Ж?бан Молда?алиев «Ар-?ят туралы» ?ле?і


Сабақтың тақырыбы Жұбан Молдағалиев «Ар-ұят туралы» өлеңі
күні 07.03.2014
Оқып үйренудің негізгі мақсаты Өлеңнен үлкенді сыйлауды ар-ұяттың адам өміріндегі маңы-зын,пайымдауға үйрену.
Күтілетін нәтиже А) Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
Б) Өлеңді құрылысына қарай талдай алады.
С) Өлеңдегі кейіпкердің іс-әрекетінің қазіргі өмір құбылыстары-
мен салыстырады және баға береді.

Әдіс-тәсілдер «Өрмекші торы»,«Топтастыру», «Ойлан, жұптас, бірік», Постер қорғау,
«Кейіпкерге хат».
Негізгі дерек көзі Әдебиет оқулығы.Ә.Дайыр,Қ.Айтқалиева,Ш.Беркімбаева,Г.Құрманбай. Алматы «Атамұра»2010 жыл.АКТ-ны ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану.Ж.Молдағалиевтің өлеңдер жинағы.
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері, флипчарт, маркер, АКТ
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе Амандасу.
Психологиялық дайындық. Оқушыларды бойлары бойынша топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру. «Өрмекші торы» әдісі Амандасады
Топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасына жауап береді.
Тұсаукесер «Түрткі сұрақ»
Мен-қазақпын,ажалсыз анамын мен,
Құрсағына сыйдырам даланы мен,
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын,данамын мен-деген өлең жолдары кімдікі?
1.«Мен - қазақпын» поэмасы кімдікі?
2.Ж.Молдығалиев қай жерде дүниеге келген?
3.Қандай өлеңдерін білесіңдер?
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім «Ар-ұят туралы» өлеңімен үш топ жұмыстанады.
«Ойлан, жұптас,бірік» әдісі арқылы жұмыстанады.
Өлеңді оқып мазмұнын түсініп,флипчартқа өз ойларын салады.
постер қорғайды
сергіту сәті (қызыл өрік) Берілген өлең жолдарымен жеке танысады
Ортаға әр топтан бір оқушы шығады.
Әр топ жұптасу арқылы өздерінің жұмыстарын талдайды
Топта өз ойларын тұжырымдайды,негізгі мағынаны ашып береді.
Қорытынды «Кейіпкерге хат» әдісі бойынша 3 минут хат жазады. Өз ойларын жазады.
Бағалау Бағдаршам,смайликтер арқылы Оқушылар бір-бірін бағдаршам мен смайликтер арқылы бағалайды.
Үй тапсырмасы Ж.Молдығалиев өмірбаянымен танысу, «Ар-ұят туралы» өлеңнің мәнерлеп оқып келу. Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия Кері байланыс парақша бойынша сабақтан алған әселерін білемін. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Сабақтың тақырыбы Мұқағали Мақатаев «Барлығы да сендердікі» өлеңі
күні 13.03.2014
Оқып үйренудің негізгі мақсаты Ақынның өлеңінен болашақ ұрпаққа артқан әлеуметтік, азаматтық жүгін сезіне білуге үйрену.
Күтілетін нәтиже А) Өлеңнің негізгі идеясын түсінеді.
Б) Мәтіннен бұрын кездеспеген сөздердің астын сызу.Мәнер-леп оқу.
С) Өлең құрылысына қарай талдау.
Әдіс-тәсілдер «Топтастыру», Тест , Өлең құрылысына қарай талдау,
«Ойлан,жұптас,бірік» Постер қорғау,«Кейіпкерге хат».
Кері байланыс парақшасы.
Негізгі дерек көзі Әдебиет оқулығы.Ә.Дайыр,Қ.Айтқалиева,Ш.Беркімбаева,Г.Құрманбай. Алматы «Атамұра»2010 жыл.АКТ-ны ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану.Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағы.
Керекті жабдықтар Бейнебаян көрсету. Оқулық, жұмыс дәптері, флипчарт, маркер, АКТ
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе Амандасу.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Түстер арқылы топтастыру. Әркім өз тобына барып отырады.
Тұсаукесер Тест тапсырмасы арқылы үй тапсырмасын тексеру.«Сені не ойландырады?»Бейнебаян
көрсету.
Мына бейнебаянды көргенде қандай әсерде болдыңыздар? Оқушылар үй тест тапсырмасын
орындайды.Бейнебаян көреді.Берілген сұраққа жауап береді,өз айларын айтады.
Негізгі бөлім Барлық топқа бірдей өлең беріледі.
«Ойлан, жұптас,бірік» әдісі арқылы жұмыстанады.
Өлеңді оқып мазмұнын түсініп,флипчартқа өз ойларын салады.
постер қорғайды Берілген өлең жолдарымен жеке танысады
Ортаға әр топтан бір оқушы шығады.
Әр топ жұптасу арқылы өздерінің жұмыстарын талдайды
Топта өз ойларын тұжырымдайды,негізгі мағынаны ашып береді.
Қорытынды Әр топ бір шумақтан өлең құрылысына талдайды.
Барлық оқушы «Кейіпкерге хат»әдісі арқылы авторға хат жазады. Барлық оқушы өз ойларын хатқа ашық жазады.
Бағалау Суммативті бағалау (критерий бойынша). Бірін – бірі бағалайды.
Басбармақ, бағдаршам
Үй тапсырмасы М.Мақатаевтың шығарма-
шылығына реферат жазу. «Барлығы да сендердікі» өлеңін жаттау. Күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парақшасы бойынша білемін. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.