Математика ?леміне 6-сынып о?ушыларына арнал?ан сыныптан тыс ж?мыс


Қ. Билялов атындағы гимназия

6 «а» сынып.
Өткізген: математика пәні мүғалімі
Бекбосынова А.Р
2014 – 2015 оқу жылы
Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығынарттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін 
дамыту.
2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене 
 білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,
күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
 
Ойын түрінде өткізілетін сыныптанм тыс жұмысқа  6«а» сынып оқушылары 3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.
Ойын алаңы: магнит тақтада  1-ден  10-ға деінгі сандар, 4 конверт жасыл, сары, қызыл, көк
Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.
 
1. Қызыл конверт- «Логика».
2. «Өрмекші торы».
3. Жасыл конверт- «Математика».
4. Лотерея билеті./Адасқан әріптер/
5. « От ».
6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».
7. «Алтын сандық ».
8. « Қамал» /Ребустар/.
9. Сары конверт- « Есіңе сақта».
10. «Қара мысық».
 
Ойын шарты:
«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 5 ұпайы күйіп кетеді.
«Лотерея билеті»- керісінше 5 ұпай сыйлыққа беріледі.
«Қамалға» келсеңіз , ребустар шешеміз.
«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.
«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз.
Ойын барысы:
Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады, « К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда
бірінші бастайды.
 
 «Логика». І-ж.
Ал қанеки балаларҚұлақ салшы  сөзімеСұрақ берсем берейінЛогикадан өзіңе 
«Өрмекші торы». ІІ-ж.
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес-ау көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесеңөте алмайсығ бөгеттен(әділқазылар сұрагы)
 
«Қамал». І-ж.
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың 
Ребустар шешу.
 
«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары  (әр дұрыс жауап – 10ұпай).
1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)
3. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)
4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)
5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 2 1 )
6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?  ( 180°)
8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)
9. «Координаталар» сөзі нені білдіреді?  (реттелген)
10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме?  ( 201 см)
12.   -18 қосу  11 ?   (-7 )
13. 5 санына кері сан?  ( )14. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( 5 түрі. Кесінді, интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле).
«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары   (20 ұпай).
1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше 
үйрек ұшып барады? (3).
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш 
      қалады? (5)
3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  (50)
4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездыңсоңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?  (13)
5. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады?   ( (9•9) : 9 + 9 : 9)
6. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
7.  Сан тізбегін жалғастыр :    9, 1, 7, 1, 5, 1,..........  (3, 1)
                                               3, 7, 11, 15, 19..........( 21 ).
 
Сары конверт.
Есіңе сақта. /әр сөз 1 ұпайдан/
 
« Жеті жұмбақ» - сары конверт .    (20 ұпай)
1. Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кеде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз.  (цифрлар)
2. Бөлмеде  2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?  (20)
3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге  1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)
4. Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкіБәрі нешеу кім білді?
5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың қаншасы қалды?  (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)
6. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
7. Түйе, бота маң басқан, 
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қойБәрін бірге санап қой. (15)
Лоторея билеті
Адасқан әріптер. Қандай сөздер:
Нарадс, тазауй, киреш, ретм        (сандар, азайту, ширек, метр)
 
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшыңҚиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс нәтижесін әділқазылар хабарлайды)
.