Мультимедиялы? жоба Егерде мен ?аза?стан Республикасыны? Президенті болсам….


Мультимедиялық жобаның тақырыбы:«Егер мен президент болсам».Аты-жөні: Лунара Аманғалиева ТілекқалиқызыСынып: 11 сынып оқушысыБілім беретін ұйым: Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі Алға қойған мақсатым: Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізді білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Дамыған мемлекетімізді одан әрі дамыту. Қоғамдық және саяси өмірі жақсарту , елімізді жоғары деңгейге көтеру, ой-өрісімізді қалыптастыруға атсалысар едім.Мультимедиялық жобаның Тақырыбы:«Егер мен президент болсам». ТілҰлттық қазынамызНамысымызӘдебиетНамысымызБайлығымызДостық көпіріМәдениетАрымызХалықтың күре тамырыҚарым-қатынас құралы Егер мен президент болсам біздің еліміздің азаматтары мен азаматшалары тек қана қазақ тілінде сөйлейтін болады.Ең бірінші мақсатым Менің болашақта іске асыратын жоспарымЕң алдымен азық-түлік проблемасын шешер едім. Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жағдайы адамзат өміріне қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі ушығып отыр. Ол үшін азық-түлік өнімдерін сырттан алмай өз ішімізде тамақ өнімдерін өндіріп, белгілі бір тамақ өнер кәсіпорындарын салып, жоғары технологиямен жабдықтар едім. Тағы да мәселелердің бірі жұмыссыздықты жою. Елбасымыздың шешімі бойынша <Жұмыспен қамту 2020 стратъегиясы > бойынша жастарды жұмыспен қамтып, <дипломмен ауылға> программасы бойынша жастарды ауылға еңбек етуге жіберіп, халықты ауылдық жерге шоғырландырып, олардың тұрмыстық жағдайын қатаң бақылауға аламын. Ерлердің зейнет демалысына шығу жасын 60-қа дейін төмендетіп, ал әйелдерге 55 жастан зейнетақы тағайындау. Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер үшін ең төмеңгі еңбекақы мөлшерін 170 мың тенге етіп белгілеу. Келесі мәселе білім жүйесін дамыту. Елімізде мектептердің саны көп. Бірақ білім беру деңгейі жағынан төмен. Бұл мәселені жан-жақты талқылап, 5 сыныптан бастап арнайы топтарға бөліп, маңызды емес сабақтарды программадан алып тастар едім, еліміздегі мектептерде оқушыларға оқулық жетіспейді. Сол себепті мемлекетімізде оқулықтарды көбірек шығаруымыз керек. Сондай-ақ ҰБТ-ны алып тастап, оның орнына мемлекеттік емтихан жүргіземін. Грант көп бөліп, жастардың шетелдерде тегін білім алуға атсалысамын. Қазақстан - шикізат көзі. Қазақстан пайдалы қазбаларға бай.Қазақстан үшін ең маңызды шикізат көзі - мұнай. Мұнайсыз өмірді елестету мүмкін емес. Қазақстан мұнайды алыс - жақын шетелдерге экспорттайды. Елімізде 3 мұнай өңдейтін зауыт бар. Ендігі мақсат мұнай өңдейтін зауыттар салу керек. Бұл жоғары технология мен ғылыми техниканы қамтамасыз етеді. Ғылыми прогреске сүйене отырып, мұнайды өндірген кезде қалған қалдықтарды ұшақтарға жанармай ретінде қолдану үшін жаңа технологияларды иегеру қажет. Осы саланы басты назарға алып жұмыстанамын. Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі.Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез - келген басқа түріне оңай айналдыруға және алыс қашықтықта жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз энергияны күн және судан аламыз. Және де біз электр энергиясын көршілес мемлекеттерден алып отырмыз. Сол себепті электр энергиясын өз елімізде өндіру үшін электр стансаларын саламын Және электр көзін үнемдеу үшін құрылғы ойлап табу үшін ғалымдардың басын біріктіремін. Менің мақсатым - Қазақстанның дамығаны. Егерде мен ҚР президенті болсам басқа елдер мемлекетіміздің адемілігіне тамсана қарайтын болады. Сондықтанда әдемі, әлемде болмаған ғимараттар саламын. Мен ауыл шаруашылығын жақсартып, көптеген ауылдардағы ескі тозығы жеткен ғимараттардың орнына халық игілігіне жарайтын, еліміздің дамуына үлесін қосатын ауқымы кең, пайдалы зауыттар мен фабрикаларды, шеберханалар мен ауруханаларды және халық сұраныстары бойынша қолдау тауып отырған ғимараттар салып, Қазақстандағы барлық жол тораптарын күрделі жөндеуден өткізіп, жол-көлік апаттарын болдырмау үшін жер асты жолдарын салуды қолға алар едім. Жастардың дұрыс қалыптасуына ықпал етер едім, өйткені елдің болашағы жастар. Сапалы да саналы жас жеткіншектерден үлкен тұлға қалыптастыруға көп көңіл берер ем. Неге? Өйткені қазір біз тек қана бүгін бармыз. ал жастар келер ұрпақ олар біздің ізімізді жалғастырушы. Ата - бабамыздан қалған үлкен асыл байлығымыз Тәуелсіздігімізді сақтау үшін бізге мықты сапалы сауатты адамдар керек. Ал қазіргі кезде білім алу өте қиын.Сол үшін осыған көбірек көңіл бөлер едім... Назарларыңызға рахмет!