?аза? хал?ыны? салт – д?ст?рлері Презентация
Қазақ халқының салт – дәстүрлері
Салт – дәстүрлердің түрлеріДіни әдет- ғұрыптарОтбасылық той – томалақтар мен жиындарМаусымдық халықтық мерекелер
Ырымдар мен нанымдар Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.
Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.
Діни мейрамдарОраза айт, құрбан айт
Жалпы халықтық тойларНаурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой (мизам), Соғым басы.
Наурыз мейрамыНаурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..
Қымызмұрындық Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.