Ана тілі саба?тарында о?ушыларды? тіл байлы?ын дамыту ШЫ?АРМАШЫЛЫ? Ж?МЫС
Ана тілі сабақтарында оқушылардың тіл байлығын дамыту
Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Баланың тілін дамыту
2.2 «Ана тілі» пәнінің негізгі мақсатының өзі – оқушының сөздік қорын дамыту
2.3 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы
2.4 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу жасау
ІІІ. Қорытынды
І V. Әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – баланың өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор. Әр – бір ұлттың ұрпағы ана тілін терең оқып, жете білуге,өз елін,туған жерін сүюге тәрбиеленуі тиіс. Егер бала кішкентай кезінен өз халқының ұлттық психологиясында тәрбиеленбесе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бірге бойына сіңірмесе, халқының тарихын,мәдениетін, өнерін, әдебиетін біліп өспесе,онда ол ешқаншада өз халқының толыққанды өкілі бола алмайды. Қазақ тілі қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу ағарту тілі. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Баланың тіл байлығын дамыту мәселесіне көңіл бүгін ғана аударылып отырған жоқ. Бұл мәселе бағытында, ана тілімізді оқыту, бала тілін дамыту бағытында мол да құнды ойлар айтқан жан жақты дарынды халық ұлдарының бірі – Мағжан Жұмабайұлы. Мағжан Жұмабайұлы – бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға қадам жасаушы. Тіл үйрету үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың зейінін,ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу керек. Оқушының тіл байлығын дамытуда оқу сабақтары үлкен рөл атқарады. Тілі байыған сайын баланың ақыл-ойы да арта түсетіні белгілі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бала тілінің дамытудағы негізгі мақсат – баланы өзі үшін сөйлеуге үйрету, сөйлеудің адам үшін қажеттілігін ұғындыру, ана тілінің қадір қасиетін түсініп,сүюге тәрбиелеу. Баланың еркін сөйлей алуына, ойын еркін жеткізуіне бір себепші оның сөз қоры. Ал баланың жан жақты, сөз қоры бай болуы үшін ол көп оқу керек. Жоғарыда қойылған мақсаттардан мынадай міндеттер туындайды: • Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. • Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. • Шығарманың түпкі мазмұның – мәнін түсінуі, кейіпкердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау. • Өзіндік ой пікірін айта білуге баулу. • Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту. Әуелі,тіл сабақтардың барысында оқушылардың сөйлеу барысында жиі қайталанатын қателеріне назар аудару қажет.Мысалы: бір сөздің сөйлем ішінде бірнеше мәрте қайталануы если, ну деген тәрізді бөтен тілдерді қолдануы, ал қателік тұстарын тоқтатсаң ойын аяқтай алмай ауысып кетуі т.б. Бұл негізі қала балаларына тәң кемшілік екенін ата-анамен, оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсетеді. Мысалы:отыз оқушының он сегізінің үйде жалпы қарым – қатынас орыс тілінде жүрсе, жиырма – жиырма бір оқушы теледидардан тек орыс тілінде хабарларды тыңдайды екен. Әрине, осындай ортада өскен балалардың ана тілінде сөйлеу деңгейі төмен болады.Осындай жағдайларды ескере отырып , оқушылармен жұмыс жасай отырып мынадай тілге қойылатын талаптар анықталды. 7) Мазмұны, анық болуы; 8) Логикалық байланыс; 9) Дәлелді болуы; 10) Ойдың дәл тартымды болуы; 11) Өте түсінікті болуы (артық сөз,орынсыз тіркес болмауы); 12) мәнерлі, әсерлі,сенімді,таза, әдеби тіл нормасына сай болуы. Осы қойылған талаптарға баланың тілі сай болуы үшін мынадай жұмыстар атқару қажет: Мәтін арқылы тіл дамыту: 1. Мәтінді түсініп оқу, іштей оқу; 2. Мәтіндегі түсінбеген сөздермен сөздін жұмысын жүргіз (қарапайым сөздермен сөз мағынасын түсіндіру) 3. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату; 4. Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру,сипаттау, теңеу; 5. Әңгімені өз жаныннан толықтыру,аяқтау; 6. Мәтінді сахналау; 7. Мәтін бойынша өз ойын айта білу; 8. Мәтінің неге үйрететінің,тәрбиелейтінің айту. Суретпен жұмыс арқылы тіл дамыту. Тіл сабақтарында оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін жұмыс түрі –шығарма жазу. 1 Сюжетті суреттерге шығарма жазу; 2. Сурет бойынша сөйлемдерқұрастыру, сол сөйлемдерден әңгіме құрау; 3. Оқыған әңгімеге өлеңге сурет салу. Жұмбақпен жұмыс Жұмбақ баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейді. Жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану. Жұмбақ жаттатқызу, оны жатқа жазу, айтқызудың өзі бала тілін жаттықтырады. 1. Жұмбақтар шешу, жаттау; 2. Жұмбақтар сайысын өткізу. Мақал-мәтелмен жұмыс Мақал – мәтел көлемі жағынан шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанырлардың бірі. Мақал – мәтелдерде адамның ақыл-ойын жетілдіруге, мінез қылқын түзеуге айрықша көңіл бөлінген. 1. «Мақалды аяқта» ойыны; 2. Мақалдар сайысы; 3. Тақырыптарға сай мақалдар айту Өлеңдермен жұмыс. 1. Өленді мәнерлеп оқу 2. Өлендегі ойды өз сөзіңмен жеткізу, қара сөзге айналдыру; 3. Өлендерді жаттау,шығарма жазуда қолдану; 4. Шешендік сөздерді жаттау. Оларды сахыналау.
