Табыс септігіні? с?ра?тары мен жал?ауларын біледі. С?йлемнен табыс септіктегі с?здерді таба алады. Бас?а септіктерден ажырата алады.Табыс септіктегі с?здер с?йлемні? ?ай м?шесі болатынын біледі. Зат есімдерді табыс септігінде септеп с?йлем ??рай алады. Су
Қазақ тілі 4 сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы Табыс септік
Сілтеме Оқулық авторы: Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жұмабаева Алматы «Атамұра» 2015
Жалпы мақсаттар Табыс септігінің сұрақтарымен және жалғауларымен таныстыру; Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту және өзіндік ерекшелігін меңгерту; топта ынтымақтастықта болуға үйрету.
Оқыту нәтижесі Табыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын біледі. Сөйлемнен табыс септіктегі сөздерді таба алады. Басқа септіктерден ажырата алады.Табыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болатынын біледі. Зат есімдерді табыс септігінде септеп сөйлем құрай алады. Сурет бойынша мәтін құрастырып, мәтінде табыс септігіндегі сөздерді қатыстырады
Қолданылған әдістер мен тәсілдер Диалогты оқыту, сыни тұрғыдан ойлау әдістері,(постер қорғату).
Сабақтың өтілетін уақыты 45минут
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу,назарларын сабаққа аудару
2.Ынтымақтастық атмосфера құру Сергіту сәті
3.Топқа (сөздер, сөз тіркесі, сөйлем жазылған) қағаздар арқылы бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту
3минут Өткен сабақтарды қайталау мақсатында топ мүшелері бір-біріне «Мен саған, сен маған» стратегиясы бойынша сұрақтар қояды. Диалогтік оқыту арқылы өткен сабақтан алған білімдерін қорытындылайды
Білу
3минут «Ой шақыру»
48-жаттығуды оқытып, көшіріп жаздыру.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойдыру.Олар қай септікте тұрғанын айт. Сабақтың тақырыбын ашады, табыс септігі қандай сұраққа жауап беретінін және жалғауларын табады.
Түсіну
6минут 49-жаттығу Жаңылтпашты оқып,табыс септіктегі сөздерді табады және табыс септігінің ережесін постерге сызып, топ болып қорғайды Сөйлемнен табыс септіктегі сөздерді таба алады. Топ мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді. Өз ойларын еркін айтуға үйренеді.
Қолдану
15минут
50-жаттығу Сөздерді оқып, белгілеріне қарай топтап, бір-бірінен айырмашылығын табу. Сөздерді оқып, белгілеріне қарай топтайды.Неге олай топтағандарын дәлелдеп, табыс септігіндегі сөздерді басқа септіктерден ажырата алады, айырмашылығын таба алады.
Талдау
5минут 51 -жаттығу Мақалдарды түсініп оқиды, табыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын анықтайды Табыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтайды.
Жинақтау
3минут 52-жаттығу Берілген сөздерді табыс септігіне қойып сөйлем құрайды, табыс септігіндегі сөздер қай сөзбен байланысып тұрғанын тауып, кестені пайдаланып пікірлерін дәлелдейді.
Зат есімдерді табыс септігінде септеп, сөйлем құрай алады және табыс септігіндегі сөздер қай сөзбен байланысып тұрғанын табады, кестені пайдаланып пікірлерін дәлелдейді.
Бағалау
3минут Әр топ өз ойларынан бір сөз ойлап, сол сөзді септейді. Топ мүшелері шығармашылықпен жұмыс істейді.
Рефлексия
5минут Бүгінгі сабақта мен ... үйрендім.
Маған ...қызықты не қиын болды.
Мен ... түсіндім. Оқушылар өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,
«Менің баспалдағым» кестесіне жабыстырады.
Үйге тапсырма
2минут 54-жаттығу Сурет бойынша мәтін құрастырады, мәтінде табыс септігіндегі сөздерді қатыстырады. Мәтінге ат қояды.
Бағалау Топ басшыларының бағасын ескере отырып, бағалайды Топ басшылары топ мүшелерін өздері бағалайды.