Балаба?шада орта??ы топ?а арнал?ан 8 — наурыз Халы?аралы? ?йелдер к?ніне арнал?ан ерте?гілік


-226494-59121 «Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы» МКҚК
«Ана – гүл, ана - жыр,
ана - өмір шуағы»
Ортаңғы «Көгершін» тобы
Тәрбиешілер: Дюмбаева А.В.
Капышева Ж.В.
2016-2017 оқу жылы
Ортаңғы «Көгершін» тобының
«Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты
8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Ардақты әжелер, аяулы аналар, қызғалдақ қыздар!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Презентация
Жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.Әйелдер күні бүгін халықаралықЖарыққа бізді әкелген аналарды.Бүгінгі мерекемен құттықтайықҰйытқысы жанұяның берекемізАналар құтты болсын мерекеңізӘрқашан аналарымыз аман болсынАлаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Көңілді музыка ойналып залға балалар кіреді.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде біз өз өнерлерімізді аналар мен әжелерге арнап, жылы лебіздеріміз бен махаббатмызды әнмен және бимен жеткіземіз. Сонымен қатар түрлі тапсырмаларды орындауға тырысамыз.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы мына жерде қызық кітап тұр. Ол кітап сиқырлы екен, онда не бар екенін білу үшін оны ашып көрейік.
1 бетте ♫
Жүргізуші:
Той пердесін ашайықТойға шашу шашайықАналарды құрметтепӘн маржанын ашайық.
«Ана» әні
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 2 бет Ойын
Сіздерден өскен балаларБатырлар мен даналарҚұттықтаймыз мейрамыңменАяулы біздің аналар!
Ойын: «Кім жылдам?»
Балалар таяқшаны тез орап соңындағы сыйлыққа кім бірінші жетеді.
2 ойын: «Кім шапшаң»
Балалар қасықпен бір жерден екінші жерге киндерлерді тасып апару керек.

Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 3 бет
Баланың да тірегіДаланың да тірегі.Шаншымасын ешқашанАналардың жүрегі.Бәріңіз де анасың,Біз үшін күн боп жанасың.Құтты болсын, мейрамың,Құттықтаймын анашым!
Би: «Қуыршақтар»
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 4 бет
Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге жарқыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан,
Ойын: «Анаңды дауысынан таны»
Балалар өз аналарын дауыстарынан тану керек.
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 5 бет
Наурыздың сегізіСұлулықтың негізі.Әдемі сөзі баланың,Анаға айтар лебізі.Анасыз жоқ бір күнің,Әжесіз жоқ бір күнің.Ұсынамыз біз бүгін,Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Ән: «Әже туралы ән»
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік. 6 бет
Ойын: «Сән»
Ұл балалар қыздарды жылдам киіндіру керек.
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік 7 бет
Достықты біз ойлаймызБірге күліп ойнаймыз Мерекеде қыздарғаДостық биін арнаймыз
Біздің ұлдар өз билерін аналарымен әжелеріне және топтағы қыздарға да арнайды.
Би: «Жігіттер биі»
Жүргізуші: Енді келесі бетті ашып онда не жасырғанын білейік 8 бет
Сегізінші наурыз келдіШаттық сезім ап келдіҚуанышты күнде ендіҚұттықтаймын сіздерді!
Ойын: «Сыпырғыш пен шар»
Балалар сыпырғыштың көмегімен шарды кедергіден өткізу.
2 ойын: «Гүлзардағы гүлдер»
Балалар гүлзарға гүлдерді жылдам жинау керек.
Жүргізуші: Енді соңғы бетті ашып онда не жасырғанын білейік
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
Тақпақтар
Балалар кезектесіп тақпақтарын айтып, өз сыйлықтарын аналарына сыйлайды.
Жүргізуші:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!