Поурочный урок по технологий на тему Стиль с?н ж?не костюм туралы т?сінік


Сабақтың тақырып: Стиль сән және кастюм туралы түсінікСабақтың мақсаты:
а) Білімділік: «Burda» сән журналымен сауатты жұмыс жасауды, өз өлшемдеріне сәйкес үлгілерді дұрыс түсіруді үйрету
б) Тәрбиелік :Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, талғампаздыққа, алған білімдерін іс-жүзіне қолдана білуге үйрету
в) Дамытушылық:Шығармашылық белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шеберліктерін дамыту
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі:түсіндірмелі –иллюстративті, сұрақ-жауап, сарамандық,ой-қозғау
Пәнаралық байланыс : Сурет, әдеп,сызу , математика
Көрнекілігі: Сән журналдары , сызбалар, суреттер, үлгілер, интерактивті тақта, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі :
Президентіміздің сөзін тілге тиек ете отырып, апталық тақырыбымен байланыстырамын.
2.Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа сабаққа кіріспе Сән –француздың «mode», латынша «modus» сөзінен шыққан өлшем, бейне, тәсіл деген мағынаны білдіреді

Сәнді бұйым таңдауға арналған «Маусым сәндері», «Сымбат», «Burda» т.б сән журналдары бар. Сабағымызда сән журналдарынан бұйым таңдау, өз өлшемдерін анықтау, үлгілер дайындау жолдарын үйренеміз
4.Жаңа сабақ
Сән журналынан бұйым таңдағанда оның қолайлы, әдемі сәннің соңғы бағытына, киімдерге қойылатын талаптарға сәйкес болуына назар аудару керек. Сән журналымен жұмыс жасау үшін ондағы нұсқаулармен , шартты белгілермен таныс болуымыз керек.
Сән журналындағы шартты белгілер

Сән журналындағы әрбір модельдің өз номері бар Осы номердің астында оны дайындау жөніндегі нұсқаулар жазылады.

Үлгінің суреті –онда барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі.
Материалдық шығын (модельді) дайындауға қажетті барлық материалдар жайлы мәлімет Қосымша парақ (үлгілер парағы )-үлгі беттері , кескін сызықтар белгіленеді.
Бөліктердің кішірейтілген сызбасы –қандай бөліктердің пішімін көшіріп алу жайлы түсінік беріледі. Әрбір бөлік номері сызықтары, цифрлар, шартты белгілер көрсетіледі.
Жайылма жоспары –бөліктердің үлгілерін мата бетіне орналастырудың тиімді тәсілі көрсетіледі.
Түсініктеме мәтін –онда үлгінің аталуы, өлшемі, мата шығыны бөліктердің тізімі, тігу ерекшеліктері қысқаша түсіндіріледі
Сән журналындағы барлық модельдер 36,38,40,42,44,46 өлшемдерге берілген. Бұл немістің өлшем жүйесі . Ал өз тілімізге көшіретін болсақ онда осы сандарға 6 санын қосу керек.
Сән журналында берілген нұсқаулардың қасында рамка ішінде келесі мәліметтер көрсетілген.
- үлгі кескінінің түсі
- үлгі орналасқан орны
- өлшемдері және оларға арналған кескін сызықтарының түрі
- бөліктердің кішірейтілген сызбасы
- жайылма жоспары



6.Жаңа сабақты қорытындылау.
Сән журналына байланысты тест сұрақтары арқылы сабақты бекітемін. Жауаптарын график арқылы тексеремін

7.Бағалау
8.Үйге тапсырма беру. Таңдаған модельді пішуге мата әкелу .
Сән журналынан бұйым таңдау. Өз өлшемдерін анықтау.Үлгілер дайындау