Планирование на тему ?орша?ан ортаны, таби?атты зерттеу



Қоршаған ортаны, табиғатты зерттеу
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық», «Таным», «Денсаулық»
Білім беру аймағы: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Табиғат әлеміндегі әсем құбылыстарды тани білуге үйрету.
Табиғат құбылыстары туралы білім деңгейін толықтыру, өзіндік түрлі тәжірибелер жасау арқылы баланың табиғатқа деген қызығушылығын дамыту.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, тәжірибелік тапсырмалар, шаттық шеңбері, әңгімелеу, тыныштық сәті.
Көрнекілігі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, тәжірибелік тапсырмалар, шаттық шеңбері, әңгімелеу, тыныштық сәті.
Пән аралық байланыс: Экология, құрастыру, қарапайым математика,
жапсыру
Мотивация-қозғаушы күш
Тәрбиеші іс-әрекеті Бала іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері бойында:
Армысың, қайырымды аспан-ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы Алтын-күнім!
Армысың, бақ-дәулетті жерім менің!
Армысың, асқар тауым, көлім менің!
Армысың, балабақша, дос-жараным!
Балалар, мен сіздерді көргеніме қуаныштымын, сендер бәрің сондай әдемі болып кетіпсіңдер.
Балалар көңіл-күйлерің қалай?
Балалар жылдың қай мезгілі? Қай ай? Аптаның қай күні?
Жыл мезгілдерін электронды оқулықпен көрсету. –Балалар, “Табиғат” деген сөзді қалай түсінесіңдер? Табиғат құбылыстарына не жатады? Табиғат құбылыстарын слайд арқылы көрсету.
Аквариумдағы тірі балықтардың тіршілігімен таныстыру.
Ғажайып сәт:
Кішкентай періште ұшып келеді
Саламатсыңдар ма балалар! Мен кішкентай періштемін. Мені Табиғат ханшайымы жіберді. Мен көктем мезгілін жақсы көремін. Сондықтан мен сендермен бірге көктем мезгілінің табиғатын тамашалайын деп келдім Менің сиқырлы кілемшем бар, ол бізді табиғат аясына апарады. (Кілемше ашылғанда сиқырлы дыбыс естіледі)
-Қане балалар, келіңдер кілемшеге жайғасып, көзімізді жұмайық.
Тыныштық сәті:
Балалар,табиғаттың ғажайып сыйлықтарын көру үшін, бізді әдемі, сиқырлы кілем апарады. Кілем үстінде көзімізді жұмып отырайық. Біз сиқырлы кілеммен ұшып келеміз. Қараңдаршы, жұлдыздардың түстері әр түрлі, жымың қағып біздің келгенімізге қуанып тұрғандай.
Біз көгілдір түске боялған әдемі өзен, көлдер, теңіздер мен мұхиттардан өтіп, әдемі ақша бұлттардан асып, бір ғаламат бейтаныс ғарыштарға барып, өзіміздің жерімізге келдік. Ал, балалар, енді көзімізді ашайық. 1,2,3.....
Балалар көз алдарыңа не елестеді, нені көрдіңдер? Балалардың жауаптарына қарай сұрақтар қойылады.
Ал, балалар енді қайда келдік? Бұл жылдың қай мезгілі? Бұл жерде не көріп тұрсыңдар? Табиғат құбылыстарының қандай екенін және олардың тірі табиғат не өлі табиғатқа жататынын ажырата білу.
Балалар біз табиғатқа саяхаттадық, енді кішкентай періштенің сиқырлы кілемімен қайта балабақшамызға қайтайық.
Балалар шаттық шеңбері арқылы бір-бірімен амандасады.
Шаттық шеңбері бойында:
Армысың, қайырымды аспан-ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы Алтын-күнім!
Армысың, бақ-дәулетті жерім менің!
Армысың, асқар тауым, көлім менің!
Армысың, балабақша, дос-жараным!
- Өте жақсы
- Көктем мезгілі
Мамыр айы
Сейсенбі
Слайдтағы көріністерді балалар атап өтеді.
Аквариумдағы балықтардың тіршілігімен танысады.
-Саламатсың ба, кішкентай періште?
Балалар қуанышты көңіл-күймен, таңданып барлығы сиқырлы кілемшеге жайғасады.
Көздерін жұмып,таңғажайып әлемге енеді.
Балалар көз алдарында не елестеткендерін, не көргендерін өз ойларынша айтып шығады.
-Көктемгі табиғат аясына,
-Көктем мезгілі
-Көкпеңбек табиғат, ағып жатқан бұлақ, жайылып жүрген үй жануарлары жылқы, сиыр,қой,ешкі,аспанда жарқыраған күн, көгілдір бұлттар, қалықтаған құстар......

Барлығы кілемшеге отырып, балабақшаға оралады.
Ізденуші-ұйымдастырушы
Тәрбиеші алдымен балаларға қызыл және көк жолақшалар таратады.
Қызыл жолақшалар өсімдіктер, көк жолақшалар жанауарлар тобы болып екі топқа бөлінеді.
