Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар – отбасы т?рбиесіні? негізі ата -аналар жиналысы
Жиналыстың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі №14 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану мұғалімі Ергалиева Нагима Уткелбаевна
Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңыздылығын түсіну Міндеттері: 1.Жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы өзін-өзі танупәнін оқытудағы жетістіктерін түсіндіру; 2.Балаларды рухани адамгершілікке баулудағы ата-ананың ролін, төзімділігін қалыптастыру; 3.Адамгершілік,ізеттілік,мейірбандық,сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді бала бойына сіңірудегі отбасының қасиеттерін дамыту;
Жиналыс барысы: 1.Тыныштық сәті (Нұрға бөлену)2. «Өзін-өзі тану» пәнінің маңыздылығы мен мәні3.Дәйексөз4. Жалпы адамзаттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы 5.Шығармашылық, топтық жұмыс.6. Топпен өлең айту.7. Үйге тапсырмасы.8. Соңғы тыныштық сәті
Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Дәйексөз “Адамның бақыты — балада” 1.Адамның бақыты дегенді қалай түсінесіздер ? 2.Адам бақытты болу үшін бала қандай болуы керек ? 3.Ол үшін ата-ана не істеу қажет ?
Ақиқат Сүйіспеншілік Дұрыс әрекет Ішкі тыныштық Қиянат жасамау
Шығармашылық, топтық жұмыс І топ – “Ата –ана” отбасындағы ата-ананың ролін көрсету ІІ топ- “Бала” балаға деген махаббатыңызды жеткізу ІІІ топ – “Қоғам” қажеттісін теріп жазу ІV топ – “Бақыт” - сурет салу V топ – “Болашақ” – мақал – мәтелдер айту
Топпен өлең айту «Кешікпей келем деп ең...» әні
Үйге тапсырма Әкесі мен ұлы, анасы мен қызы бірігіп бір бұйым жасап келу Рахмет!!!!