Методическую разработку. План урока по казахскому языку Ж?бан Молда?алиев «Ар – ?ят туралы» (5 клаас)
Пән: Қазақ әдебиеті Күні: 13 наурыз
Сынып: 5 «а»,
(10-11 жастар) Барлық оқушылар:
Қатысқаны:
Тақырыбы Жұбан Молдағалиев «Ар – ұят туралы» өлеңі
Сілтеме Бағдарлама, күнтізбелік жоспар, 5 сынып қазақ әдебиет
Жалпы мақсаты
Ақын жайлы мәліметті меңгерту, «Ар – ұят туралы» өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруға жағдай жасау, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: Ақынның суреті, интерактивті тақта, слайд, А4 қағазы, түрлі-түсті маркерлер мен фломастер, бағалау парағы
Дереккөздері Қазақ әдебиеті. Ә. Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш. Беркімбаева,
Г. Құрманбай, 5 сынып. Атамұра 2012 жыл
Әдіс -тәсілдері: Тәсілі: Жекелей, жұптық, топтық жұмыс, сыныптық жұмыс.
Әдісі: сұрақ-жауап, миға шабуыл, аялдама, венн диаграммасы, бағдаршам, басбармақ
Оқыту нәтижелері: Оқушылар Жұбан Молдағалиев «Ар – ұят туралы» өлеңінің идеясын, мазмұнын меңгереді;
өлеңнің идеясын, өзекті ойын біледі;
арсыздық пен ұятсыздықтың айырмашылығы мен ұқсастығын түсінеді.
оқушылар тапсырмаларды орындап, тақырыпты тұтас меңгереді.
Түйінді идея: Адамның бойындағы ең жоғарғы қасиет ар – намыс.
Ар-ұяттың өмірдегі маңызы.
Сабақтың барысы Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
Кезекшіні анықтап, оқушыларды түгендейді.
Бүгін сабақты «Жылулық шеңбері» шеңберін құру арқылы жағымды тілек тілету
Сабаққа қатысып отырған оқушылар туралы мәлімет береді.
Оқушылар шеңбер болып тұрып көршісіне әр түрлі жылы сөз, жағымды тілек айтады. Мадақтау
«жақсы», «Дұрыс ой», «жарайсың»
Оқушыларды топқа бөлу.
Бағалау парағын тарату.
Топқа бөлінеді.
1. Ел намысы - ер намыс.
2.Өлімнен ұят күшті.
3.Ер жігітке өлімнен ұят күшті.
Алдарындағы қағаздағы топтың атауына сай өз топтарын табады. Жаңа сабаққа даярлық
3 мин Қызығушылықты ояту үшін сабақтың тақырыбына қатысты суреттер интерактивті тақтада көрсету.
-Оқушылар, бүгін неге топты мақал – мәтелдермен бөлдік қалай ойлайсындар? Өтетін тақырыбымыз не жайлы болмақ, ойланыңдаршы.
Жаңа тақырыптың мақсатын анықтау. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру және дәлелдеу.
Мұғалім қойған сұрақтар арқылы жаңа тақырыптын атын анықтап, бірлесіп мақсат қояды. Мадақтау
«жақсы», «Дұрыс ой», «жарайсың»
2 мин Сергіту сәтін өткізу
«Қара жорға» Оқушылар сергіту сәтіне қатысады. Жаңа сабақ
20 мин
Ақынның өмірі жайлы слайд көрсету.
Алдарыңда жатқан қағаздағы сұрақтарға топ болып өз ойларыңды жазыңдар.
1.Өлең мәтінімен танысады.
Өлеңді 3 топ бөліп дауыстап оқиды, ойланады, ойларын ортаға салады.
2.Тақырып бойынша сұрақтар дайындайды.
3. Тақырып бойынша
мақал – мәтелдер айтады.
4. Бағалау парағымен жұмыс жасайды.
5. Бір – біріне сұрақ қояды.
Бағдаршам әдісімен бағалау
8 мин Жаңа тақырып бойынша әр топқа аялдама әдісі бойынша тапсырмалар береді.
Әр аялдамадағы сұрақтарға жауап береді.
1.Жігіттің өзінен үлкен адаммен айтысуы дұрыс па?
2.Адамның қандай адамгершілік қасиеттерін білесіздер?
3. Сіздер үлкен адаммен айтысар ма едіңіздер?
Оқушылар не білетіні жайлы қағазға жазады.
Топ өз орындарына келгенде талқылайды. Бағдаршам
Бекіту
5 мин
Арсыздық пен ұятсыздықтың айырмашылығы мен ұқсастығын тапқызу Венн диаграммасы қорғайды.
Арсыздық пен ұятсыздық
Ар мен ұят
«Басбармақ» әдісімен бағалау
Бағалау парағын бағалау.
Үй тапсырмасы
2 мин Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұндау.
«Ар – ұя туралы» атты өлеңнің үзінді жаттау Күнделікке жазады. Сабақты бағалау.
2 мин Бағалау парақтарын ескеріп, жиындық бағаларын шығарады. Оқушылар бағалау парағын тапсырады. Жиынтық бағалау
Рефлексия.
1 мин Стикер таратып беріп бүгінгі өткен тақырыпты қысқаша жазуға тапсырма беру. Оқушылар берілген стикерге бүгінгі сабақтың ұнаған, ұнамағандығын, қиын, қиын еместігін, соңында қандай сезімде болғандарын қысқаша жазып білдіреді.
Бағалау парағы
р\с Жүргізілген жұмыстар Бағасы
1. Үй тапсырмасы 2. Жаңа сабақ 3. Берілген тапсырмалар 4. Қорытынды баға