Поурочный план по казахскому языку по теме «?аза?стан – т?уелсіз мемлекет»
9 сынып Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет». Сөздердің байланысу түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң жауап қайтара білуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелілігі: Егеменді еліміздің жас қырандарын халқының мәртебесі биік, мемлекеттік тілде таза сөйлеуге, тілімізден нәр алып, сусындап өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, белгілі тұлғалар суреттері, мақал - мәтелдер, әртүрлі сызбалар, тест, ҚР рәміздері.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабатың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, тест
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Кіріспе. Слайд ашу
Білімдерін тексеру:
Слайд 1
- Сурет бойынша өз ойларын жеткізу.
- Қазақстан- тәуелсіз мемлекет.
Слайд 2:
Отан дегеніміз не?
Отан дегеніміз – адамның туып - өскен жері
Отан деген немене?
Отан – үйің, бесігің
Отан – елің, есімің
Отансыз адам кім болмақ?
Отансыз адам – ол жансыз
Отансыз адам – ол үнсіз
Жүрегі жоқ адамның
Болмайды тек Отаны.
Отан сенің неменең?
Отан менің байлығым,
Отан менің берекем
Отаным менің – Қазақстан
Тіл жетпейтін ғажапсың.
Слайд № 3
Тәуелсіз
еліміздің
ұрпақтары
ақылды тілін құрметтейтін
білімді
дені сау
намысты
Отанын сүйетін
Слайд № 4-16
Ғажайып алаң: Қазақстан, тілге құрмет – елге құрмет, салтын сүйген – халқын сүйер
Сұрақтары:
Қазақстан:
1. Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл – 10
2. Қазақстан Рәміздерін ата – 20
3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – 30
Тілге құрмет – елге құрмет:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? -10
Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы кім? – 20
Жалғасын тап:
а)Ерлік білекте емес елі бай
ә)Жері байдың жақын көп
б)Жақсы болсаң жүректе – 30
Салтын сүйген – халқын сүйер
Қызық сөздер: қазақ, қыран, түс, мысық, кіші – 10
Ұлттық ойындарды ата – 20
Асық атауларын білесің бе? – 30
Слайд № 17
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек.
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек,
(Абай)
Слайд № 18
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу, - «Отан» дер ем.
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.
(М.Мақатаев)
Слайд № 19
Бақыт
тіл халық Отан
Тереңдік
Еркіндік Халық –дана Отан – от басынан
Шапшаңдық басталады
Айқындылық
Слайдтар 20-21:
Тереңдік
1. Түркі тілдер тобы нешеге бөлінеді? – Қыпшақ, қарлуғ, оғыз
2. Басқа түркі тілдеріне б, ғ, г дыбыстар келетін сөздерде қазақ тілінде у,к,қ дыбыстар қолданылады. Мысалы:ауа – һава, тау – тағ, келді – гелди
3. Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы келетін біраз сөздерде қазақ тілінде с дыбысы қолданады. Мысалы: бас – баш, тас - таш
4. Сөз басында и дыбысы келетін жерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады. Мысалы: жол – йол, жас – иаш – яш
5. Түркі тілдерінде –лар, - ләр – қосымшасы дыбыс үндестігіне сәйкес өзгермесе, ал қазақ тілінде өзгеріп отырады. Мысалы: малдар – маллар, аттар – атлар, кітаптар – китаплар, дәптерлер – дәптәрләр
6. Басқа түркі тілдерінде сұрау есімдігінде –н қолданылса, қазақ тілінде –й дыбысы қолданылады, ал ұйғыр тілінде –қ дыбысы қолданылады. Мысалы: қандай? – қандақ?
Слайд 22:
Еркіндік
“Қазақ, орыс, ұйғыр тілінде айту”
көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар
Тіл көңілдің – ............
Досы жоқ адам - ..... жоқ тағам
...........қорқақ, ......... батыр
4. Ішің күйсе, ........ жала
5. Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады
Таза мінсіз .......... ой түбінде жатады
Керекті сөздер: асыл сөз, айнасы, көз, қол, мұз, тұз
Слайд 23:
Шапшаңдық
Асыл сөздердің жалғасын тап:
Өнер алды - қызыл..... .
Бас кеспек болса да,..........кеспек жоқ.
3. ............тәтті де, ащы да зат жоқ.
4. Жеті жұртың ................ біл.
5. Ал, екінші бақытым - .............менің .
Слайд 24:
Айқындық
1) Әкесіне қарап ұл өсер
Анасына қарап .... өсер
2 ) Тәттіден тәтті – тіл,
Ащыдан .... – тіл.
3. Сөйлемді аяқтаңыз.
Жаңа оқу жылы ..... .
Оқушыларды білім ордаларында ұстаздар ...... .
4)Сөйлемді кеңейтіңіз.
Сабақ ұнайды. Тапсырма орындаймын.
5) Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз
Достықтың,киелі, бірлік,пен,Қазақстан-,бесігі.
Қазақстан, үшін-,Отанымыз,біз,сүйікті.
Слайдтар 25
Жаңа тақырып: Сөздердің байланысу түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу
Қиысу - сөздердің жіктік жалғауы (-мын, -мін, -сың, -сің)
арқылы байланысуы, не бастауыш пен баяндауыштың байланысуы
Мысалы: оқушы – оқушымын, оқушысың
Слайд № 27 -32
Ойширатар:
Ойын: Суреттегі заттарды дұрыс сипаттау арқылы табу
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстанда қанша ұлт тұрады?
3. Белгілі тұлғаларды атаңдар.
4.Киіз үй
Слайд 33-34:
Аукцион
Сұрақ - жауап
- Қазақстанның әнұранының сөзін және әнін кімдер жазды?- Ш. Қалдаяқов, Ш. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
- Қазақстан қандай мемлекет?- Тәуелсіз, егеменді мемлекет
- Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген?- Қанатты ат, шаңырақ, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар
- Қазақстанның елордасы? – Қазақстанның елордасы - Астана
- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?- Түркі тілдер тобына жатады.
- Арабтар Отырар қаласын қалай атаған?- Фараб қаласы
- Диалог деген не?- Екі кісінің сөйлесуі
- Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз? - Арал
- «Оқушы»сөзінің синонимі? - Шәкірт
Қорытынды сабақ.
Слайд 35:
Сурет бойынша әңгімелеу
О Т А Н
Отан –оттан да ыстық.
- Отан сөзінің синонимін табыңдар (туған жер, атамекен)
Атамекен әнін үйрету
Үй тапсырмасы. «Менің Отаным – Қазақстан» шығарма
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.