Рационал сандарды азайту. Координаталы? т?зудегі кесіндіні? ?зынды?ы


Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды азайту ережесін беріп, рационал сандарды азайту біліктілігін қалыптастыру.Міндеттер: 1. Рационал сандарды азайту ережесін білу;2. Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім алу қызығушылығын ояту. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың танымын кеңістікке шығару.3. Математикалық тілде сауатты сөйлей білуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Аралас сабақ.Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: кеспе қағаздар,плакаттар, слайдтар, АКТ, саралап оқыту, білім алушылар білімін бағалауға арналған өзін-өзі бағалау парағы.Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру,баяндау, ойландыру, сұрақ-жауап, иллюстративтік, сөздік, жартылай ізденушілік.Сабақ өткізу формалары: топтық, жеке , жұптық, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік оқыту.Пәнаралық байланыс: психология, тарих, информатика, қазақ тілі.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.Оқушылар назарын сабаққа аудару.Қызығушылық ояту сәті.Қазір қызы 8 жаста, анасы 38 жаста. Неше жылдан кейін анасының жасы қызының жасынан 3 есе артық болады?Жауабы: 7 жылдан кейін.Білім алушылар жақсы баға алу үшін бір-бірімен сайысқа түсіп, жарыса отырып сабаққа қатысулары тиіс. Алған ұпайларын өзін-өзі бағалау парақшаларына қойып отырады.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтадан дұрыс жауабы бойынша әр жұп бірін-бірі тексереді.№4801)17+(-50) = -332)36+(-60) =-243)41+(-73) = -324)58+(-31) = 275)130+(-203) = -736)210+(-76) =1347)300+(-39) =261№4873) -у=42,74-56,3-у= -13,56у=13,56Жауабы: 13,56.№4901)3,9а-2,81в-5,1а+4,9в=-1,2а+1,09вІІІ.Жаңа сабақ.Азайту екі қосылғыштың қосындысы және қосылғыштардың біреуі бойынша екінші қосылғышты (белгісіз) табу амалы.в+х=а, х- белгісіз қосылғыш.х=а-в немесе х=а+(-в) қарама-қарсы сандарРационал сандарды азайтуды азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосып, азайтуды қосу амалымен есептеуге болады екен.Рационал сандарды азайту амалы азайғыш азайтқыштан кіші (кем) болғанда да орындалады.Мысалдар:1) 4-9=4+(-9) =-5 немесе 4-9 =-52) 8-(-5) =8+5=133) -9-(-12) =-9+12=3Бір саннан екінші санды азайту үшін , азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек.а-в=а+(-в)Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әртүрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады.1-кесте.Азайғыш ---------Азайтқыш------------------------ -Жазылуы -------------------Айырма6--------------------- -2 -------------------------------6-(-2) =6+2=8 --------------------- 8-7--------------------- +3------------------------- -7-(+3) =-7-3=-10----------------- -101,8-------------------2,7--------------------1,8-(-2,7) =1,8+2,7=4,5 --------------------4,5Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары бірдей болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.2-кесте.