«Координаталы? жазы?ты?та н?ктелерді салу»


Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығаруТақырыбы: Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару.Сабақтың білімдік мақсаты:оқушыларға координаталық жазықтықта нүктелерді сала білуге, есеп шығара білуге үйрету.Дамытушылық мақсаты:оқушылардың топпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.Тәрбиелік мақсаты:алған білімдеріне жауапкершілікпен қарау, өз және басқа оқушыларды бағалай білуге үйрету.Сабақтың көрнекілігі:карточкалар, сызбалар, қызықты есептеп жазылған плакаттар, бағалау парағы, жауап парағы.Сабақтың түрі:сайыс сабақ.Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу.Әр топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері бағалау парағына өз тобындағы оқушыларды бағалап отырады.Үй тапсырмасын тексеру.Әр топ жетекшісі жауап парағының көмегімен үй тапсырмасын тексереді. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.а)өткен тақырыптар бойынша оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.Координаталық жазықтық дегеніміз не?Координаталық жазықтықтағы нүктелердің координаталары қалай аталады?Ширек дегеніміз не?Нүктенің жазықтықтағы орны қалай аталады?ә)Карточкамен жұмыс«Кім жылдам» ойыныМына нүктелер қай ширекте орналасқан?(5;-2)(-7; 3)(3; 4)(5; 1)(-1; 2)(-9;-1)Есептер шығару(оқулықмен жұмыс)4.Сергіту сәті.Мынандай тұжырымдамалар айтамын дұрыс болса оқушылар горизонталь бағытта, қате болса қолдарын вертикаль бағытта көтереді.1.Координаталық жазықтықта 4 ширек бар (дұрыс)2.Қиылысатын түзулер параллель түзулер (дұрыс)3.Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер перпендикуляр түзулер (дұрыс)4.Шаршының бес қабырғасы бар. (дұрыс емес)5. 1 ширектің таңбасы (+ +). (дұрыс)«Кім көп біледі?»ойыныӘр топ он математикалық термин айту керек.5.Шығармашылық жұмыс.1 -топКоординаталық жазықтықта үшбұрышты кескіндеп және оның төбелерінің координаталарын анықтау.2 - топКоординаталық жазықтықта шаршыны кескіндеп және оның төбелерін координаталарын анықтау.3 - топКоординаталық жазықтықта тік төрт бұрышты кескіндеп және оның төбелерінің координаталарын анықтау.Сандар әлеміне саяхат(тапқырлыққа берілетін есептер)1-топ9 цифрын 4 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (99+99=100)2-топ5 цифрын 5 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (5+5+5+5)*5=1003-топ1 цифрын 6 рет және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын жаз. (11-1)*(11-1)=1006.Үйге тапсырма.7.Бағалау.Сабақты қорытындылап, әр топтың нәтижесін шығарып баға қою.Әр топтың бағалау парағы