Ана тілі саба?тарында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: ана тілі сабақтарында тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. Осы орайда әдебиеттік оқу сабақтарында баланың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдаланған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсем деймін. Өлең құрастыру. Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады. а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.Мысалы, Б.Ысқақовтың «Отан» өлеңінде:«Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың» деген жолдар бар.Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті. Немесе, Ө.Тұрманжанов «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:«Неткен сұлу, неткен көркем,Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда саөлеңнің сызбасы түсіріледі:«Неткен сұлу, неткен көркем,Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.«Ұлан-байтақ жерлері барӨз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс. ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:… байлық… алдық… құс біткен… қалдық.Оқушының тапсырманы орындауы:Күз – береке, күз — байлық,Күзде астық мол алдықЖылы жаққа құс біткенКеткен ұшып, біз қалдық.
б)1 сыныпта сауат ашу кезеңінде «Жемістер» тақырыбында мен мына жұмысты тиісті пайдаландым (дамытушылық кезеңінде). Алдын-ала дайындалған жемістерді оқушылар өз қалаулары бойынша таңдап алды. Шарты түсіндірілді.
«Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем құра Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:Зықыл рысаЫңқал ікбиАнжу рат
Образға кіру. Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну, мен – гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, жақындарына бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төріне қояды. Мен әр түрлімін. (қасықпын, шыршамын, бағдаршаммын т.б.)
Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:Қыран қала Дархан Мұз бұлақ есекҚысым сүт киім
Суырыпсалма ақын. Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.
Мысалы «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнайды, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекеті арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Жаңбыр жауды далаға Жаңбыр жауды қалаға Жаңбыр жауды ауылға Жаңбыр жауды бауға да
Диалог-ертегі. Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме ертегіні бастап кетеді. Ал қалғандары басталған ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, « Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты ...» келесі оқушы « Сол бала көбелек қуып жүріп адасып қалыпты ...» келесі бала « Қарны ашып келе жатса, алдынан бір ешкі кездеседі» - міне ослай ертегі жалғаса береді.
Жұмбақтар, мақалдар құрастыру арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.
Суреті бар, хабарлайды, Жәшікте тұрып жыбырлайды. Ән салады, билейді, Көңіліңді көтереді.(теледидар)
Бізге жарық береді, Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)Мақалдар:
Еріншек болсаң, наның жоқ. Еңбекқор болсаң, қарның тоқ.
Еңбексіз нан жоқ, нансыз өмір жоқ.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық. Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.
Пайдаланған әдебиеттер:
Н.Ә.Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек» («Егемен Қазақстан») 31 мамыр, 2000ж
Ұстаздық шығармашылық. Алматы 2007ж Б.А.Тұрғынбаева