«Ана тілі» пәнінің негізгі мақсатының өзі – оқушының сөздік қорын дамыту.
Бастауыш мектепте оқытылатын әр пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, бұл үлкен міндетті жүзеге асыруда «Ана тілі» пәнінің атқаратын қызметі зор. Пәннің негізгі мақсатының өзі – оқушының сөздік қорын дамыту. Және сөздік қормен қоса оқушының тіл мәдениеті нормаларын меңгеруіне түрткі болады. Оқушылардың таза, жатық, түсінікті сөйлеуін қалыптастыру – осы пәннің міндеттерінің бастысы. Осы орайда белгілі ғалым Н. Уәлиев: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - дейді. Жалпы, ана тілі сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғышарты қаланады.Сабақ үстінде жаңа сөз үйретілумен қатар сол сөзді дұрыс қолданудың қажеттілігі туралы мұғалім тарапынан ескертіліп, ана тілінің ұлылығы, байлығы туралы мәселе кешенді қарастырылғанда ғана оң шешімін таппақ.Тіл байлығы - сөз байлығы. Лингвист - ғалым М. Балақаевтың: «Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт», - деген пікірімен келіспеске болмайды.Бастауыш мектепте ана тілі сабағында сөздік қорды дамыту жұмыстары түрлі әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады: сұрақ - жауап; әңгімелесу; әңгімелеу; түсіндіру; зерттеу; түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы. Сабақ сайын өтілген тақырып ауқымына қарай кем дегенде екі - үш сөзден болсын оқушының лексикалық минимумы артып отырады. Және барлық үйренген сөзі күнделікті өмірде белсенді қолданыла бермеуі мүмкін. Көнерген сөздер (зат, киім - кешек, салт - дәстүр, музыкалық аспаптар, ай, жыл, қару - жарақ атаулары), кәсіби сөздер т. б. қажеттілік болмаса, үнемі белсенді қолданысқа түсе бермейді. Осыдан келіп сөздік қордағы сөздерді белсенді және белсенді емес сөздер деп қарастыру қажеттігі туындайды.Тіл байлығын арттырып, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіруде мәтіндермен жұмыс жүргізу аса маңызды. Көркем мәтінге тақырыптық талдау жасап, негізгі ойын анықтау, кейіпкерлердің іс - әрекетіне баға беру, сол арқылы оқушы танымын кеңейтіп, тәрбиелік жағына көңіл бөлу – бастауыш сынып бағдарламасында ескерілетін жайт. Алайда, көркем мәтінді оқыған соң, талдаған тұста сөздік жұмысын жүргізу одан әрі оқушының барынша дұрыс түсініп, барлық талдауларға еркін қатысуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмыстары жүйелі жүріп, оны дұрыс меңгеруі үшін әр оқушыда жеке сөздік дәптер болуы керек. Мұғалім оқушылардың дәптеріне төмендегідей кесте сызып беріп, оның тұрақты толтырылуы талап етілсе құба - құп.Мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркестерді үйрету барысында да оқушының тіл байлығы артады. Оқулықта берілген және басқа да мақал - мәтелдерді, тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру – мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмауы үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады. Мақал - мәтелдерді қаншалықты білетінін анықтау үшін әрі мейлінше көп меңгерулері үшін осы бағытта сайыс сабақтар ұйымдастырылады. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәрізді сайыстар оқушының тіл байлығының артуына ғана емес, ой - өрісінің, танымының артуына ықпал етпек.