Б?рыш. Б?рышты? шамасы ж?не оны? ?асиеттері. Б?рышты? биссектрисасы


САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу Тақырып жоспары:
Кіріспе:
Бұрыш
Бұрыштың қабырғалары мен төбесі
Тең бұрыштар
Бұрыштарды қосу
Бұрыштарды алу
Бұрыштың биссектриссасы
Слайдтар:
1-слайд Бұрыш және оның градустық өлшемі
2-слайд
Бұл тақырыпта сендер бұрыштар туралы білімдеріңді тереңдетіп, кеңейтесіңдер; бұрыш және оның биссектриссасының анықтамаларын білетін боласыңдар;бұрыштардың қосындысы мен айырымын табуды үйренесіңдер.
3-слайд
Жазықтықты сәуле және түзудің көмегімен бөліктерге бөлу түсініктерін пайдаланып, бұрышты анықтауға болады.
Анықтама. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі бұрыш деп аталады.
4-слайд
Сәулелер бұрыштың қабырғалары, ал олардың бас нүктесі бұрыштың төбесі деп аталады.
Бұрышты “∠” таңбасымен және қабырғалары мен төбесіне жазылған әріптермен белгілейді.

5-слайд Бұрыштардың теңдігі
Анықтама. Екі бұрышты беттестіргенде сәйкес қабырғалары және төбелері дәл келсе, олар тең бұрыштар деп аталады.
3248660342265006-слайд
∠ ABC және ∠DEF бұрыштары тең екенін дәлелдеу үшін В төбесін Е төбесіне, ВА қабырғасын ЕD қабырғасына дәл келтіреміз. Сонда, ВС және ЕF қабырғалары дәл келсе бұрыштар тең болып есептеледі
7-слайд Бұрыштарды қосу және алу
Қосу

8-слайд Алу
3324860-11430000
9-слайд
Ортақ OF қабырғасы бар POF және FON бұрыштары тең болса, онда OF сәулесі PON бұрышын қақ бөледі.
3925570-47752000
10-слайд
Анықтама. Бұрыштың төбесінен шығып оны қақ бөлетін сәуле осы бұрыштың биссектриссасы деп аталады.
іі.алғашқы бекіту Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Бұрыштың қабырғалары мен төбесі Бұрыштың биссектриссасы
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі.құзырлылық қалыптастыру Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Қағазға сүйір, тік, доғал бұрыштар сызып, қиып алыңдар, оларды салыстырыңдар. Қиып алған бұрыштардың шамаларын транспортирді пайдаланып анықтаңдар.
2. OM, ON, OL сәулелері берілген. Суретте неше бұрыш бар? Әрқайсысын белгілеп жазыңдар.

3. ∠АОВ=42°, ∠BOC=28° және олар тек бір қабырғасына ортақ бұрыштар болсын. АОС бұрышының шамасын табыңдар.
4. 3-ші есептегі ∠AOC=104°, ∠AOB=80° болса, ∠BOC бұрышы неге тең?
ІІ деңгей тапсырмалары
1.∠АОВ=20°; ∠BOC=50° болса, АОС бұрышын табыңдар.Қай сәуле қандай сәулелердің арасында жатыр? ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
2. ∠AOC=60°, ∠BOC=35° болса, АОВ бұрышын есептеңдер. ______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
ІІІ деңгей тапсырмалары
Суретте берілген бұрыштарға қарап, жұлдызшаның орнына > немесе < белгілерінің қайсысын қоюға болады?
1)∠AOB*∠AOC
2)∠AOE*∠AOB
3) ∠BOC*∠BOD?

______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
іV.шығармашылық әрекет Топтық жұмыс.
I топ
а) Жазыңқы бұрыштың жартысы неге тең?ә) ∠В АОВ бұрышы 300 - ға тең, ВОД бұрышын табыңдар. ІІ топ
а) Тік бұрыштың жартысы неге тең?ә) ∠К ЕОК бұрышы 1500-ге тең, КОМ бұрышын табыңдар.______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
V.бағамдау-бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________