Д?ние ж?зіндегі физикалы? факторлар н?тижесінде ?орша?ан ортаны? ластануы


Дүние жүзіндегі физикалық факторлар нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы
Бақберген А.М
Ш.Айманов атындағы Баянауыл жалпы орта блім беру мектеп-интернатының
9 сынып оқушысы
Кадиров К.К
Ш.Айманов атындағы Баянауыл жалпы орта блім беру мектеп-интернатының
Физика пәні мұғалімі
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрес. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нəтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен əсер етеді.
Атмосфералық ауа — түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегі, 0,93% аргон, 0,03% көмірқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесіне тиеді. Жер бетінде оттексіз тіршілік жоқ. Ол жасыл өсімдіктердің тіршілік əрекеттері нəтижесінде түзіледі. Өсімдіктер су мен көмірқышқылынан фотосинтез процесі кезінде оттекті бөледі. Ал басқа барлық тірі организмдер оттекті тек пайдаланушылар болып есептеледі. Көмірқышқыл газы атмосфераға тірі организмдердің тыныс алуы, отын түрлерінің жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шіруі кезінде бөлінеді. Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюі адам мен жануарлар организміне зиянды əсер етеді.
Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендік) жолмен ластанады. 
Табиғи ластану.
Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нəтижесінде түзіледі.
Шаңның үш түрі болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар — бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсімдіктердің тозаңдары, т.б. түрінде жəне өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде болады. Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі.
Атмосфералық шаң Жер бетінде жүретін кейбір процестер үшін белгілі роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшін, олай болса жауын-шашынның түзілуіне əсер етеді. Бұнымен қатар күн радияциясын сіңіріп тірі организмдерді күннің зиянды сəулелерінен қорғайды.
Жер бетіндегі заттардың биологиялық ыдырауы, оның ішіндегі топырақ бактерияларының тіршілігі күкіртсутек, аммиак, көмірсутектер, азот, көміртек оксидтерінің орасан зор мөлшерінің түзілуіне əкеліп соғады.
Жасанды ластану.
Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, əсіресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады. Есептеулер бойынша, (слайд) автомобильдерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы — 9%, көміртек оксиді -4%, көмірсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0,004, азот оксидтері — 0,06%, күкірт оксидтері — 0,006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенін анықтады. Атмосфераға транспорттардан бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған.
Қазіргі кезде бүкіл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүріп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемі 2,5 млн автомобиль, Парижде — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Яғни физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды.
Келесі ластаушыларымыз – жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмір жағып, атмосфераға шамамен 5т күкіртті ангидрид жəне 16-17 т күл бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен əсер ететін жағылатын отынның сапасы, жағу əдістері, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін трубалардың биіктігі. ЖЭС газға көшіру зиянды қалдықтар мөлшерін біршама азайтады. Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледі. Есептеулер бойынша, реактивті самолеттер ұшу кезінде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көміртек оксиді, 1,7 кг көмірсутектер, 4,3 кг азот оксидтері, 6,3 кг/м3 қатты бөлшектер бөледі екен.
Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетін бір реактивті самолет, 8 сағат ұшу кезінде осы уақытта 25000га жердің орманы бөлетін оттекті жұмсайды екен. Атмосфераның антропогенді ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсіптері, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүреді. Бұлардың əрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлі қоспаларды атмосфераға бөліп шығарады. Ауа кеңістігін ластайтын қосылыстар көміртек оксидтері, күкірт пен азот қосылыстары, көмірсутектер мен өндірістік шаң тозаң. 1 жыл ішінде атмосфераға 200 млн тонна көміртек оксиді (СО), 20 млрд тонна көмірқышқыл газы, 150 млн тонна күкірт оксиді, 53 млн тонна азот оксидтері , 50 млн тонна түрлі көмірсутектер бөлінеді.
