Та?ырыбы: «Сыйынар ем Ана деген т??ірге» (8 наурыз!) Ма?саты: Ана жайлы тамаша с?здер, ?ле?дер, ?ндер ар?ылы ардагер, ?стаз-аналар мен аруларды мерекемен ??тты?тау, о?ушыларды мейірімділікке, ?стамдылы??а т?рбиелеу, ?стаз?а ата-ана?а деген ??рмет сыйын ар
Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!)Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.Барысы:Кіріспе:Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар.Ана деген тіршіліктің тірегі,Армысыздар,қасиетті аналар!Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.Сіздерден өскен балаларБатырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры -----------беріледі.Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Кудушева Айнұрдың орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.Мың бұралып билегенАруды кім сүймеген .Күміс көмей аруларғаКімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Қыздардың орындауындағы «Шаттық» биіне береміз.Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Алтаева Қарлығаштың орындауындағы «Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.Теңіздей тербетіліп көл бетінде,Бишілер билеп кетті тербетіле.Аққудай қалықтаған теңіздегі,Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Генкель Амельмен Сыздыкова Камиланың «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.Ән: «Ұстазым », орындайтын: Айназаров Эльдар Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.Аяулысың, ауылымның асылдары,Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 4а-сынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар!Десек те уақытпен жарыспайды,Қиялға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.Өзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту-арманым.Барша ана,құтты болсын мерекеңізӘрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.Сонда біз кісілікке теңесеміз.Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскенше,Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!