конспект урока по истории Т?уелсіз елді? білімді ?рпа?тары
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары».Типі: тарихи – танымдық ойын. Мақсаты:Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан ҚР - сы туралы алған білімдері бойынша қайта - лау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру.Әдісі: дәстүрлі емес.Қатысушы: 5-6-7-8 «А» сынып оқушыларынан құрама «Бәйтерек» және «Дарын» топтары.
Жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі. А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыруІ кезең: « Қанат қақты ». Топ басшыларының сайысы. Сұраққа жауап беру. ІІ кезең: « Әріптер сөйлейді ».ІІІ кезең: « Көкпар ». ІҮ кезең: «Отаным алтын бесігім». Карточкамен жұмыс.Ү кезең: «Сөзжұмбақ шешу»
ҮІ кезең: «Финал. Тарихи терминдер».ІІ. Жүргізуші сөзі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру.ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.ІҮ. Ойынды бастау.Ү. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру.ҮІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
ІІ. Жүргізуші сөзі: - Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.
« Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбы аясында өтетін тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.Сан ғасырлар тарихынан кешегі, туған жердің шежіресі өседі. Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – екі топтың ойыншыларымен таныстырайық:І топ – «Бәйтерек» тобы. Топ басшысы – Алиасқар Таңсұлу.ІІ топ –« Дарын» тобы. Топ басшысы – Көбекова Әсел.
ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру- Қара қылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.1.2. 3.
ІҮ. Ойынды бастау- Ал, іске сәт,- дей отырып, ойынымызды бастаймыз.І кезең – «Қанат қақты» деп аталады. Топ басшылары сайысы.І топ басшысына сұрақтар:1. Ең қадірлі адам (Ана)2. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары (1873 - 1938)3. А. Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим)4. «Қазақ» апталық газетінің редакторын ата. (А. Байтұрсынов).5. Тұңғыш президентіміз. (Н. Ә. Назарбаев).6. Бүркітті баптайтын адам. (Бүркітші, құсбегі)7. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр)8. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)9. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді?. (Алланың жердегі өкілі)10. ҚР - сы БҰҰ - ға қашан мүше болды?. (1992 - ші жылы)11. Мұсылманның қасиетті айы, күні, түні. (Рамазан, Жұма, Қыдыр)12. 37 санының жартысы. (18, 5)13. Қостанай облысында қанша аудан бар? (16)14. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)15. Парламенттің Жоғарғы палатасы (Сенат)16. Үйдегі ең қасиетті нәрсе не болды? (Ошақ)17. Қызылорданың бұрынғы атын ата (Ақмешіт, Перовск)18. Қазақ хандығын құрған кім? (Керей, Жәнібек)19. «Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)20. Ұлы жұт жылдарын ата (1931 - 33 жылдар)ІІ - топ басшысына берілетін сұрақтар:1. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)2. Төл тенгеміз қашан айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)3. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтің туған жері (Алматы обл. Қарасай батыр \ ауд. Шамалған ауылы)4. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)6. Парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс)7. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. маусым)8. Қазақ хандығының ХУШ ғ. астанасы (Түркістан)9. Қостанай облысның әкімі кім? (Садуақасов Нұралы Мұстафинұлы )10. А. Байтұрсынов кім? (Ағартушы, т. б.)11. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? (Түркістан)12. ҚР - да қанша облыс бар? (14)13. ҚР - ның рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)14. ҚР - ның әнұраны авторларын ата. (Ш. Қалдаяқов, Нәжімеденов, Назарбаев)15. Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ)16. Парламент деген не, неше палатадан тұрады? (Заң шығарушы орган, 2 палата)
17. Алматы қаласы бұрын қалай аталған? (Верный)18. 21 санының жартысы қандай? (10, 5)19. Жоңғар мемлекетінің билеушісі (қонтайшы)20. «Алжир» терминінің мағынасын түсіндір. (Акм. лагерь жен изм - в Родины)
Екінші бөлім «Әріптер сөйлейді» (әріптер көрсетілген, осы әріптерді тандағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады, әр бұрыс жауап 10 ұпай)
Ә - Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)
Б - Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
Г - Тарихтың атасы? (Герадот)
О - Қазақстанның 1920 -25жылдары бұрынғы астанасы? (Орынбор)
П - Жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент)
К - Қазақтың соңғы ханы? (Кеңесары)
Э - Халықтардың әдет-ғұрып,салт-дәстүрін зерттейтін ғылым? (Этнография)
І - «Көшпенділер» трилогиясының авторы? (Ілияс Есенберлин)
Үшінші бөлім «Көкпар» (сандар берілген, сол сандардың астарында сұрақтар берілген)
10/1
10/2
10/3
20/1
20/2
20/3
30/1
30/2
30/3
10/1- Әйгілі сақ патшайымы Томиристің ұлының есімі? (Спаргапис)
10/2- Тасқа жазылған сурет қалай аталады? (Пиктография)
10/3- Қазақ хандығының іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары? (Керей мен Жәнібек)
20/1- Шыңғыс ханның шын есімі? (Тимучин)
20/2- Тарихтың қайнар көзі неде? (Деректер)
20/3- Жер-су аттарының шығуын, дамуын, жазылуын зерттейтің ғылым? (Топономика)
30/1- 1783-1797 жж. Кіші жүз көтерілісін кім басқарған? (С.Датұлы)
30/2- Түркияның тұнғыш президенті? (Мұстафа Кемал)
30/3- Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған мемлекет? (Түркия)
Төртінші бөлім «Отаным – алтын бесігім»
1карточка
Қазақстанның қазіргі премьер-министірі? (Кәрім Мәсімов)
1989 жылы 22 қыркүйекте қандай заң қабылданды? (тіл туралы Заң)
1991 жыл 1 желтоқсан... (Қазақ КСР-нің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы сайлады)
Биыл тәуелсіздікке қанша жыл? (24жыл)
2карточка
1991 жыл 16 желтоқсан... (ҚР-ның Тәуелсіздігі жарияланды)
1995 жыл 30 тамыз... (ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды)
1995 жыл 6 мамыр... (Астана күні)
1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы (Қызылорда)
Бесінші бөлім: «Сөзжұмбақ шешу»
Алтыншы бөлім: «Финал. Тарихи терминдер»
1. Нумизматика нені қандай ғылым? / тиындар, құйма ақшалар .тиындар ақша айналымын зерттейді./
2. Геральдика ұғымы : / елтаңбатану ғылымы, елтаңбаларды арнай деректеме ретінде зерттейтін ғылым/
3.Антропология қандай ғылым: / адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін ,сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы /
4. Иероглиф- жазудың бір түрі . оның таңбалары ретінде заттың , өсімдіктің, жануарлардың ,құстың суреті қолданылған.
5.Этнография- / халықтардың шығу тегін,рулық-тайпалық және әлеуметтің құрамын, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын ерекшелігін зерттейтін ғылым/
6. Топономика-/ жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым саласы. /
7.Этнос-белгілі бір аумақта тұратын, тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт.
8.Теология-дін ілімін зерттейтін ғылым.
9.Археология-заттай дерек бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
Сайыста жеңіс те бар,жеңіліс бар,
Қуанып шаттаныр,күлу де бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділқазылар тағы да бар – дей келе, сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. (марапаттау)
Қорытынды:
Туған жерді сүю-парыз,
Сүю ушін білу -парыз.
Қасиетін ұғу-парыз,
Күзетінде тұру-парыз.
Пайдамыз тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Бүгінгі «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты сыныптан тыс ашық сабағымыз осымен өз мәресіне жетті. Назарларынызға көп рахмет!