Ашы? саба? Модельдері сипаттау ?дістері. Модельдерді? ?асиеттері
lefttopМаңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Атамекен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Авезова Бибихадиша Калдурдыевна
Сабақтың тақырыбы : Модельдерді сипаттау әдістері. Модельдердің қасиеттері
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың модельдердің сипаттау әдістері мен қасиеттерімен таныстыру
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, практика жүзінде қолдануға үйрету;
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Материалдық модель – модельдеу нысанының маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат. Модельдеу нысанына қарағанды материалдық модель салыстырмалы түрде кішіреюі немесе үлкеюі мүмкін, бірақ міндетті түрде оның сыртқы көрінісін, жүріс-тұрысын, құрылымын жаңғыртып көрсетеді.
Ақпараттық модель модельдеу нысанын қандай да бір тілде сипаттайды. Нысанның ақпараттық моделі оның қасиеттері, басқа нысандармен әрекеттестігі, нысан істей алатын әрекеттер туралы мәліметтерді қамтиды.
Мысалы, «Дәптер» нысанының мынандай қасиеттері бар :
Беттер саны Беттің өлшемі (см) Беттің түрі Арналған пәні
12 14,8×21 торкөз Математика
48 21×29,7 жоқ Бейнелеу өнері
Кестелер модельдеу нысандары туралы ақпаратты жүйелеп, ыңғайлы түрде көрсетеді. Кестенің атауы берілген ақпараттың түрін сипаттауға арналған, ал жолдарда нысандардың қасиеттері сипатталады.
Кестелерден басқа ақпараттық модельдерді сипаттау әдістеріне сұлба, граф, сөзбен сипаттау, сызба, нобай және т.б. жатқызуға болады.
Ақпараттық модельдер
Сызба
Граф
Сұлба
Кесте
Сөзбен сипаттау
Сұлба сызықтармен қосылған ішінде жазулары бар фигуралардан тұрады. Көбіне сұлбалар нысандар арасындағы иерархиялық қатынастарды сипаттауға қолданылады.
операциялық жүйе;
драйверлер;
утилиталар
Программалау жүйелері
Қосымшалар
Жүйелік (ПЖ)
Программалық жабдықтама (ПЖ)
офистік қосымшалар;
деректер қоры;
желілік қосымшалар;
оқытушы программалар;
энциклопедиялар, анықтамалықтар;
мәтінді тану программалары;
шетел тілдерінен аударушы-программалар;
ойындар.
Граф - сызықтармен (қабырғалар) қосылған ұштардан (нүктелер) тұратын графикалық нысан. Графтарды нысандар арасындағы байланысты көрсету үшін қолданады.
Мысал ретінде «Балалар мектепке бара жатыр» сөйлесіндегі сөздер арасындағы байланыс сұлбасын алуға болады.
Кім?
Балалар не істеп жатыр? Кетіп барады
Қайда?
мектепке
Графикалық редакторда геометриялық модельдердің (өрнек дайындамасынан әшекейлер, бөлімелердің жоспар-сұлбасы және т.б.) жасалуы, мәтіндік редакторда сөздік модельдердің (жиналыс, мейрамның және т.б. жоспары) жасалуы – компьютерлік модельдерге мысал бола алады.
Компьютерлік модельдер де ақпараттық модельдерге жатады.
Модельдердің мына қасиеттерін ақындауға болады: сәйкестік, нақтылық, құндылық және т.б. Сәйкестік дегеніміз – модельдің шынайы нысанға сәйкестік дәрежесі. Модельдің құндылығы оның сәйкестігіне тәуелді болады.
VІ. Сабақты бекіту.
Таңдалған деңгейі бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау
VІІ. Қорытындылау.
Тәжірибелік жұмыстың орындалуын тексеру, жұмыс барысында туындаған сұрақтарды талдау, шешу жолдарын ұсыну, оқушылар білімін бағалау
VІІІ. Үй тапсырмасы
§17, сұрақтарға жауап беру, тәжірибелік жұмысты аяқтау.