Оқушының тілін байыту жұмыстары тіл мәдениетімен тығыз байланысты екені белгілі. Тіл мәдениеті бойынша бастауыш сынып оқушыларына мына талаптар қойылады:- сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу;- орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу;- ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;- шамасы жеткенше ертегі, әңгіме жаза білу т. б.Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсыр - малар – тіл мәдениеті талаптарын жүзеге асыруда аса тиімді. Оның түрлері: шығарма, әңгіме жазу; сурет бойынша әңгіме жазу; икемі бар балаларға өлең шумақтарын жазғызу; ертегі жазу; көркем шығарма оқу; сайыс, рөлдік ойындарға қатыстыру; әркімнің қабілетіне қарай деңгейлік жеке тапсырмалар беру; сөзжұмбақтар құрастыру; газет - журнал шығарту; балаларға арналған басылымдардағы сөзжұмбақ, ребустарды шешкізу; жұмбақтар құрастырту; хат жаздыру; белгілі бір шығармаға қысқаша пікір жаздыру т. б.Оқушының сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін байытуда сыныптан тыс оқуға да үлкен талап қойылады. Сыныптан тыс оқу мектеп бағдарламасында арнайы ескеріледі, міндетті шығармалар тізімі беріледі, сағат саны көрсетіледі. Әйтсе де, тек көрсетілген тізіммен шектеліп қалмай, сабақ үстінде үйде оқып келуге оқушыларға қызықты әңгімелер мен ертегілер ұсынылса, бұл біріншіден, нақты мақсатқа жетуге, екіншіден, оқушылардың одан әрі де көркем шығарманы өз бетімен қызығушылық танытып оқуына септігін тигізеді. Оқылған шығарманы тексеріп, сараптаудың жолдары көп; түсінгенін әңгімелету; сұрақтарға жауап бергізу; кейбір үзінділерді жатқа айтқызу; оқыған кітабы бойынша таныс емес сөздерін сөздік дәптеріне жазып отыруға дағдыландыру; кейіпкерлер іс - әрекетіне баға бергізу; әңгімелердің ұқсастығын салыстыру; ең соңында сол шығармаға ұқсатып әңгіме жаздыртып көру т. б.Мұғалім осындай жұмыстарды атқарту арқылы оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді. Көркем шығармамен жұмыс – оқушының тілін байытудың ең тиімді жолы. Көркем шығарманы көп оқу арқылы оқушының танымы артып қана қоймайды, ойын жүйелі жеткізуді, байланыстырып сөйлеуді, тілдің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын дұрыс меңгеруді үйренеді. Алайда, көркем шығармамен жұмыс істеу барысында есте ұстайтын жайт: шығарманың оқушының жас ерекшелігіне сай болуы, мазмұнының қызықты болуы, тәрбиелік мәнінің зор болуы, оқушыны жалықтыратындай тым көлемді болмауы.Сонымен бірге ана тілі сабағында өтілген материалды бекіту үшін оқушының ауызша сөйлеу мүмкіндігін арттыруға назар аударған дұрыс. Мұның төте жолы – түрлі рөлдік ойындар. Ондай ойындар оқушының тілін, еске сақтау қабілеттерін арттырады, зейінін шоғырландыруға көмек көрсетеді. Ойын барысында өзіне бекітіліп берілген рөлді ойнау үшін оқушы ізденеді, талаптанады, жинақталады, айтатын сөзін салмақтайды. Белгілі бір жағдаятқа өзі кіріп, өз басынан өткереді. Нәтижесінде сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына осы ойынның жәрдемі тиетінін түсінеді.Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай - ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Мұндай жұмыстар оқушының білімін ғана жетілдіріп қоймайды, жеке дара шығармашылық қабілетінің ашылуына түрткі болады.Сабақ үдерісінде мұғалімнің басшылығымен мұндай жұмыстар жүзеге асырылып, жүйелі орындалып отырса:- оқушының сөздік қоры мен тілін байытуға ықпал етеді;- ауызша және жазбаша тіл мәдениеті талаптарын меңгереді;- сауатты жазуға үйретеді;- оқушы өз бетімен шығармашылықпен айналысуға үйренеді.
Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы
Дидактикалық ұлттық ойын баланы жан - жақты етіп тәрбиелеуде зор қызмет атқарады. Оның ішінде негізгі қызметі: ақыл-ой тәрбиесінде зор қызмет атқарады. Дидактикалық ұлттық ойын мазмұнына қарай білімділік, тәрбиелік, көрнекілік, сөздік, іс - әрекеттік міндеттер атқарылады. Сондықтан да өзіне тән әдістемелік жолдары бар:
1. Дидактикалық ұлттық ойындарды өткізгенде мұғалім ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды оқытады. Бұл үшін алдымен мұғалімнің өзі көңілді, қызықты ойынға ықыласпен араласып, қуаныш сезімінде болуы керек.
2. Дидактикалық ұлттық ойынды ұйымдастыруда мұғалім алдымен ойынға баланы қызықтырарлықтай мүмкіндік жасап, сол негізде баланың ақыл-ой белсенділігін арттырады.
3. Мұғалім белгіленген ережені орындауда қатаң талап қоюы керек. Бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.
4. Егер барлық бала ойынға белсенді түрде қатынасқанда ғана ұжымның дидактикалық ұлттық ойынның алдына қойған мақсатына жете алады [19].
Дидактикалық ұлттық ойында білім беру мен оқыту бір-бірімен тығыз байланыста бірлікте жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда дидактикалық ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.
Сонымен қатар сабақ үстінде дидактикалық ұлттық ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырып, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуіне мүмкіндік жасайды.
Сабақ үстінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты, баланың білімін ұштай түсінуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Сонымен, дидактикалық ұлттық ойын дегеніміз-жеке пәнге, тақырыпқа байланысты баланың білімін нығайтуға, пысықтауға, бекітуге әсер ететін ұжымдық ойын.
Дидактикалық ұлттық ойын – балалардың білімді игеруін, ақыл-ой қызметін дамытып, өз ара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші.
Дидактикалық ұлттық ойында көрнекілікті мұғалімнің сөзін, балалардың іс - әрекеттерін, ойыншықтары мен ойын құралдары, заттар мен суреттер тағы басқаларды дұрыс ұштастыру қажет екенін ескеру қажет.
Балалар ойнайтын және ойынның, материалдың орталығы болып табылатын заттар.
Заттарды және олармен не істеу керек екенін бейнелейтін заттардың неге арналғанын, негізгі белгілерін, материалдардың қасиетін анық көрсететін суреттер.
Ойын әрекеттерін және ойын ережелерін орындауды нақты көрсетіп және сөзбен түсіндіру.
Дидактикалық ұлттық ойындар сабақ уақытында өтетіндіктен оқу жүйесіне санасады.
Демек, ұлттық ойынға алынатын дидактикалық материалдардың «Ана тілі» оқулығындағы тақырыптар мен үндес келуі білімділік, тәрбиелік тұрғыдан оң нәтиже берері сөзсіз.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу жасауБілім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « … жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен. Біздер ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.
Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема- әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының « Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. .
Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: «… Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф.И. Буслаев, К,Д, Ушинский, Н.А. Корф, В.И. Водовозов және т.б. ) аса мән берген.
Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселерін атақты әдіскерлер ( К.Б. Бархин, Н.М. Соколов, М.А. Рыбникова, Е.И. Тихеев және т.б.) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.
Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар ( П.П. Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Н.И. Жинкин және т.б. ) еңбектерінде қарастырылды.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселері М. Жұбанова, С. Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімов, Г. Уәйісов т.б. ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар арқылы тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынандай қайшылықтар бар екендігі анық байқалады:
— Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының арасында;
— ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
— оқушылардың тілін дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.
Ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамытудың ғылыми — әдістемелік және теориялық жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды. Осы қайшылақтардың шешімін табуда мынандай мақсат пен міндеттерді айқындадық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:Ана тілің – арың бұлҰлтың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Бұл жұмыстардан тыс тәрбиелік мақсатта өткізілетін іс-шараларда да оқушылардың тіл байлығын дамыту мәселесіне басты көңіл аудару керек. Көптеген оқушылардың ата – аналары орысша тәрбиеленген. Бұл ата – аналармен де тығыз байланыс жасап, тәрбие сағаттарына, сайыстарға қатыстырып отыру керек. Өйткені балаларды туған тілге деген сезімге тәрбиелеу тек мұғалімнің жұмысы деп санауға болмайды.
