Жырт?ыш ??стар. ??старды? арасында жырт?ыштары бар.Олар-?ыран,б?ркіт,кез??йры?,жапала?,?кі ж?не та?ы бас?алары.Жырт?ыш ??старды? ?анаты ?лкен,к?зі ?ыра?ы,т?мсы?ы ?ткір ж?не тырна?ы т?т?ыр болады.Олар алуан т?рлі жануарларды-тыш?ан,?оян,??старды аулайды.Ал


Жыртқыш құстар.
Құстардың арасында жыртқыштары бар.Олар-қыран,бүркіт,кезқұйрық,жапалақ,үкі және тағыбасқалары.Жыртқыш құстардың қанаты үлкен,көзі қырағы,тұмсығы өткір және тырнағы тұтқырболады.Олар алуан түрлі жануарларды-тышқан,қоян,құстарды аулайды.Ал үлкен қырантырнағымен қозыны іліп алып кете алады.
Бүркіт-қасқырды да алатын,өте күшті,ірі денелі жыртқыш құс.Ол таулы жерлердімекендейді.Ұясын ағаштың ұшар басына салады.Өте сақ,адам көзіне сирек шалынады.
Дала қыраны-жазық пен ұсақ шоқыларды мекендейді.Ұясын жерге салады.Негізінен суыр,қоянсияқты кеміргіштермен қоректенеді.Сондай-ақ құстарды бауырымен жорғалаушылардыаулайды,өлімтіктер жейді.
Кезқұйрық-жыртқыш жыл құсы.Орманды жерлерді мекендегенді ұнатады.Орта көлемдіжануарлар,сүтқоректілермен,құстармен,рептилиялармен қоректенеді.Өлі балықтарды жәнеқалдықтарды құмарлана жейді.
Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды.Олар өте саққұлақ,үлкен көздері қараңғыда жақсы көреді.
Орман-тоғай құстарыКейбір құстар ұясын шалғынды жерге салады.Бөдене қалың шөптің арасын шұңқырлап,ұясалады.Бөдене-қырғауыл тұқымдас,қалың шөп арасында жүретін,ақшыл жолақты,кішкенесұр,жыл құсы.
Бозторғай-түсі қоңырала,қанаты ұзын,бауыры ақшыл кішкене торғай.Бозторғайдың шырылыкішкене күміс қоңыраудың сыңғыры сияқты құйқылжып тұрады.
Бұлбұл-орман-тоғайда,нулы жерде,бақта жүретін,дауысы әдемі кішкене әнші құс.Ол ұясын биікбұта басына салады.Ол өзінің тамаша әнімен көңілімізді шаттыққа бөлейді.Олардың қорегі-
өсімдікке зиянды жәндіктер.
Біздің ормандарымызда ала тоқылдақ тіршілік етеді.Ол жазда да,қыста да ағаштың діңінтоқылдатумен болады.Ол ағаш қабығының астынан қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерінбұлжытпай табады.Тоқылдақ ағашқа зиянды жәндіктерді құртады.Оны орман дәрігері деп бекерайтпаған.
Көкек те орман құсы.Көкектің өзі ұя жасамайды,басқа құстардың ұясына жұмыртқалапкетеді.Көкектің балапаны жұмыртқадан бірінші жарып шығады да,бірден басқа жұмыртқалардыңбәрін ұядан шығарып тастайды.Құстар көкектің тастанды балапанын асырайды.Қалайдегенмен,көкек-пайдалы құс.Ол ешбір құс жемейтін түкті жұлдызқұрттарды жейді.
Жыл құстары.
Біздің елімізде құстардың көпшілігі-жыл құстары.Олар біздің жерімізге ұя салып,балапаншығару үшін көктемде ұшып келеді.Алкүзде қайтадан ұшып кетедіЖыл құстарына :ұзақ,аққу,тырна,ләйлек және тағы басқа құстар жатады.
Аққу-мойны ұзын,қаз тұқымдас жыл құсы.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып,қазанайларында ұшып кетеді.Су өсімдігінің жапырағымен,тамырымен,кейде ұсақ жәндіктерменқоректенедіСұлу,достыққа адал құс,махаббаттың символы.
Қарлығаш-жылқұсы.Қарлығаштар өте үшұыр.Басқа құстардан айырмашылығы-жемін ұшыпжүріп аулайды.Олардың әрқайсысы күніне мыңнан астам маса жеп,зор пайда келтіреді.
Тырна-Қазақстан далалары мен шөл далаларында кеңінен тараған жыл құсы.Ірі өзенжағалауларында мекендейді.Негізінен өсімдікпен,жәндіктермен қоректенеді.
Ләйлек-мойны,тұмсығы ұзын сидам сирақты жыл құсы.Ол су жағалауында тіршілікетеді.Балықтармен,Су өсімдігінің жапырақтарымен,жәндіктермен қоректенеді.
Отырықшы құстар.
Сауысқан,қарға,торғай,көкшымшық,көгершін ешқайда ұшып кетпейді.Олар қыс кезіндеадамдардың тұрағына жақын келеді.Өсімдіктердің тұқымын,тамақ қалдықтарын қорек етеді жәнесуыққа төзімді.
Сауысқан-қарға тұқымдасына жататын,қысқа тұмсықты құс.Денесінің көп бөлігі қара,теккеудесі ақ болады.Құрт-құмырсқа,аздап шөп те жейді.
Қарға - сауысқанға ұқсас құс.Денесінің түсі қара.Сауысқан сияқты қоректенеді.
Көгершін-бейбітшілік құсы,адамзатың досы,қысы-жазы бір жерде мекен етеді.Олардән,нан қиқымдарымен қоректенеді.Салмағы 200-250 грамм,12 жыл өмір сүреді.
Торғай-сүйір тұмсықты кішкене құс.Олар ұсақ жәндіктермен,өсімдік дәндерімен,тамаққалдықтарымен қоректенеді.
Отырықшы құстарға адамдар ұя жасап,жемшашарлар құрады.Қыста тоңып,ашығыпқалмауына жағдай жасап,қорғайдыТоптағы балалар бірлесіп отырып оқып, слайд бойынша,мазмұнын түсіндіреді