Азайғыш ---------------Азайтқыш -----------------------Жазылуы ------------------------Айырма-9-------------------------- -3-------------------------------- -9-(-3) =-9+3=-6-------------------- -6-2-------------------------- -5-------------------------------- -2-(-5) =-2+5=3-----------------------3Азайту амалының ерекше жағдайлары:а-а=00-а=-аа-0=аМысалы:-5-(-5) =-5+5=00-2,7=-2,7-4,1-0=-4,1Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.Мысал:Координаталық түзудегі шеткі нүктелері А(-4) және В(3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын (бірлік есінді есебімен) табайық.Координаталық түзудегі АВ кесіндісінің ұзындығын табу үшін:1) А(-4) және В(3) нүктелерін координаталық түзуде белгілеу керек.2) А(-4) және В(3) нүктелерінің арасында неше бірлік кесінді бар екенін табу керек.3) АВ=3-(-4) =3+4=7. АВ=7 (бірлік кесінді)Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.IV. Ауызша есептер шығару. №492№493V. Деңгей бойынша есептер шығару.1 деңгей№494. Айырманы табыңдар:1)-2-10=-12-14-20=-342)-7,6-9=-16,6-8,5-2,3=-10,83)-2,3-0,7=-3-3,2-1,8=-5№495.Азайтуды орындаңдар:1)-20- (-16) =-20+16=-4-36- (-17) =-36+17=-19-4,6- (-25) =-4,6+25=20,42)-5,7-(-1,3) =-5,7+1,3=-4,2-7,5- (-2,1) =-7,5+2,1=-5,4-8,9- (-3,7) =-8,9+3,7=-5,23)-6- (-8,1) =-6+8,1=2,1-5- (-6,7) =-5+6,7=1,7-8- (-9,5) =-8+9,5=1,52 деңгей№504. Есептеңдер:1)1,37-4,9=-3,532)3,8-5,35 =-1,553 деңгей№514.Жақшаларды ашып , өрнекті ықшамдаңдар:1)а+(-в)-(-2а) =а-в+2а=3а-в; 3)-а-(-в)-4а=-а+в-4а=в-5а;2)-а-(+а)+2в-(-в) =-а-а+2в+в= -2а+3в;VI. Флипчарт бойынша құрылған тест тапсырмасын орындау:1) Есептеңдер: -5,2 - (-7,3) - 6,7=А) -4,6В)19,2С) -19,22) Есептеңдер: 14,8 - 1,78 - 18,1=А) – 5,08В) 5,08С) -3,83) Есептеңдер: 5 - (-13) - 24,16=А) – 6,16В) 20,16С) 6,164) Есептеңдер: -3,4 – ( +8,19 ) - 4,5=А) -22,25В) 22,25С) 0,295) Есептеңдер: -8,6+1,78+4,23=А) -2,59В) 14,61С) 2,596) Есептеңдер: 5,8+4,13 - (-8,17)=А) 18,1В) -18,1С) 1,767) Есептеңдер: -12 - (-7,3) - 4,9=А) – 9,6В) 5,6С) 9,68) Есептеңдер: 15,8 - (+ 14,3) - 3,19=А) – 1,68В) 1,9С)1,699) Есептеңдер: -3,4-(-3,4)А) 0В) 1С) 210) Өрнектің мәнін табыңдар: -15,01 — х — у, егер х = 7,3; у = -2,97А) -19,34;В) -25,28;С) 10,68;11) Өрнекті ықшамдаңдар және мәнін табыңдар: -6,38+у — 19,5 — х — 6,3 егер х=-3,19, у=-0,68А) -29,67;В) -36,05;С) 36,05;12) Ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын табыңдар: -4,3; -8,5; -17,18; -9,014; -7,38.А) 12,88;В) -12,88;С) -4,714;13) Теңдеуді шешіңдер: |х|+4=15.А) -11; 11;В) -11;С) 11;14) Теңдеуді шешіңдер: |a|-2=11А) -13, 13;В) -13;С) 1315) Теңдеуді шешіңдер: 2|y|=20А) -10; 10;В) 10;С) -10.VII. Кеспе қағаз бойынша жұмыс.1) Өрнектің мәнін табыңдар: |-27| - |15| + |0| - |-4|.A) 8;B) -8;C) 46;D) 38.2) Дұрыс теңсіздікті көрсетіңіз:А) -4>-1;B) -5>0;C) -7<-5;D) 4<-8.3) Есептеңдер: -5,2-(-7,3)-6,7=А) -4,6В) 19,2С) -19,24) - (-(-(-74))) неге тең?А) 74;В)- 74.5) Өрнектің мәнін табыңдар: а - b + 2,13, если а = - 4,2; b = -1,89.A) -3,96;B) -0,18;C) 3,96;D) -8,22.1-а, 2-с, 3-а, 4-а, 5-вVIII. Сабақты қорытындылау.1.Рационал сандар қалай азайтылады?2.Таңбалары әртүрлі сандарды азайту қалай орындалады?3.Таңбалары бірдей сандарды азайту қалай орындалады?4.Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табады?X. Үйге тапсырма:1 деңгей №498, 2 деңгей №508, 3 деңгей №514/4/XI.Бағалау.