«Ана – г?л, ана — жыр, ана — ?мір шуа?ы». 2 с?би тобында?ы 8 наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік. Кейіпкерлер: ж?ргізуші, К?ктем, Карлсон. ??рал-жабды?тары: себет,биге г?лдер, ойын?а т?сті-т?рлі орамалдар ,2 фартук, 2 бас орамал, 2 ожау. Музыка ?у
«Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы».
2 сәби тобындағы 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік.
Кейіпкерлер: жүргізуші, Көктем, Карлсон.
Құрал-жабдықтары: себет,биге гүлдер, ойынға түсті-түрлі орамалдар ,2 фартук, 2 бас орамал, 2 ожау.
Музыка әуенімен залға балалар кіреді.
Жүрг: Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1 бала: Аялаған, саялаған,
Бар бақытым, берекем.
Апатайым, құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.
2 бала: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
3 бала: Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.
4 бала: Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған
Сақтандырып күнде еккен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
Жүрг: Құрметті аналар, сіздер үшін музыкалық сәлемдеме, қабыл алыңыздар!
Ән «Анамызға мын алғыс»
5 бала: Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.
6 бала : Сіздерден өсер балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
7 бала : Өнерлі боп өсеміз,
Өмір сырын шешеміз.
Өсіріп ой-сананы.
Қуантамыз ананы.
Жүрг: Ақ жаулықты аналар, сіздердің құрметінізге би ұсынамыз!
«Гүлдермен би» орындалады.
Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады...
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Жүрг: Көктем, біздін балалар көктем туралы ән дайындап келді.
Көктем: Қуана тыңдаймың.
Ән «Көктем».
Көктем: Қандай тамаша ән, рахмет, балалар! Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді).
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге. Балалар, мен сендермен ойнағым келеді, кәнеки, шығындар, ойынды бастайық!
Жүргізуші түсті- түрлі орамалдарды таратады, музыка әуенімен ойнайды.
Көктем: Жақсы ойнадындар, жарайсыңдар!
Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды.
Көктем: Ия, не жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінеки, балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
7 бала: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
8 бала: Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
9 бала: Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге,
Шәй қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Жүрг: Ардақты әжелеріміз: сіздер үшін бір ән, қабыл алыңыз!
Ән «Жақсы көрем»
Жүрг: Әндерінізге рахмет, балалар! Балалар, бізге біреу келе жатыр! Музыка әуенімен залға Карлсон кіреді.
Карлсон: Сәлеметсізбе, балалар! Мен қайда ұшып келдім? Бұл не?
Жүрг: Сәлеметсізбе. Бұл балабақша. А сен кімсін?
Карлсон: Мен- Карлсон, дүние жүзінде ең тәттіні жақсы көретін адам, міне!
Карлсон: Неге барлықтарың жиналып қалыпсыңдар? Мұнда не болып жатыр?
Жүрг: Бүгін бізде үлкен мереке –аналар күні!
Карлсон: А ол қандай мереке, мен білмеймін? Ал жейтін балмұздақ, торт, мармелад болама?
Жүрг: Қандай тәтті соққышсың! Бұл мереке туралы саған қазір балалар айтып береді, тыңда.
10 бала: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші мартыңмен.
11 бала: Әлпештеген аялаған
Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
12 бала: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Жүрг: Міне, Карлсон, біздін балалар аналарға ән арнап дайыңдап келіпті, тыңдайық!
Ән « Балапан»
Карлсон: Әндерініз қандай тамаша,көнілді. Мен сендердін балабақшаның төбесінде тұрамың, күнде еститымың балалар әндетіп, дайындалып жүргеніңдерін, қандай жақсы балалар, ата-аналар күнде келіп жүреді бақшаға, қаншама балалардын ішінде өз баласың қалай танып алады?
Жүрг: Қазір соны білейік, көрейік, кәне аналар, ойынға шығындар, өз балаларың тауып көрсетіндер.
Ойын «Өз баланды тап».
Карлсон: Керемет,тамаша! Осындай тамаша мерекелерінізде мен билегім келіп кетті, кәне, балалар билейміз бе?
13 бала: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз!
«Жұптасу би» орындалады.
Карлсон биден шаршап, құлап қалып жаздайды.
Жүрг: Міне, Карлсон, біздің балалар қандай өнерлі,төзімді, қаншама ән,тақпқ айтып жатыр, билеп жатыр, бәрі-бір шаршамайды, ал сен ...
Карлсон: Менің тәттілерді жейтін уақытым келді, (ішін сипайды).
Жүрг: Тұра тұр, асықпа, Карлсон, біздің тағы бір ойнымыз бар,қазір балалар көрсетеді аналарына қандай көмек көрсетеді, өз ойыншықтарың қалай жинайды соны көрейік.
«Ойыншықтарды жина» ойыны.
Карлсон: Жақсы, балалар, шаттан күліп, ойнадыңдар, ән айтып, биледіндер,
Алғысым менің шексіз, тәтті алыңдар, келіңдер!
Карлсон балаларға тәттілерді таратады, қоштасып кетеді. Жүргізуші де қоштасу , жылы сөздерді айтады да, музыка әуенімен балалар топқа кетеді.