Қорыта келгенде, мақала көлемінде ана тілі сабақтарында оқушының тіл байлығын арттыруға жәрдемі тиетін әдіс - тәсілдер мен іс - әрекет түрлері қарастырылды. Осындай жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырса, кез келген мұғалімнің мақсатына жететіні даусыз.
Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану қай сабақ болсын жұмыстар жалаң баяндалып түсіндірілмей. Сюжетті суреттер, жеке заттар, топтамалар, көрнекілік құралдар, дидактикалық ойындар арқылы жүргізіледі. Ж. Айтмауытов айтқандай «... бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерінің ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді.»
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 19942. Уәлиханұлы Н., Тілемісұлы Н. Сөз мәдениеті. - Алматы: 20023. Балақаев М., Серғалиев М. Оқулық. - Алматы: Зият Пресс, 2004. - 140 б
Тақырыбы: «Ат қою» дәстүрі.
Сабақтың мақсаты: Балаларға өткен сабақта танысқан «Шілдехана» дәстүрін қайталатып, еске түсіру, сол дәстүрді жалғастыру; Халық педагогикасы негізінде ұмыт болып бара жатқан салт дәстүрлерді, мұраларды танып білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: Азан шақыру, есім.
Көрнекі құралдар: Ұлттық бұрыштағы бір қанат кереге, түскиіз үстінде қоржын, тері қамшы, домбыра, ұршық, жерде текемет, көрпешелер, орыс дөңгелек үстелі.
Сабақтың барысы:
Балалар, шаттық шеңберін құрып, дөңгеленіп тұрайық.
Мына өлең жолдарын айтады:
Бақыт құсы қонған,
Құтты тойлар болған.
Атаң атын байлаған,
Осы алтын ордаң.
Үстелді дөңгелене отырады. Ата, әже бірге жайғасады.
Балалар, біз өткен сабақты жалғастырамыз. Бүгін біз жаңа туған нәрестеге ат қою рәсімін көрсетеміз. Балаға ат қою рәсімін негізінен отбасындағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған. Балаға ат қоюда ұлағаттылық пен жауаптылық қажет, бұл рәсімді аталар дәстүрінен аумай, салтанатты түрде өткізудің мәні зор. Қазір осы рәсімді тамашалайық.
Тақпақ айту:
1. Бүгін мұнда ән бөлек,
Себілетін дән бөлек.
Ағын судай арқырап,
Төгілетін ән бөлек.
Тамылжыған шапағы,
Балқып атқан таң бөлек.
Айдай туып ақ бөбек,
Шаттандырды елді ерен.
Бәйшешектей құлпырған,
Құтты болсын, бал бөбек!..
Ән: «Қазақтың дәстүрлері».
Келіншектер бөпені әжесіне береді.Әжесі:
Қария, ауылымыздың сыйлы ақсақалдарының бірісіз Мына немереме ат қоюды сізден өтінемін. Азан шақырып баланың атын қойып беріңізші.
(Баланы жастықпен қарияға береді).
Қария: Абай атамыздай кемеңгер ақын, халқының аяулы азаматының бірі болсын деп, балаға «Абай» деген есім (ат) бергім келіп отыр. (Барлығы қарияның таңдаған есімін қоштайды)
Баланы алып құлағына 3 рет «Сенің атың, Абай» - деп, азан шақырады.
Тәрбиеші:
Балалар, ата жаңа «Азан шақырды». Бөпенің енді есімі бар. Баланың есімі қалай аталады? Абай.
Азан шақыру, есім, қария. (Сөздерді қайталау).
Тәрбиеші:
Ата-анасы қаласа, ат қою ырымымен өтеген кісі сәбидің бетін ашып, көпшілікке көрсетеді. Бұл аты қойылған баланың елімен алғашқы жүздесуі деп есептейді.
Қария баланы қонақтарға көрсетеді. Бұдан кейін бата беріледі.
Бата:
Ал батамды берейін,
Арта берсін мерейің.
Қойға толсын өрісің,
Тасысын бағың, мерейің.
Басыңа бақыт қонсын,
Өмірің гүлге толсын.
Дұшпандарың жерге қарап,
Сағы сынып сорласын!
Судай тасып дәулетің,
Еш жамандық болмасын! Әумин!
Қария мен бірге балалар да бетін сипайды.
Ән: «Қазақтың дәстүрлері».