С?здерді? байланысу т?сілдері саба? жоспары 7-сынып


Күні: 6.03.17 Қазақ тілі7-сыныпТақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдеріМақсаты:Сөздердің байланысу тәсілдері туралы тереңірек мағлұмат беру;Байқау, ойлау қабілеттерін жетілдіру, түрлі деңгейлік тапсырмалар беру арқылы шығармашылыққа баулу;Әдемі, мағыналы сөйлеуге баулу:Типі :жаңа сабақты меңгертуТүрі: талдауӘдісі: іздену, байқауКөрнекілігі: кестелер, дидактикалық материалдарСабақ барысы:I. Қызығушылықты ояту:1.Ұйымдастыру уақыты.2. Өткенді еске түсіру( Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақта алған білімдері еске түсіріліп , актуалдандырылады.)« Жуан-жіңішке» стратегиясы бойынша өткен материалды бекіту1. Синтаксис нені зерттейді?2. Сөз тіркесі дегеніміз не?3. Күрделі сөздерге , тұрақты сөз тіркесіне мысалдар келтіріңдер?II. Мағынаны тану:Сөздер ойды білдіру үшін бір-бірімен белгілі бір грамматикалық байланысқа түседі.Сөйтіп барып сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсіл арқылы байланысады. Мысалы; Сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті. Бұл сөйлемде Сен сұрасаң етті-сұрасаң сөзіндегі –ң, жалғауы ж.ж. II. жағы арқылы, ақылды сұрасаң етті ақылды сөзіндегі –ды табыс септік ж.Дәркембайдан сұрасаң етті- Дәркембайдан ті -дан шығыс септік жалғауы байланысқан. Осы сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған тұлғаларды алып тастасақ, сөйлем түсініксіз болар еді.Мағыналық жағынан бір-бірімен үйлескен сөздер ғана байланыс жасай алады. Сөздер белгілі бір амал-тәсілдер арқылы байланысады.Осыдан байқағанымыздай, грамматикалық байланыс кем дегенде екі сөздің арасында болады.Грамматикалық байланысқа түскен сөздің саны үш, төрт я одан да көп болуы мүмкін.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады:1. Жалғаулар арқылы2. Шылаулар арқылы3. Сөздердің орын тәртібі арқылы4.Интонация арқылыСөздердің байланысу тәсілдері МысалдарЖалғау арқылы Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.Шылау арқылы Туғандарына хабарын хат арқылы жеткізді.Орын тәртібі арқылы Тас жолды ағаш күрекпен күредік.Интонация арқылы Бұл –ұрыста ерекше ерлік көрсеткен қыз.Ескерту: Көптік жалғауы тек I ,II жақтарда ғана сөздерді байланыстыра алады.I . Оқулықпен жұмыс;239- жаттығуды берілген шарты бойынша орындату.II. Семантикалық картамен жұмысДұрыс жауаптың тұсына + белгісін қойыңызСөз тіркесі Етістікті тіркес Есімді тіркесБолаттың кітабы Мен келдім Қалаға барды Үйдің есігі Тез жүр Қала өмірі Әнші жігіт III. Орнын тап ойыны:Сөйлемді тиісті орындарына қойып оқып бер:1. Халқымыздың жасау бірі- дәстүрлерінің бастаңғы жақсы.2. Білуі екенін міндетті біздің халқымызда әрбір бала шешесі жағынан да, әкесі жағынан да қандай кімдермен қажетті атаға дейін туыс.Дұрысы:1. Халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі- бастаңғы жасау.2. Біздің халқымызда әрбір бала әкесі жағынан да, шешесі жағынан да қажетті атаға дейін кімдермен туыс екенін білуі міндетті.IV. Алыс, жуас, суық, көңілді, қараңғы сөздерінен тұрақты сөз тіркесін жаса.V. Мен білімге жетікпін.Осыдан соң Абайды күтуге Тоғжан жіберілмей, бұл отауға Найманның кемпірінің өзі кеп отырған.V. 242-жаттығу ( берілген шарты бойынша орындау)III. Толғаныс:Сабақ барысында өтілген материал бойынша сұрақтар қойып сабақты бекіту.Бағалау:Сабаққа белсене араласқан оқушылардың еңбектерін бағалау:Үйге тапсырма:1. 241-жаттығу2. Есіл бойында әңгімесінен сөздердің байланысу тәсілдеріне 5 мысал жазу.