11 урок по самопознанию на казахском языке
Өзін-өзі тану сабағыннан сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы : Табиғат -тылсім дүние
Сабақтың құндылықтары: Сүйіспеншілік
Сабақтың қасиеті: Ізгілік ,адамгершілік
Мұғалім. Сынып11 Оқушы саны :
Сабақтың мақсаты :
-«Табиғат» құндылығы туралы түсініткерді кеңейту;
Табиғаттың тілсім құдыретін түсінуге ,сырлы табиғат құбылыстарына қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті :
Адам мен табиғаттың үйлесімділігі,табиғаттың тілсім құдіреті,оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы түсінікті кеңейту;
Табиғаттағы жұмбаққа толы дүниені тануға,олардың сырларын ашуға,құштарлыққа табиғат құбылыстарын дұрыс пайымдай білуге баулу;
Туған табиғаттың ғажап көріністерін сақтай білуге ,аялап,сүюге тәрбиелеу; Ұйымдастыру кезеңі :
Салемдесу,сынып оқушыларын түгендеу.
Тыныштық сәті.
Нұрға бөлеу
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, түрлі-түсті бояу карындашы, дәптер,қалам.
Үй тапсырмасын тексеру :
Оқушылырдан «табиғат біздің анамыз » атты шығармалары оқытылады.
Әңгімелесу ( Сұхбат )
Оқулықта берілген В.Мезенцевтің «Дүние жұмбаққа толы» шығармасынан үзінді.
-Белгісіз де беимәлім дүниелер қандай ойға қалдырады?
- Адам неліктен табиғат құпиясын ашуға қүмар?
Дәйек сөз
Табиғат тілсімін түсіне білген- баққытты жан.
Л.М.Леонов Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларға ақ парақшалар,бояу қарындаштарын таратып «Табиғаттың ғажаптары » атты шығармашылық көрме ұйымдастырылады.
Топпен ән айту
Абай Құнанбайұлының
« Желсіз түнде жарық ай» әні айтылады.
Соңғы тыныштық сәті
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!