Разработка по внеклассному работу по тему Т?уелсіз елді? білімді ?рпа?тары 8-класс
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»!
Сыныбы: 8 «Ә»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»! Тәрбие сағатының мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағатының әдісі: Әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ-жауап.
Пайдаланылған материалдар: сюжетті суреттер, сұрақтар.
Сабақ барысы: Оқушыларға «Тәуелсіздік жолы» тарихи сұрақтар қойылады.
1.Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды, оларды ата?
1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
2. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қашан қабылданды?
1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
3. Әнұранның авторлары кімдер?
Жұмекен Нәжімеденов 1935-1983жж.
Шәмші Қалдаяқов 1930-1992 жж.
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті?
Н.Ә. Назарбаев
5.Астана қаласының символы?
Бәйтерек-Астана қаласының символы.
6.Елбасымыздың мамандығы қандай?
Елбасымыздың мамандығы –инженер-металлург.
7.Желтоқсан құрбандарын ата?
Ләззат Асанаова, Қайрат Рысқұлбеков және т.б.
8. Мемелекеттік рәміздер күні қашан аталып өтеді?
4-маусым
9. Еліміздің оңтүстік астанасы?
Алматы қаласы
10. «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда - бар халықтың басын біріктірер киелішаңырағымыз.Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.Лайым бетімізден жарылқасын!Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздыңаруағы желеп-жебеп жүре берсін!»деген сөздің авторы кім ?
Нұрсұлтан Назарбаев
11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы кім?
Шәкен Ниязбеков
12. Бұл ғимараттың қалай аталады? (Презентациядан сурет көрсетіледі)
13. Бұл мұрағат еліміздің қай қаласында орналасқан?
Астана қаласында
14. Қазақстан Республикасының қай жылы қабылданды?
1995 жыл 30 тамызда қабылданды
15. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне неше жыл толды?
24 жыл
16. 2011 жылы Қазақстан Республикасында нешінші Азиада ойындары өтті?
7 Азиада ойындары
17. АСТАНА Қаласындағы мешіт қалай аталады?
“НҰР АСТАНА” МЕШІТІ
18. Өз ойыңмен өлең жолдарын құрастыр АСТАНА-.......
Ән: «Көк тудың желбірегені» Хор.
Қош сау болыңыздыр!
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
№1 Т. Әлиев атындағы орта мектеп
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»!
Сынып жетекшісі: Жарылкасынова Н.
Жаңаөзен қаласы