Биосфераның ауыр металдармен ластануы — ғылыми техникалық прогресстің аса маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Кейбір есептеулер бойынша бүкіл адамзат қоғамы кезеңінде 20 млрд тонна темір өндірілген болса, оның түрлі техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшері 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темір қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндірілген сынап пен қорғасынның 80-90% биосфераға таралған. Көмір жанған кезде күл жəне түрлі газдармен бірге қоршаған ортаға таралатын кейбір элементтердің мөлшері олардың өндірілген мөлшерінен де асып түседі.
Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды əсерін тигізеді. Көмірқышқыл газы инфрақызыл сəулені — жылу сəулесін сіңіреді, оның мөлшері белгілі бір концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына əкеліп соғуы мүмкін. Атмосферадағы озонның мөлшері (көлем бойынша) 20%, бірақ ол Жер бетін күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтік қасиеті бар.
Атмосфераның күкіртті қосылыстармен ластануы қазіргі таңдағы аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Қышқыл жаңбырлар ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуін тежейді. Атмосфераға бөлінген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылып, су мен топырақта көп мөлшерде жинақталып тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлімге ұшырайды.
Атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы Электромагнитті өрістер
Қазірде электромагнитті өрістердегі ионданбайтын сәуле шығарулар адамзаттың қоршаған экологиясында өте көкейкесті сұрақтардың біріне айналды, әсіресе бұл жерде қазіргі тұрмыстық техника, ұялы телефондар, плеер, компьютер сияқты құралдардың әлсіз және аса әлсіз электромагниттік өрістерді шығаратындығын ескеру қажет.
Қазіргі қолданыста жүрген тұрмыстық техниканың шығаратын әлсіз ЭМ тербелістерінің қоршаған ортаға, сау адамға, оның организміне ұзақ әсерін анықтаудың сенімді құралдары жоққа тән.
ТД және радиохабар.
Радиотолқындар басқа электромагниттік өріс толқындарымен салыстырғанда аса жоғары қуатты, ұзақ уақыт бойы үздіксіз ағымда жұмыс істеу үшін арналған. Радио және телестанцияның негізгі міндеті қоршаған кеңістікке ЭМ өріс толқындарын тиімді шығару болып табылады, сондықтан да оны қоршаған ортаға және адамдарға қолайсыз әсер етуші бастапқы фактор ретінде қарау керек. Мұндай ЭМ өріс шығарған толқындар адамдардың басым көпшілігіне әсер етеді.
Санитарлық талаптарға сай, адамдар тұратын ғимараттарда, емдік, мәдени, бала оқытатын мектептер және орта білім беру оқу орындарында ЭМ өріс әсерін ұзақ уақыт пайдалануға рұқсат етілмейді.
Ұялы байланыс.
Ұялы байланыс құралдарының қазіргі адамдардың күнделікті өміріне жаппай енгізілуі оның зиянды әсерін ескеру қажеттілігінен туындаған басты мәселе болып тұр.
Негізінен ұялы телефондардың шығаратын әлсіз ЭМ өрістерінің адам организміне зияны бар екендігі кеңінен талқылануда.
Энергетика және электрлік көлік.
Электрлік көлік бүгінде өмірдің ажырамас бөлігіне айналды, дегенмен оның адам денсаулығына әсеріне басты назар аударылмайды. Көп жағдайларда, жолаушылар электрлік көліктің электромагниттік қауіпсіздігінің дәрежесі жайлы ойланбайды.
Зерттеулері нәтижесінде электрлік көліктің әсері оны пайдалану жағдайында мүмкіндігінше өзгеретіндігі анықталған. Яғни көліктің жылдамдық алуы мен тоқтауының 0,01 – 50Гц аралықтарында қозғалыс кезіндегі магниттік индукциясының мәні төмендегідей өзгереді: троллейбустардың жүргізушілерінің кабиналарында – 49 – 325 мкТл, трамвайлардың жүргізушілерінің кабиналарындағы – 160 – 220 мкТл, жолаушылар салондарда - 265 мкТл-ға дейін, қаладан тыс электрлік көліктерде – 75 – 85 мкТл-ға дейін.
