Презентация проекта Школьный двор-моя страна


Қыркүйектің жиырма тоғызы, дүйсенбі Тақырыбы: “Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығы” бағытындағы зерттеу жабдықтары Мақсаты: PISA оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру, 12-жылдық білім беру жағдайларында мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін ашу. Педагогикалық зерттеулердегі функционалды сауаттылық мына ғалымдардың жұмыстарында қарастырылдыС.А.Тангян М.Д.Матюшкина С.Г.ВершловскийВ.В.Мацкевич С.А.Крупник А.В.ХуторскийН.Н.СметанниковаЖ.Ж.Ордабаева А.К.Рауандина Б.С.Гершунский PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар атомарлық деңгейі, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады. 2009 жылы Қазақстан 184 жалпы білім алғашқы рет PISA зерттеуіндегі беру мектептері қатысушылар 16 колледж кәсіби-техникалық училищелер (қазақ және орыс тілінде) PISA мынадай салаға бөлінеді:оқу сауаттылығы математикалық сауаттылық жаратылыстану– ғылыми сауаттылық қазақстандық оқушылардың үлесі оқу сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 5% құрады (салыстыру үшін – ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш - 28,6 %)математикалық сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 4,2% құрады (салыстыру үшін – ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш -қатысушылардың 16 %)жаратылыстану ғылыми сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 3,6% құрады (салыстыру үшін – ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш – қатысушылардың 20,5 %) Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері. Жаратылыстану - ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері. 12 жылдық білім беру мазмұнында функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін компоненттер:азаматтық жауапкершілікке, отансүйгіштікке, толеранттылыққа, еңбексүйгіштікке, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеу;ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастару; экологиялық сауаттылықты қалыптастыру, табиғатқа ұқыптылық пен аяушылықпен қарауға дағдыландыру;денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтының құндылық пен дүниетанымдылық тұрғысын қалыптастыру;жеке мүмкіншіліктері мен қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық ойлауын дамыту, жаңашылдық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру; ғылым негіздерін меңгеруде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, мораль нормаларына дағдыландыру;өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін дамыту, талдамалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;өз бетімен білім алуда қазіргі байланыс құралдарын, оның ішінде ерекше коммуникативтік-ақпараттық кеңістік ретіндегі интернетті қолдану білігін қалыптастыру; бейіналды және бейіндік дайындықта мемлекеттік және әлемдік тілдерді қолдануға қол жеткізу;ғылым негіздері мазмұнындағы қазіргі кездегі өзекті мәселелерден хабары болуы және оны шешу жолдарын іздеу дағдыларын қалыптастыру. Функционалдық сауаттылықты дамыту аясында төмендегі пәндер бойынша біліктілікті қамтамасыз етуі тиіс: информатикафизика мен математика әдебиет тілдік пәндер географияхимиябиологиятехнологиядене шынықтыру Рахмет!!! Сау болыңыздар!!!