Сыныптан тыс ж?мыс Бейнелеу ?нері жарысы (4-сынып)
Бейнелеу өнері жарысы
Сабақтың тақырыбы: «Бейнелеу өнері алаңы» атты жарыс
Сабақтың мақсаты: жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру,оқушыларды бейнелеу
өнеріне баулу,өнердің қыр-сырын ұғындыру,тілін дамыту.
Көрнелік: «Өсер халықтың қанаты – оның өнері», «Өнер- өлмес мұра», «Өнерлі елден өнерлі ұл-қыз шығар»
Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар.Бүгін сіздер бейнелеу өнері жарысына қатысып отырсыздар.Қазір оқушылардың бейнелеу өнері бойынша қандай білім
меңгергенін көресіздер.
Ау,халайық,халайық,
Бәріңе жар салайық
Сәлем жолдап баршаңызға
Суретшілер.
Кеп тұр бугін ортаңызға
«Сурет сабағы»
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын.
Туып-өскен даланы,
Қызыл бояу қызғалдақ,
Сары бояу сарғалдақ,
Жасыл бояу жайлауым.
Іздеп барар армандап.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
1-бөлім. «Адамның бейнесі»
Оқушының біреуі басын,біреуі аяғын,біреуі денесін бояйды.Салғанын әңгімелеп береді.
Көрермендерге сұрақ:
Қазақстан суретшілерінен кімдерді білесіңдер.
Қазақстан шыққан тұңғыш ағартушы,ғалым,суретші кім.
Бар қазаққа аты аңыз,
Қастеев біздің атамыз.
Көріп салған суретін.
Мәз мәйрам боп жатамыз.
2- бөлім. «Сәйкес пе ...»
Бір бала шығып,көріп тұрған затты ымдап түсіндіреді.Екінші оқушы соны суретке салады.Сәйкес пе...
Көрермендермен ойын.Кім тез жаттайды...
Мынау қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын,
Мынауым-көк қарындаш
Мұнымен суды бояймын.
3-бөлім. «Топ басшысының өнері»
Топ басшыға сурет көрсетіп,көзін байлап,қағазға салғызу, 2 көмекші тағайындау.
4-бөлім. «Менің досымның бейнесі»
Мен досыма қарап алдым.
Қолға қағаз қалам алдым.
Дөңгелетіп басын салдым,
2 сызып шашын салдым.
Ұқсатқан жөн түрін енді,
Міне мынау мұрын енді.
Салынды езу,құлағы да,
Күлімсіреп шыға келді,
Ең соңынан көзін салдым,
Айнымаған өзін салдым.
5- бөлім. «Бейнені ұқсаттырып бояу»
Сол оқушы дәл суреттегідей бетін бояумен бояу.Ұқсай ма...
Көрермендермен ойын.-
* Жаңылмай айт*
Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұста,үшкірлеп ұштап,сақтап ұста.
6-бөлім.Сиамдық егіздер
Екі оқушыны қосып,қолын,аяғын байлап,біреуі көбелектің оң жағын екіншісі сол жағын салып,әңгімелеп береді.
Өнерлі елден өнерлі ұл-қыз шығады дегендей,біздің оқушыларымыз да өнерлі екен.
Бойларында от бар екен,байқадым.
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым
Әрқашанда осы өнерді өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.