Слайд по самопознанию на казахском языке


Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты:1.2. 3.Сабақтың мақсаты:1. Білім алушылардың отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасылық қарым-қатынас, отбасы беріктілігі туралы ойларын толықтыру.2. Өз ойын ашық, толық жеткізе білуге баулу. Тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту. 3. Өзінің отбасын, ата- анасын, туыстарын сыйлауға, үлкенді құрметтеп, кішіге өнеге болуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақӘдісі:жаттығу жұмыстары,ойын ойнау, ситуациялық жағдаяттарды шешу, топпен жұмысКөрнекіліктері:интерактивті тақта, слайдтар, отбасы туралы деректі фильм;Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау 1.Ойын түрлерін дайындап келу, топ ішінде ойнату, мақсаты мен мазмұнын талдау Әңгімелесу 1. Адамдар неге және не үшін отбасын құрады деп ойлайсыңдар? Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен анықталады. Отбасы қазіргі қоғамның негізгі бір бөлігі болып табылады.Отбасы адамның әлеуметтік жұмыс істеу жүйесін білдіреді. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Дәріс Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді Дәріс Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Дәріс Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Дәріс Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Дәріс Әке мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Әке - асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала - жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Дәріс Отбасын қоғамның басты негізі деп айту себебіміз неде? Бейнефильм тамашалау 1. Зита мен Гитаның отбасын үлгілі отбасына жатқызуға бола ма? Не себепті?2. Осы фильмнің сендердің болашақтағы отбасылық өмірлеріңе көмегі бар деп ойлайсыңдар ма? Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас стилі Шығармашыл – қарым-қатынастың керемет үлгісі, отбасындағы түрлі қиындықтар талдана отырып, бірлескен шығармашылықпен шешу жолдары арқылы іске асадыЫнтымақты – бұл стиль өзара көмек, өзара қолдау көрсету қарым-қатнастарына сәйкес келеді Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас стилі 3. Паритеттік – яғни, отбасының барлық мүшелерінің өзара тимділіктеріне негізделген, немесе өзара тең қарым-қатынаста4. Тәуелсіз – әр отбасы мүшесі басқалардың еркіндігі мен тәуелсіздігін сыйлай отырып, дербес іс-әрекетте болады Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас стилі 5. Бәсекелес – отбасы мүшелерін бір-біріне қарама-қарсы қоюға ұмтылуды көздейді6. Кикілжіңді – отбасындағы барлық қиындықтар кикілжіңге әкеліп соғады Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас стилі 7. Авторитарлық (өктемшіл)- қарым-қатынастың бұл түрі көп жағдайда ата-ана мен баласы немесе отбасындағы үлкендер мен кішілер арасында кездеседі. Кез-келген жағдайда үлкендер кішілерді өздеріне бағындыруға тырысады. Жағдаяттарды шешу Ойын-жаттығу Шығармашылық тапсырма