16 желто?сан – Т?уелсіздік к?ні. Та?ырыбы: «Т?уелсіз елім — ?аза?станым». Ма?саты: Балаларды? бойында ?аза?станны? ?ткені мен б?гінгі ?мірін салыстыра отырып, ?з елімізді? даму тарихы туралы танымдарын ?алыптастыру. ?лтты? сана сезімін, саяси сауаттыл?ын
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстаным».
Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылғын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағұлмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Балаларға патриоттық тәрбие беру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қ.Республикасының мемлекеттік рәміздері. Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар, шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер және балалар. Біздің тобымыздың «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» оқу іс-әрекетіне қош келдіңздер! Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
Тәрбиеші: Бүгінгі оқу іс-әрекетін Қ.Р.Әнұранымен бастағым келіп отыр.
-Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбері: Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
Сендерді көрсем қуанамын.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Тәрбиеші:
1.Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (қыс мезгілі)
2.Қыс мезгілінде қанша ай бар? (3 ай Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан).
3.Бір аптада қанша күн бар? (7 күн Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі).
4.Біздің балабақшамыз қалай аталады? (Бәйтерек).
5.Тобымыз қалай аталады? (Өркен).
6.Біз қандай ауылда тұрамыз? (Шелек).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде Тәуелсіздік жайында айтамыз.
-Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік киесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
-Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатсыңдар.
-Қазақстан халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
-16желтоқсан қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қ.Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтың мерекесі.
-Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев. (суреттеррі).
- 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
-Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. (Еске алу 1 минут үнсіздік).
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. (жеке тоқтала кету).
Тәрбиеші: шаршадыңдар ма, балалар!
Балалар: Иә, шаршадық!
Тәрбиеші: кәне, келіңдер сертгіту сәтін жасайық.
Ал, балалар, тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды бұрайық,
Жел сияқты қалықтап.
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық.
Тәрбиеші: Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңданыздар.
1.Жансая. Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.
2.Анар. Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
3.Думан. Көк аспанда тулардың,
Желбіреген күні – бұл,
Елім деген ұлдардың.
Елжіреген күні – бұл.
4.Айша. Бабамның да арманы,
Осы еді гой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары,
Бақ береді баршаға.
5.Жанерке. Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолыма,
Менің Қазақсатаным!
6.Т.Іңкәр. Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
7.Абылай. Тәуелсіздік-бақ туын,
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
8.Назым. Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
9.Дания. Әнді алысқа жеткіземін,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қылып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
10.Айбек. Отан оттан да ыстық.
11.Ангелина. Менің елім – Қазақстан!.
Тәрбиеші: жарайсыңда, балалар!
Тәрбиеші: енді бір ойын ойнап жіберейік. «Туды құрастыр» ойыны.
Тәрбиеші: «Отаным» әнін бірге тамашалайық.
Ізгілікке леп едім,
Жақсылыққа сеп едім.
Тәуелсіз елдің ертеңін,
Осылай көрсем деп едім – деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман-есен өсе берсін.
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі оқу іс-әрекетін аяқтаймыз. Сіздерді тағыда меркелеріңізбен құттықтаймын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Сау болыңыздар!