Компьютер және кеңсе техникасы.
Адам ағзасына зиянды әсері жағынан дербес компьютерлер ұялы байланыстың сенімді бақталастары болып табылады. Зерттеулер, ДК-мен жұмыстың 45 минутынан кейін қолданушылар организмінде маңызды шамадан тыс жүктеулер айқындалатындығын көрсетеді.
Қазіргі заманда кеңсе үшін маңызды техникалық құралдар компьютер, телефон, ксерокс – адам ағзасына өте қауіпті. Компьютердің жүйелік блогы мен мониторынан шығарылатын электромагнитті сәулеленулер компьютердің айналасына толық таратылады, қауіпті электромагниттік өріс аймағы 2,5 м-ге дейін жетуі мүмкін.
Тұрмыстық техника.
Қазіргі тұрмыстық техника бүгінгі күнде адам үшін электромагниттік сәуле шығару көзі болып қалуда. Электр тогымен коректенетін барлық тұрмыстық техника электромагниттік өріс көздері болып табылады. Ең қуаттысы – ультратолқынды пештер, аэрогриль, электрлік плиткалар. Ультратолқынды пештерден (УТП) басқа барлық тұрмыстық техника жиілігі 50Гц электромагниттік толқындарды пайдаланады. УТП-терде жұмысшы жиілігі 24ГГЦ-ті құрайтын өрістік арнайы ультратолқынды өріс генераторлары қолданылады.
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін əрқашан зиян. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне əкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесінде адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады. Бірқатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нəтижесінде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз болып, организмге бірден əсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмнің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға қарсы тұра алу қабілетін төмендетеді.
Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерінен шыққан газдар, түтін, ірі қалалардың үстінде пайда болатын түрлі шаңдар Күн сəулесінің Жердің бетіне түгел түсуіне кедергі келтіреді. Ультракүлгін сəулелерінің жетіспеушілігі балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызады.
Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы жəне мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабілеті төмендейді. Бірқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкіртті газ, мышьяк, сурьманың əсерінен улану оқиғалары көп кездеседі.
Өсімдіктер үшін əсіресе улы болып саналатыны күкірттің, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Олар ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтіреді.
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдарыАтмосфералық ауаның ластануымен күресу мəселесі күрделі, жан-жақты жəне үлкен материалдық шығындар мен күшті қажет етеді. Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі заманғы даму деңгейі адам организмі мен қоршаған ортаға зиянды əсер ететін заттардың түзілуін жəне бөлінуін азайтып, ластанудың алдын-алудың іс-шараларын жасауға мүмкіндік береді.
Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін іс-шараларды төмендегідей 3 топқа бөлуге болады:
1. Зиянды қосылыстар түзілетін технологиялық процестерді жақсарту жəне мүмкіндігінше зиянды заттар аз бөлінетін жаңа технологияларды өндіріске енгізу.
2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту жəне ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуін азайту немесе мүлде болдырмау.
3. Зиянды қосылыстарды бөлетін объектілерді тиімді орналастыру жəне жасыл өсімдіктерді көптеп отырғызу, егу.
Сөз соңында айтарым, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсек, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Безуглая Э.Ю., Расторгуева Г.М., Смирнова И.П. Чем дышит промышленный город.— Д., 1991.
2. Данилов А.Д., Королев И.Л. Атмосферный озон — сенсации и реальность. — Л., 1991.
3. Банников А.Г., Рустамов А.К., Вакулин А.А. Охрана природы.— М., 1985.
4. Саданов А.Қ., Əбжəлелов А.Б., Асқарова Ұ.Б. Экология.— Алматы, 2001.
5. Новиков Г.Л. Основы общей экологии и охраны природы — М., 1979 г.
6. Фурсов В.И. Охрана природы в сельском хозяйстве.— Алматы, 1987 г.
7. Канаев А.Т., Сагындыкова С.З. Экология окружающей среды Казахстана. Алматы, 2002 г.
8. Ревель П., Ревель Ч. Среда нашего обитания.— М., 1994.