?айталау саба?ы С?здерді? байланысу т?сілі мен т?рлері
Сөздердің байланысу тәсілі мен түрлерінен өткенді қайталау
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың мақсаты:Сөздің байланысуынан өткенді қайталау.
Білімдік мақсаты:Балалардың сөздердің байланысуынан алған білім-дерін тексеру.
Дамытушылық мақсаты:Балалардың сөздердің байланысуынан алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Сауаттылық пен белсенділікке баулу.
Көрнекіліктер:карточкалар,кестелер,сөзжұмбақ,криптограмма.
Сабақтың типі:Ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:Оқушылармен сәлемдесу,оларды түгендеу,сабаққа да-йындау.
II. Үй жұмысын сұрау.
1.Синтаксис деген не?
2.Грамматиканың екінші бөлігі не?
3.Сөздің тұлғасы деген не?
4.Қосымшаның неше түрі бар?
5.Пунктуация деген не?
6.Сөздің байланысу тәсілі нешеу?
7.Қосымшалы байланыс деген не?
8.Септеулік шылаулы байланыс деген не?
9.Орын тәртібі байланыс деген не?
10.Интонациялық байланыс деген не?
11.Қиысу деген не?
12.Матасу деген не?
13. Меңгеру деген не?
14.Қабысу деген не?
15.Жанасу деген не?
III. Қайталау жұмыстары.
1.Кім тапса,сол айтады.
Қабысу Омар- ұстаз
Жолаушы келеді
Депутат кездесті
Матасу Әкемнің мылтығы
Ұстаздың оқушысы
Біржанның әні
Меңгеру Кітапты оқиды
Гүлге су құяды
Музыкасын жазды
Қабысу Үйірлі жылқы
Жерлес жігіт
Тарихи дерек
Жанасу Үй жаққа барды
Бүгін орындайды
Қазақша біледі
2.Жаңылмай жауап бер.(септік жалғауларын дұрыс тауып айту).
3.Кім айтып жіберер екен?
Ана тіл...жақсы меңгер...ал...тұр...,өз...пән...түсіндіру мүмкін емес.
Ж.Аймауытов.
Қажетті қосымшалар:ін,іп,ма,й,ып,ге,дер,ді.
4.Ойлан,ізден,тап.
Қонақүйде дөңгелек үстел үстінде қызғылт,күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр.
5.Криптограмма
Орын тәртібі тәсілі арқылы қабыса байланысқан сөзді тап.
Ү Р А Қ С А Т Ы Л А Р
р н т у а ж а з ы қ а
а т д і р і н д е ыл а
қ у і е б і р а д з ы
с а р б м б а п н а т
а ж і і б е с і і ж а
т а ң р а с г б р а е
ы з д а р і б е і у қ
л ы е д н і п і н т а
а қ ы з а ж а у т и р
р а л ы т а с қ а р т
6.Сөйлемге тізбекті талдау жасау
Жер бетін желпіген таңғы самал тоқтады.
а)Самал тоқтады (қосымша,қиысу)
б)таңғы самал (орын тәртібі,қабысу)
в)желпіген самал (орын тәртібі,қабысу)
г)жер бетін желпіген (қосымша,меңгеру).
Абай әзірге сөзді ұзаққа созған жоқ :
-Ғылымның жаманы жоқ.
а)Абай созған жоқ (қосымша,қиысу)
б)ұзаққа созған жоқ (қосымша,меңгеру)
в)сөзді созған жоқ (қосымша,меңгеру)
г)әзірге созған жоқ (орын тәртібі,жанасу)
д)жаманы жоқ (қосымша,қиысу)
е)ғылымның жаманы (қосымша,матасу)
Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.
1.Сөз ғана жылыта алады (септеу,шылау,қиысу)
2.Көңілді жылыта алады (қосымша,меңгеру)
3.Суық көңіл (орын тәртібі,қабысу)
4.Күн жылытпайды көңіл (орын тәртібі,қабысу)
IV.Бекіту
Сөзжұмбақ
С И Н Т А К С И С
С Ө З
С Ы З Ы Қ Ш А
М А Т А С У
Ү Т І Р
Ж Ұ Р Н А Қ
Н Ү К Т Е
М Е Ң Г Е Р У
Қ А Б ыС У
Сұрақтары:
1.Граматиканың бір бөлігі не?
2.Сөйлем неден тұрады?
3.Интонациялық байланыстың тыныс белгісі ?
4. «Әжемнің әңгімесі» қалай байланысады?
5.Қаратпа сөздің тыныс белгісі?
6.Қосымшаның түрі?
7.Тыныс белгісінің бірі?
8. «Қалаға бару» қалай байланысады?
9. «Алтын жүзік» қалай байланысады ?
V.Үйге тапсырма
Әр түрлі сөздерді байланыстырып,теория жүзінде ажырату,ереже.
VI.Оқушыны бағалау:Оқушыны берген жауабына қарай бағалау.
VII.Қорытынды:
Сөздердің байланысу тәсілі нешеу?Оларды атаңдар? Сөйлемдегі сөз-дерді бір-бірімен ажырату қабілетіне ие боламыз.