Ата-аналар жиналысыны? жоспары Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар отбасы т?рбиесіні? негізі


Ата-аналар жиналысының жоспары
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды бөлімдердің бірі ата-аналармен атқарылатын жұмыс. Тұлғаның үйлесімді дамуында бала – ата-ана – қоғам бірлігінің ықпалы жоғары. Осыған орай ата-аналар жиналысының жоспарын ұсынып отырмын.
Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп __________________________Сынып _______________
Мерзімі _____________ Ата-аналар саны_________________
Мұғалім ______________________________________________
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасы
тәрбиесінің негізі
Мақсаты: Ата-аналарға рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
1.«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері туралы білімдерін кеңейту.
2. Ата - аналарға «өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері мен жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы түсінік бере отырып, отбасы тәрбиесінде ықпалдастыру мүмкіндіктерін дамыту.
3. Балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі туралы мәселелерді қарастыру және талқылау. Ресурстары: (материалдары, көздері)
Бейнематериалдар, слайд, музыка, флипчарт, маркерлер және т.б.Жоспары
1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық –педагогикалық негіздері
Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы, ойшылдардың, ғұламалардың нақыл сөздері, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидаттары. Сананың құрылымын түсіндіру. Ізгілік психологиясының классиктері.
2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
Құндылықтар мәселесін зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз) деп аталады. Жалпыадамзаттық құндылық дегеніміз – белгілі адамдар үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін маңызды құндылықтар. Олар: ақиқат, дұрыс ірекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
3.Балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі). Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері. Ата-аналар үлгі ретінде. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Тәрбиедегі ынтымақтастық. Жақсы отбасының қасиеттері. Талдау
Жиналыс барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін біз сіздермен жалпы ата-аналар жиналысына жиналып отырмыз.
«Танысу» жаттығуы.
Бір мектеп, бір сынып болғандықтан бір шаңырақ астында бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Рахмет !
Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
Тыныштық сәті (музыка, Нұрға бөлену).
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды ашып, жүрегіңіздің қауызын ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын сезінесіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпында сақтаңыз.
Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет. 1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздерін түсіндіру. Сананың құрылымын түсіндіру.


2.Жалпы адамзаттық құндылық дегеніміз- белгілі адамдар үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін маңызды құндылықтар.
Қиянат жасамау Тыныштық Дұрыс әрекет СүйіспеншілікАқиқат – мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, ата-аналармен шығармашылық жұмыстар жүргізу.
Тапсырма: Ата-аналар постерлермен жұмыс жасайды. Өздерінің көзқарасы мен пікірлері бойынша құндылықтарға анықтама бере отырып түсіндіреді. Барлық ата-аналар топтарының жұмысынан кейін қорытындыланады.
3.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері. Ата-аналар үлгі ретінде. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. Тәрбиедегі ынтымақтастық. Жақсы отбасының қасиеттері туралы арнайы слайд материалмен түсіндірілгеннен кейін ата-аналармен бірге бейнематериалдар көрсетіліп талқылау ұсынылады.
«Рахмет саған Анашым».
«Әке мен бала» бейне материалдары.
Содан кейін ата-аналармен мына сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізуге болады:
Сіз балаңызды жақсы көріп еркелеткенде (ұлыңызды немесе қызыңызды) қандай жақсы сөздер айтасыз.
Ең соңғы рет балаңызға қандай кітап (ертегі) оқып бердіңіз?
Балаңызбен сыр бөлісіп сырласасызба?
Балаңыз қандай түсті және қандай іспен шұғылданғанды жақсы көреді?
Осы сұрақтардан кейін ата-аналардың жауаптары бойынша қорытындыланып, үйге тапсырма беріледі. Үйге тапсырма. «Звездочка на земле» фильмін көру. Ән орындау.
Ата-аналармен бірге қосылып ән орындау.
Сен маған сүюді үйреттің
(Әні-Ербол Байырбеков, сөзі-Ақмарал Леубаева)
 
Сен маған сүюді үйреттің,
Ұмытып кеткен едім.
Басымды июді үйреттің,
Тәкаппар өктем едім ...
 
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім.
 
Қайырмасы:
Сен маған ұшқанды үйреттің,
Тордағы бұлбұл едім.
Сезіммен құшқанды үйреттің,
Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)
 
Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,
Уайымшыл бір мұң едім.
Иіскеп қысқанды үйреттің,
Құшақсыз бір гүл едім.
 
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім. Жиналыстың қорытынды сәті.
Қорытынды.
Мұғалім: Өскелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік білімнің қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуде ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы жоғары. Сол себепті әр баланы рухани керемет күш иесі деп қарап, оның шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақтылы көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұратын, мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін, еңбекқор адал азамат тәрбиелеп шығарамыз деп сенемін.
Құрметті ата-аналар бүгінгі жиналысқа келіп, өздеріңіздің ойларыңызды бөлісіп пікір білдіргендеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Рахмет! Мұғалім: ______________________________
Мектеп директоры: _______________________________