Өйткені алғаш қолымызға ұстап, хат танытқан, сауатымызды ашқан әліппемен қоштасамыз. Ендеше, ортамызға білім беріп, әріп үйреткен әліппені шақырамыз.
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар қонақтар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
1-жүргізуші: Құрметті Әліппе, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы боласыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасып, бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.
1-оқушы:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырмысып бақ, намысқа.
2-оқушы:
Әліппем, менің әліппем,
А деген бастап әріптен
Сөз құрап, жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
3-оқушы:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
4- оқушы
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды
5- оқушы
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе
6- оқушы
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат ашу тойладық
7-оқушы
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын
Ақыл бердің әліппе
Ақылды сен мұғалім!
8-оқушы:
Үйретті бізді Әліппе,
42 дербес әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен.
Лайық болдық дәріпке.
9-оқушы:
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Хор: «Әліппе
2-жүргізуші: Тәуелсіз елін, оттан ыстық Отанын, елін, жерін сүйетін Тәуелсіз елдің ұрпақтарын тыңдайық.
1-оқушы: Тану үшін бабаңды
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп крек адамға
2-оқушы: Тану үшін адамды
Тану үшін жаманды
Тану үшін заманды
Мектеп керек адамға
3-оқушы: Мек тәртіпті баламын
Мектепке енді барамын
Үйреткенін үйреніп
Ұстаздан көп аларым
4-оқушы: Мен тәртіпті баламын
Түгел қағаз қаламым
Бір күн қалмай сабақтан
Кілен бестік аламын
5- оқушы: Мен намысшыл баламын
Тек үлгілі боламын
Білім іздеп жалықпай
Кең дүниені шоламын
Ән: «Біз тәртіпті баламыз» хор.
жүргізуші Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйрендік не білдік
Кәне ортаға салайық
-Енді ортағаә ріптерді әріптерді шақырайық.
А-Ә
Білім патшасы:
Балалар, мен сендердің өнерлеріңді көріп отырмын. Ендеше білімдеріңді көрейін. Сендер менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.
1-тапсырма:
Балапан, кітапхана, мектеп, ғарышкер сөздерін буынға бөліңдер.
2-тапсырма:
Әліппе пәнінен үйренген бір тақпақты айтып берші.
Білім патшасы: Рахмет, балалар! Сені әліппені жақсы меңгеріп, сауаттанған екенсіңдер. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Сендерге сәттілік тілеймін.
1-жүргізуші: Балалар сендердің әліппе достарыңмен қоштасатын сәттерің жетті.
1-оқушы
Әліппе, әліппе
Алғашқы әріптен
Ана дер қазір біз
Жазуға әзірміз
2-оқушы
Әліппе, әліппе
Екінші әріптен
Бала деп қазір біз
Жазуға әзірміз
3- оқушы
Әліппе, әліппе
Талай бір әріптен
Отан деп қазір біз
Жазуға әзірміз
4-оқушы:
Қош бол, құтты Әліппем
Жол тұсауын кестің сен
Аяулы анам болып сен
Айыбымды кештің сен.
5-оқушы:
Білімге жолды бастаған,
Әліппем саған мың алғыс.
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс.
6-оқушы:
Таныстырып 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті Әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
7-оқушы:
Қош бол, құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің!
9-оқушы:
Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп, көп рахмет!
10- оқушы
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы
11- оқушы Соңғы рет мен қолыма әліппе алам,
Жарық менің сыныбыма апарам.
Құдіретті әліппеме айтамын:
Бас иеміз! Мың алғыс бізден саған.
Ән: «Рахмет саған Әліппе»
Әліппе:
Ризамын, жас достар! Енді сендер жаңа пән «Ана тілі» оқулығымен танысып достасасыңдар, жақсы оқитындарыңа сенемін, оқығандарың есте болсын, күнделіктерің беске толсын!
Сау болыңдар, жас достар!
Барлығы: Бізге оқу үйреткен,
Бар уақыты бірге өткен
Әліппе, саған көп рахмет!- 2 рет
Әліппе: Ендеше, менің сүйікті досым Ана тілі пәнін қарсы алыңыздар.
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар! Армысыздар халайық!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе! Ана тілі
Ана тілі: Мен сендермен танысқаныма қуаныштымын.
Ана тілі пәніңмін
Ана тілің - ұраның
Ана тілі – құралың,
Ана тілің болмаса,
Болмас еді Отаның.
Ана тілі жұмбақ жасырады:
Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама (Кітап)
Есіңде ме дөңгелек
Есіңде ме әңгелек,
Дөңгеленген әріпті,
Тауып берер қай зерек? (О)
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы
Қайсы әріптен басталып?
Аяқталған қарашы. (Н)
Жазып – жазып жалықпаған,
Жаза – жаза арықтаған. (Бор)
2-жүргізуші: Балалар, біз тек әріп танып қоймай, сонымен қатар сандар әлемімен таныстық. Ендеше, математика пәнін шақырамыз.
Математика: Армысыздар, жас достар! Біздер таныспыз ғой. Мен білімдеріңді сынау үшін тапсырмалар әкелдім. Қане, тыңдайық:
Аулада 4 үйрек,
Қорада 3 үйрек
2 үйрек тығылды,
1үйрек жығылды.
Алдында 3 балапан,
Артында 3 балапан
Ақтауық пен балапан
Айтшы санын балақан.
1-ден 10-ға дейін тура сана
10-нан 1-ге дейін кері сана.
8 бен 9 сандарының құрамын айтыңдаршы.
Жарайсыңдар мен сендерге ризамын.
Ән: «Үйретеді» би.
Жүргізуші: Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын
оқушы Ана деген сөзді де
оқушы Аға деген сөзді де
оқушы Әке деген сөзді де
оқушы Тәте деген сөзді де
оқушы Ата деген аөзді де
оқушы Апа деген сөзді де, Ойлап тапқан балалар
оқушы Күнім, жаным дегенді
оқушы Құлыншағым дегенді
оқушы Батақаным дегенді
оқушы Қошақаным дегенді
оқушы Айналайын дегенді, Ойлап тапқан аналар!

Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Мұғалім: Ал енді балалар, Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Әлі білімнің біз жартысының жартысында ғанамыз. Сондықтан балалар біз сендерден үлкен үміт күтеміз. Мен сендерді жақсы оқиды деп сенемін. Енді сендер белсенділік танытып, өздеріңнің өнерлерінді көрсетіп жүргендерінді және сендерді үлкен биіктен ғана көргім келеді. Сендердің алдарында үлкен асулар тұр. Сол асулардан сүрінбей өтулеріне тілектеспін!