«Ер есімі – ел есінде». Ж?ргізуші? Армысыздар ??рметті ?жымдастар балалар. ?р?айсымыз ?шін жа?ын ?рі ?ымбат мереке. Же?іс к?ні де келіп жетті. Же?іске жету жолында ?аза?станды?тарды?,ас?ан ерлігі мен ?скери жан?иярлы?ы отан со?ысы тарихында?ы жар?ын бетте
Ер есімі – ел есінде.
Жүргізуші˸ Армысыздар құрметті ұжымдастар балалар. Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке. Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың,асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен милиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап,1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше бүгінгі «Ер есімі ел есінде» атты мерекелік іс шарамызды Жеңіске,жеңіс себепкерлеріне арналады.
Жүргізуші˸ Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын
Ата- бабам қан берісіп шайқасқан
Ата- бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс
Хор˸ «Ән ұран»
Ән˸ Рамазан «Жаса Қазақстан»
Жүргізуші˸ Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы соғыс батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен бұрылыс әкелген,милиондаған өшпес із, жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтқан екен. Ары қарай жас жауынгерлеріміздің тақпақтарын тыңдайық.
Мадина˸
Ұлы көшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн
Қырмызы гүл қызыл гүл
Құшақтарға енген күн
Тыныштық жаса тыныштық
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс –құт
Әмина˸
Алақай- ай әйгілі
Тоғызыншы май бүгін
Алғашқы күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының
Жеңіс келді ән болып
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып
Тамерлан˸
Елін жерін сүйетін
Ертеңі үшін күйетін
Рухы биік ұланбыз
Болашаққа сенетін
Боламын мен бүгінде
Кіп кішкентай боламын
Ертең менде өскенде
Ел қорғауға барамын
Жүргізуші˸ Талай тарих кезеңдерін өткізіп сырын жырын заманына шерткізіп 70 жыл өтті міне, еліміз. Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.
Ән˸ Амандық Асет «Солдат болам мен ертең»
Жүргізуші˸ Ары қарай жауынгерлеріміздің тақпақтарын тыңдайық.
Айару˸
Әлем бізді ұққан күн
Жауды ініне тыққан күн
Батыр атам алдынан
Әжем күліп шыққан күн
Мерей˸
Жанымдай сүйемін халықты
Ерлері мәңгі даңқты
Өнеге тұтып өсемін
Әлия Мәншүк Мәлікті
Фатима
Жеңіс деген өтуі жас ғұмырдың
Жеңіс деген бейбіт күнін бүгінгім
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке – аға інінің
Жеңіс деген шат күлкісі баланың
Тыныштығы жер мен жаhан даланың
Жеңіс деген сылдыр күлкі асқақ ән
Тыныштығың сол жеңістен басталған
Аяна˸
Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Жүргізуші˸ Бейбітшілік болса!! Балалар болады аман. Аналар болады аман.
Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған. Балалар ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын жер бетінде,бүкіл әлемде тек бейбішілік,бейбіт өмір болсын әрқашан күн сөнбесін деп әнімізді орындайық.
Хор˸ «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші˸ Біздің отанымызды әуеденде жерденде,судан да қорғап жүрді ата ағаларымыз ендігі кезекті әскери теңізшілершілерміздің тақтаптарына берейік.
Махамбет˸
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар
Өркендей берсін қалалар
Гүлдене берсін далалар
Сезім˸
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді далама
Жеңіс келді әке боп
Жеңіс келді ән болып
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып
Би « Моряк биі»
Айзере
Қамықпаған қиындықтың түбіне
Өздеріне жинап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ далама
Құттықтаймыз ұлы жеңіс күнімен
Фариза˸ « Жеңіс күніне арналған»
Жүргізуші˸ Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап жас Алия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті.
Алдоңгар˸
Соғыс бұлты төнгенде
Серік болып ерлерге
Жаудың бетін тойтарған
Елдің кегін қайтарған
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға
Атақ даңқын жеткіземіз
Ертеңгі атар таңдарға
Әлхаят˸
Біздің ұлы жеңісіміз көктем боп
Көңілдерге шұғыласын төккен көп
Сонау жылы 9-шы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны
Жүргізуші˸ Би «Катюша»
Аружан˸
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз
Бермағамбет˸
Жүйрік озар әйгілі
Күні бүгін бәйгенің
Ура, Ура балалар
9 – шы май күні
Бейбіт күні әрқашан
Елімізде әрқашан
Тыныш өмір сүрейік
Достығымыз жарасқан
Жүргізуші˸ Балалар біз ата- апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай орасаң зор қайсарлық,батырлық,ерлік көрсеткен,ер жүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу,Ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру – сіздердің және біздердің парызымыз.
Би « Десантшылар»
Алихан˸
Елім деп соққан жүрегі
Талмаған жауға білегі
От кешкен әрбір жауынгер
Соғыстың жайын біледі.
Болмасын соғыс болмасын
Көңілге мұң шер толмасын
Аналар жесір сәбилер жетім
Кәрі – жас жүзі салмасын
Ақниет˸
Ақ шашты Ғазиз ардагер
Қорғаған Отан нағыз ер
Бас иіп алғыс айтамын бүгін
Атынан халқы,қалың ел
Нұртілек˸
Өтсе де уақыт зымырап
Тарихты қалай ұмытпақ
Соғыста өлген ерлерді
Еске алып жүрер жас ұрпақ
Аяулым «Майданға хат»
Мен медбикелер курсына жазылдым. Бір екі айдан кейін ойдағыдай аяқтасам, мен де фрондқа баруға сұранамын. Мүмкін сол жақтан сені де кездестіріп қалармен. Сені сондай сағындым. Екеуміздің би кешіне баратын кезіміз есіңде ма? Өте ерекше кездер еді сол бір шақ..... Әттең ........ сұм соғыс
Би «Вальс»
Жүргізуші ˸ «Хор Атамекен»
Жүргізуші Ешқашанда енді соғыс болмасыншы,гүлдері ата- ананың солмасыншы. Жеңерміз қиындықты қайыспастан тек қана елге амандық орнасыншы. Бейбіт болып әрбір күніміз. Береке тола берсін жылымыз биіктерде тұрсын мәңгі желбіреп көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп құрметті ұжымдастар,балалар осымен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз.