Ата-аналар жиналысы .Та?ырыбы:Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар отбасылы? негізі


Ата-аналар жиналысы.Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі»
Мақсаты:Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасылық тәрбиедегі маңыздылығын түсіндіру арқылы,рухани адамгершілік қасиеттерін байыту.
Міндеттері:
1.Жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде түсініктерін кеңейту.
2.Ата-аналардың рухани жан дүниесін байыту арқылы сүйіспеншілікке жетелеу.
3.Отбасында бір-бірін аялауға,сүюге,қиыншылықты жеңе білуге ,төзімділікті және т.б асыл қасиеттерді үйрету. Ресурстары: (құралдар,мәліметтер)
слайд, музыка
Семинар барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу,ата-аналарды қарсы алу.
Топқа бөлу (жұлдызшалар арқылы 3 топқа бөлу)
Тыныштық сәтi.Су асты патшалығына ойша саяхат.
Көзіңізді жұмыныз және бір неше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қары нүкте көріп тұрсыз:ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасында отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты –неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз.Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Жоспар
1.Жалпыадамзаттық бес құндылықтың мәнін ашу.(слайд арқылы)
2.Құндылықтар терегін көрсету арқылы,баланы отбасында сүйіспеншілікке бөлесе,жемісінің нәтижесін көруге болатындығын түсіндіру.
Дәйексөз
«Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер»
Осы мақал-мәтел бүгінгі таңда қаншалықты орындалып жүр?
Ата-ана пікірін тыңдау.
Отан отбасынан басталады.Кез келген ата-ана бала қыз бен ұл балаға дұрыс тәлім-тәрбие беруге міндетті.Оларды еңбекке,білімге баулуға,кішіге ізет,үлкенге құрмет көрсетуге үйретуіміз керек.Бұл барлық ата-ананың мойнына жүктелген борыш.Сол себептен болуы керек ата-бабамыз «ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген екен.Сіздің әрбір жасаған ісіңіз,баланың сана сезіміне тікелей ықпал етеді.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ұл әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз ертеңгі ана,ол шешеге қарап өседі,бойын түзейді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы демеуші ата-ана.
4. Адамгершілік қасиеттер рухани құндылыққа апаратын жолдың негізі екені туралы әңгімелесу.
Әңгімелесу
1.Үйде балаңызға қаңшалықты жақынсыз?
2. Балаңыздың пікірімен санасасыз ба?
3.Отбасындағы сүйіспеншілік туралы не айтасыз? Сіздің пікіріңіз.
Мысалы: Ата-аналарға қызыл алма,шірік алма, көрсету арқылы дәлелдеу.
- Сіз осы алманың қайсысын таңдар едіңіз?
Отан отбасынан басталады.Кез келген ата-ана бала қыз бен ұл балаға дұрыс тәлім-тәрбие беруге міндетті.Оларды еңбекке,білімге баулуға,кішіге ізет,үлкенге құрмет көрсетуге үйретуіміз керек.Бұл барлық ата-ананың мойнына жүктелген борыш.Сол себептен болуы керек ата-бабамыз «ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген екен.Сіздің әрбір жасаған ісіңіз,баланың сана сезіміне тікелей ықпал етеді.
Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі керек.
1.Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті
2.Білім алуына көмектесуге міндетті
5.Ата-аналарға арналған сауалнаманы жүргізу
6.Топпен ән айту «Жақсы адамдар» Талдау

Үй тапсырмаcы.
Баланың сүйіспеншілік қасиеттерін оятатын сөздерді жиі айтыңыздар. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер
Жиналыстың қорытынды сәті
Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге алып сүйіспеншілікпен балаларымыздың бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамытсақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз.Бүгінгі қыз ертеңгі ана,ол шешеге қарап өседі.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке.Ендеше,балаға жан-жақты терең білім беріп,оның жүрегіне адамгершіліктік қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына,айналасымен санасуына ықпал етеріміз сөзсіз.
Жақсы сөз жарым ырыс.Сөздің құдіретін түсінейік.Бауыр еті балаңызға тиісті жерде жылы сөздеріңізді көбірек айтып,оны жақсы көретініңізді есіне салып жүріңіз.Сонда көптеген
мәселелерден аулақ боласыз.
Жиналыстан алған әсерлеріңізбен бөлісіп,мына тілек ағашына ілейік.
Бәріңізге үлкен рахмет! Мұғалім: Кезенбаева Алмагуль Кайрдиновна
Директор: Бакраева Жаннат Токтаровна