Психологиялы? тренинг. Та?ырыбы Кеме?гер, ойшыл к?шбасшы (5- 11 сынып)
А. С. Пушкин атындағы орта мектебі
ТРЕНИНГ
Тақырыбы: «Кемеңгер, ойшыл көшбасшы»
center5266400
Қатысушылар: 11 сынып
Дайындаған педагог – психолог: Умеева Асыл Асановна
Базарбай ауылы
Тренингтің тақырыбы: «Кемеңгер, ойшыл көшбасшы»
Тренингтің мақсаты:
Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу
Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Кіріспе. Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған тренингімізге қош келдіңіздер!Бір басында кемеңгерлік, даналық,Елін сүйген елі үшін жаралып.Сол кісідей болса - болсын әр алыпАдамдықтың аласармас үлгісіБір өзінен жатқаны шын таралыпБүгін Тұңғыш Президенттің күнінеӘсем әнді шырқата бір салалық!Ән: «Нұр Аға» І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Қатысушыларды күлегештер арқылы 3 топқа бөледі. Оқушыларға алда қандай мереке келе жатқаның сұрай отырып, әр топқа өз еріктерімен топ атауларын беруін сұранады.
ІІ. Негізгі бөлім
«Тірек нүктесі» (Өзі туралы жақсы пікір)
Шарты: Әр оқушы өзінің жақсы қасиеттерін тіке, сеніммен айтуы қажет. Алайда «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айтуы керек. Оқушы бойындағы аталған қасиеттеріне яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндет емес. Оған сенудің өзі жеткілікті.
«Менің сүйікті отаным» сурет терапиясы.
Шарты: Оқушыларға ақ қағазға түрлі – түсті қаламмен өзіне ұнайтын суреттер салуға тапсырылады. Нәтижесінде ұқсас суреттердің барлығы тақтаға ілінеді.
«Құм жасырыңбағы» құм терапиясы
Шарты: Оқушыларға алдарына құм беріледі, оқушылар жұп болып бірігеді. Оқушылар жүргізушінің нұсқаулығымен жұмыс істейді.
Ой толғау
Шарты: Әр топтан топ өз еркімен ортаға шығып, қима қағаздар арқылы өз тапсырмаларын таңдап алады.
І. Топ тапсырмасы. Бабалар аңсаған тәуелсіздік туралы ойларыңыз.
ІІ. Топ тапсырмасы. Біз келешекке не айтамыз.
ІІІ. Топ тапсырмасы. Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан басталады.
Топтық жұмыс «Сөз жұмбақ шешу»
І. Топ
1. Астана өзенің атауы
2. Н.Назарбаев қай ауылда дүниеге келген
3.Н.Назарбаевтың інісінің аты
4. Н.Назарбаевтың бірінші қызының есімі
5. Н.Назарбаевтың жарының есімі
6. Астанадағы ең үлкен кітапхананың атауы
Е с і л
ш а м а л ғ а н
б о л а т
Д а р и ғ а
с а р а
о т ы р а р
ІІ. Топ
1.Астананың туған күні шілденің қаншасы
2. Н.Назарбаев қай ауданда дүниеге келген
3. Н.Назарбаевтың тұңғыш мұражайы қай қалада ашылды
4. Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Рүстемов жобалаған. Рүстемовтың есімі кім?
5. Н.Назарбаевтың екінші қызының есімі
6. Астананың бұрынғы атауы
а л т ы с ы
қ а р а с а й
т е м і р т а у
а қ м ы р з а
д и н а р а
а қ м о л а
ІІІ. Топ
1.Жастардың қаласы
2. Астанадағы ең үлкен кітапхананың атауы
3. Астанада қандай пайдалы қаза бар.
4. Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Рүстемов жобалаған. Рүстемовтың есімі кім?
5. Астананың бұрынғы атауы
6. Астананың туған күні шілденің қаншасы
7. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?
а с т а н а
о т ы р а р
у р а н
а қ м ы р з а
а қ м о л а
а л т ы с ы м е т а л л у р г и я
ІІІ. Тренингті қорытындылау. “Май шам” (Шырақ).
Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Ал қазір мен май шамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Қоштасуға май шамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек. Бүгінгі тренингмді мынаа бейне баян арқылы аяқтағым келеді.