Модельдерді сипаттау ?дістері.Модельдерді? ?асиеттері


Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері. Модельдердің қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Ақпараттық модельдерді сипаттау тәсілдерін оқып-үйренуді
жалғастыру
Логикалық ойлау,есте сақтау,зерделілік қабілеттерді және
программалау ортасына жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге
ықпал ету.
Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету
Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Оқушылар білуі тиіс: материалдық және ақпараттық модельді, ақпараттық модельдерді
сипаттаудың әдістерін
Оқушылар үйренуі тиіс: материалдық және ақпараттық модельдерге мысалдар келтіруді, нысанды сипаттайтын әрекеттер мен қасиеттерін анықтауды, бір нысанға арналған әртүрлі ақпараттық модельдерді сипаттауды.
Сабақтың ілеспесі:тұсаукесер (Lesson 17файлы/Модельдерді сипаттау әдістері.pps).
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III Білімді өзектендіру
Сұрақтар:
1.6-сыныпта оқыған «Модель» түсінігінің анықтамасын естеріңе түсіріңдер
2. Модельдеу нысаны не болып табылады?
3. Компьютерде қандай модельдеу түрлерін жасадыңдар? Олар ақпараттық немесе материалдық модельдеуге жата ма?
V Жаңа материалды оқып-үйрену
Мұғалімнің түсіндірмесі тұсаукесер арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылардан ақпараттық және материалдық модельдеуге мысалдар келтіруді өтініңіз.
Оқушыларға «Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларының» 4 сұрағына жауап беруді ұсыныңыз.
Оқушылардан «дәптер» нысанның барлық мүмкін қасиеттерін атап беруді, оның ішінде ең маңызды дегендерін ерекше атауды сұраңыз.
Кестені өзгерту мүмкіндігін беріп, кестені толықтырып толтыруды ұсыныңыз.
Парақ саны Парақ өлшемі (см) Парақ бөлігі Арналған пәні 12 14,8х21 Торкөз Математика 48 21х29,7 жоқ Сурет салу Оқушыларға нысандар мен құбылыстардың ақпараттық моделін сипаттауға арналған өз мысалдарын келтіруді өтініңіз (кестеден өзгеше).
V Жаңа материалды бекіту
«Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларының»5-10-тапсырмаларын сынып оқушыларына талдату.
1.жұмыс дәптерінің тапсырмаларын орындау
2. оқушыларға таңдалған деңгей бойынша компьютерде тәжірибелік жұмысты орындауды ұсыну.
VI Қорытындылау
Тәжірибелік жұмыс нәтижесін бағалау
VII Үй тапсырмасы
§17 оқу, «Өзіңді тексер» тест сұрақтарына жауап беру, тәжірибелік жұмыстың барлық деңгейлерінің тапсырмаларын орындауды аяқтау, жұмыс дәптерінің тапсырмаларын орындау.
§17 соныңда берілетін «Өзіңді тексер» тест сұрақтарының кілттері:
1 2 3 4
C D D A