Есі?е мені ал?айсы?! М??а?али Ма?атаев кеші презентация
Абай үніне үн қосып, Абай өнегесін үлгі тұту өз жанының аңсары, қалауы екенін білдіреді.... Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын.Жаралы жүректерді емдеу үшін.Немесе:Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.Абай болып табынсам бір кісіге,Абай болып түңілем бір кісіден...-Деген жыр жолдарынан, Мұқағалидың өзі “Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін” жанынСалған ақын бейнесі танылады. Мұқағали Мақатаев М. Мақатаев 1931 жылы ақпан айының 9 жұлдызында Алматы облысының (қазіргі ) Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағали мектеп қабырғасында оқып жүргенде өлең жаза бастаған. Ол 10-ыншы сыныпты интернатта бітірген. ҚазМУ-ң филология факультетін бітірген. Университетте оқып жүргенде қызыл отау меңгерушісі, комсомол жетекшісі болды.М.Мақатаевтың ең бірінші жазған өлеңі “Қойшы бала Әкітай”. Бұл өлеңде ақынның өз өмірі суреттеледі. Ақынның тірісінде үш аудармасы жарыққа шықты. Оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы берілді, сондай-ақ “Ғасыр ақыны” атағы да берілген.М.Мақатаев поэзия жанрында ғана емес проза,драма саласында да қалам тартты. Ақынның 8 жыр жинағы жарық көрген. Поэмалары: “Райымбек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қайырлы түн”, “Арман”, “Досыма хат”.Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне Қазақстан композиторлары Нұрғиса Тілендиев, Алтынбек Қоразбаев және тағы басқа сазгерлер ән жазған.М.Мақатаев 1976 жылы дүниеден өтті, бірақ та ол өзінің артында көп мұра қалдырды, оның атында Алматы қаласында мектеп , көше және мұражай ашылған. М.Мақатаевтың туған жылы, туған жері.М.Мақатаев алғашқы өлеңдерін қашан жаза бастады?Университеттегі оның қоғамдық қызметі.М.Мақатаевтың поэмалары.М.Мақатаевтың еңбегінің бағалануы.Оның өлеңдеріне музыка жазған қазақ композиторлары. Ал менің есіме Мұқағали Мақатаевтың тағы бір өлең жолдары келіп тұр, «Қазақстан» деген өлеңінен үзінді: Жақсы аттанды демессің,сүйем десем,Табынатын Тәңірім,Ием де – сен.Адам болып күн кешу қиын маған,Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.Сен менің сүйегім мен қанымдасың,Жанымдасың,ұятым, арымдасың.Саған деген махаббат дамылдасын,Тек сенің топырағыңды жамылғасын. Мұқағали өз елінің, жерінің адал азаматы болғандықтан, осындай жолдар жазды. Ал сендер Қазақстанның болашағы, үмітісіңдер. Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали туралы өз ойларыңды қалай білдіре аласыңдар? - деген сұрақпен сабақты қорытындылап , үй тапсырмасын айтып кетейін: І. Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылығы бойынша презентация дайындау.Осы өлең жолдарын жұмыстың эпиграфы ретінде қолдану қажет. Тыңдағандарыңызға көп рақмет!Сау болыңыздар!