Презентация на казахском языке на тему Мені? с?йікті ?алам


Менің сүйікті қалам. Әрбір бақытты адамда сүйікті қаласы болады. Көбінесе сүйікті жері туып-өскен немесе көп уақыт тұрған жері саналады. Адамның балалық шағы өткен жерді сүйікті деп айту мүмкін емес. Себебі, адамның балалық шағы естен кетпес тәтті кездерді еске түсіреді. Адамның жасы қанша болмасын ол өзінің балалық шағын және де сол балалық шағы өткен жерін ұмытпас. Бұл жер тыныш, кішкентай ғана қалашық болғанымен ең сүйікті жер.Әркімде сүйікті жеріне деген махаббат әр қалай беріледі. Мысалы, жазушылар сүйікті жері туралы өлең жырларын жазса, суретшілер суретін салып тарихта қалдыруға тырысады. Мен Есік қаласын жақсы көремін. Бұл кішкентай ғана жер менің Отаным.Бұл менің туып өскен, білім алған жерім. Мен осы Есік қаласын Бірақ ең басты себебі, бұл менің туылған жерім. Менің осы туылған жеріме деген сезімімді білдіруіме сөз жетпейді.Мен бұл сезімімді тек ғана ата- анама немесе сүйікті адамға деген махаббатпен бірдей салыстыруыма болады. Мен осы сүйікті қаламмен бірге өсіп, бой жеттім. Қалада жаңа көшелер, үйлер пайда болды. Есік күннен- күнге әдемі болып, көркейіп бара жатыр. 1969 жылы менің қаламда Алтын адамның қорғаны табылды. Менің қаламда "Есік" атындағы Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-муражайы бар. Сол муражайдың пайда болуына себепші болған қорғандар муражайдың айналасыңда орналасқан.  Қаладан оңтүстікке қарай 17 км жердегі әсем тау шатқалында демалыс және туризм аймағы саналатын Есік көлі орналасқан. Менің сүйікті қалам- әлемдегі ең жақсы қала. Ол өте әдемі қала. Мен үшін бұл қала жай ғана адамдар мен ғимараттар емес, бұл өз-өзімен өсіп бара жатқан ерекше қала. Соңғы жылдардың ішінде Есік қаласы өте өзгерді. Жаңа ғимараттар салынды, жылдан жылға қала әсерлеңіп бара жатыр. Мен өз қаламды өте жақсы көрем. Мен осы Есікте туып өскеніме және де осындай қалада тұрғаныма қуаныштымын!