Кішкентай періште: -Балалар, мен сендерге сый жасағым келіп тұр. Өзімнің ғажайып әлемімнен электронды кітапшалар алып келдім. Бұл кітапша арқылы, сендер көп нәрсе үйренесіңдер. Мен де білмегенімді сендерден үйренгім келіп отыр, деп орындыққа жайғасады.Тәрбиеші Кішкентай періштенің электронды тапсырмаларын балаларға көрсетеді.
-Қане балалар, Кішкентай періштеге көмектесеміз бе?
Қане балалар, экранға назар аударамыз. Екі топқа “Жаратылыстану” бағытының” өсімдіктер және жануарлар туралы тапсырмалары беріледі
Дид.ойын: “Дұрысын тап”
Мақсаты: Электронды ойыншықты үш тілде сөйлету арқылы құстарды, жануарларды, табиғат құбылыстарын, өсімдіктерді танып және нақты атын атай білуге үйрету.
Сергіту сәті
Маған ілесіп көріңдерші кәне.
Оң қанатты бір қағып,
сол қанатты бір қағым
Оң қанатты қағамын
Жерден дәнді шоқып-ап,
ұшып-ұшып аламын.
Ал, енді балалар, қазір біз сендермен тәжірибе жүргіземіз.
“Өсімдіктер” тобы тірі табиғатты (гүл, балық)
“Жануарлар” тобы өлі табиғатты (Су қасиеттері, тас, қағаз) зерттейді.
Мақсаты: табиғат құбылыстары жайлы білім деңгейін толықтыру, тәжірибелер жасау арқылы баланың табиғатқа деген қызығушылығын дамыту.
Енді, “Өнер” орталығына келіп
“Өсімдіктер” тобы Алма ағашына алма мен жапырағын жапсырады. Ал,”Жануарлар” тобы түрлі жануарларды геометриялық пішіндер арқылы құрастыру қажет.
Балалар жолақшалар арқылы екі топқа орналасады.
Ия! Кішкентай періште біз саған көмектесеміз!
Балалар экранға назар аударып, мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындайды.
- Балалар электронды ойыншықтармен (ноутбук) дидактикалық ойындар ойнайды. Дидактикалық ойын процесі кезінде балалар нүкте басу арқылы жануарларды, өсімдіктерді танып, атын үш тілде атады.
Сергіту сәті
Балалар тәрбиешімен ілесіп орындайды.
Оң қанатты бір қағып,
сол қанатты бір қағым
Оң қанатты қағамын
Жерден дәнді шоқып-ап,
ұшып-ұшып аламын.
Тірі табиғат пен өлі табиғат туралы білімдерін зерттеу барысында толықтыруда.
Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындады
Рефлексифті-коррекциялаушы
Қимылды ойын: ”Күн шуақ және жаңбыр”
Мақсаты: Жақсы-жаман әдеттер туралы пікір қалыптастыру.
Шарты: Шеңбер бойында балалар күн шуақты болып тұр дегенде-” Алақай” деп орындарынан тұрып қуанады.
Балалар күн бұлттанды “жаңбыр жауып кетті” дегенде орындарына тезірек барып отыра қалады.
Балаларға сұрақ қою арқылы өтілген тақырыпты пысықтау, олардың ой өрісін жетілдіру.
Балалар,кішкентай періште сендерге өз ризашылығын айтқалы отыр.
Мен сендерге риза болып отырмын. Менің тапсырмаларымның барлығын өте жақсы орындадыңдар, сондықтан мен сендерге әкелген сыйлығымды беремін деп,-балаларға түрлі-түсті гүлдер үлестіреді. Менің енді өзімнің еліме қайтатын уақыт келді. Сау болыңдар, балалар, кездескенше.... деп сыйқырлы кілемін алып ұшып кетеді.
Қорытынды: балалар бүгін біз оқу іс-әрекетімізде қандай жұмыс жасадық? Не туралы білдік? Көңіл – күйлерің қалай? Олай болса, бізді осындай көңіл-күйімізді көтеретін тапсырмалар әкелген Кішкентай періштеге рахмет айтайық.
Балаларды мақтау, мадақтау.
Қанекей енді табиғатқа ризашылығымызды сөзбен жеткізейік
Күн! Сәуле шашқаның үшін рахмет!
Таза ауа! Саған рахмет!
Бұл жаңбыр сепкенің үшін рахмет
Табиғат сұлулығың үшін рахмет!
Көңілді ән: “Әр қашан күн сөнбесін”
Үш тілде хор.
Балалар ойынды жақсы көңіл – күймен ойнады. Ойын балаларға өте қатты ұнады.
Рахмет, саған Кішкентай періште!
Бізге келіп тұр, сені тағы да күтеміз!
Күн! Сәуле шашқаның үшін рахмет!
Таза ауа! Саған рахмет!
Бұл жаңбыр сепкенің үшін рахмет
Табиғат сұлулығың үшін рахмет!
Көңілді ән: “Әр қашан күн сөнбесін”
Үш тілде орындайды.