Информатика п?нінен Модельдерді сипаттау ?дістері. Модельдерді? ?асиеті (7 сынып)
САБАҚ ЖОСПАРЫ
№17
Мұғалім Сыздык Еркеназ Сериковна
Мерзімі09.01.2017
Пән Информатика
Cынып 7
Сабақтың тақырыбыМодельдерді сипаттау әдістері. Модельдердің қасиеті.
Сабақтың мақсатыМодельдерді сипаттау әдістерін, түрлерін және қасиеттерін меңгеру.
Міндеттері-жаңа тәсілдерді қолданып модель түрлері туралы түсінікті жетілдіру;-сыни тұрғыдан ойлау арқылы ақпараттық және графикалық модельдерді құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету;-топта белсенді жұмыс істей алуға дағдылану.
Күтілетін нәтижеА) Модельдеу ұғымдарын біледі, түсінеді.
Б) Модельдерді ажырата алады және олармен жұмыс жасай алады.
В) Модельдерді қолдана отырып, өмірмен байланыстыра алады және
бағалай алады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту әдістері: Тақырыпты түсінеді, талдайды.
Сабақтың құрал-жабдықтары: «Информатика» Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.А.Бекетауов, 2015ж. кітабы, cлайд, стикер, А4 қағаз, маркер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңіӨткен сабақты пысықтау
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Сабақты бекіту
Рефлексия
Үй тапсырмасы
Бағалау
Сабақ барысыҰйымдастыру кезеңі (2 мин) а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
Өткен сабақты пысықтау
(4 мин) Сұрақ-жауап:1. Меншіктеу операторы?2. Шығару операторы?3. Енгізу операторы?4. Алгоритмнің түрлерін ата?5. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Жаңа сабақ
(5 мин)
(3 мин)
(6 мин)
Тапсырма: (10 мин) Жаңа сабақ бастамас бұрын оқушылар 1-2-3 – ке саналады. 1 топ 1-ші партаға, 2 топ 2-ші партаға, 3 топ 3-ші партаға отырады. Әр топқа А4 қағаз таратылады.
1 топ: Модельдерді сипаттау әдістері
2 топ: Модельдер қасиеттері
3 топ: Модель түрлері
Ой-толғаныс.
Модель дегенді қалай түсінесіңдер? (жеке-жеке жауап береді)
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Топтар өз арасында көшбасшы сайлайды.
Мәтінмен жұмыс
1 топ: Модельдерді сипаттау әдістері
2 топ: Модельдер қасиеттері
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:1. Қолдану аймағы.2. Модельде уақыт факторын ескеру.3. Білім саласына қарай топтау.4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми - техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.Ғылыми - техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.
3 топ: Модель түрлері
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Тақтаға шығып қорғайды.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
Сергіту сәті (3 мин) Сабақты бекіту (9 мин) Тақырып соңындағы «Өзіңді тексер!» тест жұмысы (9 сұраққа жауап жазу)
Рефлексия (3 мин) Сабақтан алған әсерлері (стикерге жазу)
Үй тапсырмасы
(2 мин) §17 оқу, 90-92 бет. А4 қағаздан кез-келген модель жасау.
Бағалау (2 мин) Журналға және күнделікке баға қою.