?аза? тілі п?нінен саба? жоспары М?тін ж?не оны? т?рлері 2 сынып


Тақырыбы: Мәтін және оның түрлері. Өзіңді өзің тексер
Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі: Оқушылардың сөз құрамы туралы білімдерін қайталай отырып, жұрнақ пен жалғау туралы алған білімдерін тиянақтау.
Ә) дамытушылығы: Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып дамыту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Б) тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, тез ойлауға баулу.
Сабақтың түрі. Қайталау сабақ
Сабақтың әдістері: Топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, венн диограмма
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, стикер, смайликтер,
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
А)Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Ә)топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасы
А)163 – жаттығу
Ә) өткенді пысықтау
Мә оқиға реті
тін мен баянда
лады

Оқиға, құбылыс
Тың себебі
дәлелденеді
венн диограмма
ІІІ. Қайталау
1.Ой қозғау
1-жаттығу
1.Мәтінді түсініп оқы
2.Мәтінде не туралы айтылған
3.Мәтінге ат қой
2.Жұмбақ жасыру
2-жаттығу
Жұмбақты оқып шешуін тап.
Жатқа жаз
Бұл жұмбақ мәтіннің қай түріне жатады?
Әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?
3.Топпен жұмыс. Тірек сөздер
1-топ
3 – жаттығу
Аталған тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтін құрау
2-топ
Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыру
Оқиғаның аяқталуы
Оқиғаның одан әрі қарай дамуы
Оқиғаның басталуы


3-топ
4-жаттығу
Тірек сөздерді пайдаланып, сипаттау мәтінін құрау
Жүзім, дәмі, түрі,түсі
Жүзім – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім өсіріледі.
lefttopӨсімдік туралы
Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Жемісі – жидек.
4.Шығармашылық тапсырма
6-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы
Мысалды әрі қарай жалғастырып көр
5.Дәптермен жұмыс
Диктант
Құтжол
Менің құтжол деген күшігім бар. Түрі қап-қара, тек мойны ғана ақ. Денесі шағын, мысықтан аз – ақ үлкен. Үйге бөтнен адамды жолатпайды.
IV.Қорытынды
ББҮ
Білемін Білгім келеді Үйрендім
V.Үйге тапсырма
Эссе
Менің отбасым
VI.Бағалау