Разработка панорамного урока по физике на тему ?айнау.Меншікті булану жылуы
8 сынып Физика
Сабақтың тақырыбы: Қайнау.Меншікті булану жылуы.
Сілтемелер: (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 51-б.) Александердің (2001-2008) . ( Ж.Пиаже,347 бет). Александер, 2001, 2008). Мерсер м сабақта қолдану. А.Әлімов.335 бет). Литлтон (2007) .Хаген мен Хейл (1973). Интербелсенді әдісті сабақта қолдану. А.Әлімов.335 бет).8 сынып оқулық.Деңгейлік есептер жинағы.
Жалпы мақсаты: Қайнау құбылысын сыни тұрғыдан ойлау арқылы ой- өрістерін дамыта отырып түсіндіру, меншікті булану жылуы физикалық шама ұғымымен танысу, меншікті булану жылуын пайдаланып есептер шешуге дағдыландыру
Міндеттері: -топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
-сыни тұрғыдан ойлау арқылы ой-өрістерін одан әрі дамыта отырып,шығармашылық қабілеттерін ашу
-өзгенің пікірін тыңдап, өз пікірін ашық айта білуге баулу
-өзін-өзі бағалап, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу
Оқыту нәтижелері: -қайнау құбылысын түсіндіре алады
-қайнау температурасы жөнінде түсінік
қалыптасады.
-меншікті булану жылуын пайдаланып есептер шеше біледі
- сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірлерін қалыптастырып, дәлелдей алуға дағдыланады
Тапсырмалар 1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Ынтымақтастық атмосферсы. «Досыма тілек» Оқушылар бір-біріне тілектерін айтты. Ерзат Сәулеге өз тілегін өлең жолдарымен білдірді: Сәуле десе сәулесің сен,
Нұрын шашқан ортаға.
Жүре берші аман –есен
Мына біздің ортада!
Сәуле Ерзатқа: «Бүгінгі сабақтар сен үшін сәтті болсын»- деді.
Ал, Нұрасыл Балқызға: «Достарың көп болсын, арманыңа жете бер»-деп тілегін айтты.
3.Оқушыларды түсті қағаздармен үш топқа бөлдім.Әрбір топта:
топ басшысы, хатшы, баяндамашы, спикер, бақылаушы тағайындалды.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын сұрауда жұппен жұмыс ұйымдастырдым. «Ауаның ылғалдылығы» тақырыбы бойынша сұрақтар жазылған тарқатпа материалдар үлестірдім.Оқушылар жұппен талқылап, жауап берді. «Көршіңді бағала» әдісін пайдаландым.
3.Мақсат қою.
Оқушылардың алдына сабақтың мақсатын қою үшін оқушыларға «ой қозғау» сұрақтарын бердім:
1.Қайнау дегеніміз не?
2.Қайнау құбылыстарын
байқағандарың барма?
4.Бұл сұрақтардың жауаптарын «Incert» кестесіне жазды.
Оқушыларға жауаптардың қайталанбауын ескерттім.
Не білем? Нені білгім келеді? Не білдім?
*су қайнайды
*тамақ
қайнайды
*қайнағанда су
тасиды
*қайнағанда
буды көреміз *қайнау
дегеніміз не?
*қайнағанда су
неге тасиды
*шәугімнен
шу шығады?
*бу қайдан
пайда болады
*қайнау температурасы қандай температура
*неге сүт қайнағанда көтеріліп барып тасиды? 4. Жаңа сабақты меңгерту.
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Мен оқушылардың өздерін толғандырған сұрақтарына өздері ізденіп, жауап табуларына «Жигсо» әдісін қолдану арқылы жағдай жасадым. 1.Қайнау дегеніміз не?
2.Меншікті булану жылуы
3.Қайнау температурасы
4.Көпіршіктер туралы
5.Жылу мөлшері, формуласы, басқа шамалармен
байланысы
Топ мүшелерін 1, 2, 3, 4, 5 – деп нөмерледім. Осы нөмерлерге сәйкес тақырыпты топ мүшелеріне бөліп, оқуларына уақыт бердім. Белгіленген уақыт біткен соң 1-ші нөмерлер бір топқа, 2-ші нөмерлер екінші топқа, 3-ші нөмерлерді үшінші топқа, 4-ші нөмерлерді төртінші топқа, 5-ші номерлерді бесінші топқа топтастырып, топпен пікір алысуды ұйымдастырдым. Пікіралысу аяқталған соң оқушылар бастапқы өздерінің топтарына қайтып оралды.
60198099060
Топ мүшелері тақырыпты өздерінің реттері бойынша бір-біріне түсіндірді.
Топпен жұмыс.Тарқатпа материалдармен жұмыс жасау.Кестеге тақырыптағы шамаларды толтыру.
Физиқалық
шама атауы Белгіленуі Өлшем
бірлігі
1.Жылу мөлшері
2.Масса
3.Булану жылуы Q
m
r Дж
кг
Дж/кг
Кестенің дұрыс толтырылуын интерактивті тақтада жазылған жауаптармен салыстыру арқылы тексердім.
2.. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сабақ барысында шаршап, сабақтан зерігуін жеңіп, зейінін сабаққа аудару мақсатында «Көршінің суреті» тақырыбында ойсергек ұйымдастырдым. Бұл ой сергекте оқушылар А4 форматта түрлі-түсті қағазды төбесіне (басына) қойып, өзінің жұптасына қарап отырып, берілген қысқа уақыт ішінде (1-1,5 мин) оның суретін салды. Суретті салып бітіргенше, дәптерге қарауға болмайды деп ескерттім. Балалар сурет салуды көзбен көріп емес, ойлау арқылы жүзеге асырды. Әрине, салынған суреттер қисық-қыңыр болып шықты. Бұл жағдай балалардың көңіл-қүйлерін көтерді.
3.. Сыни тұрғыдан ойлау бұл екіжақты әрекет. Александердің сыни тұрғыдан ойлау туралы пайымы мен қытай ғұламасы Конфуцийдің «Маған айтып берсең -ұмытып қаламын, көрсетсең -есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң- үйренемін!» нақыл сөздерін байланыстыра отырып, суы бар шәугімді токқа қосып, қайнау құбылысын бақылаттым. Оқушылар сабақ басында «Білемін»
1135380243205
кестесіндегі жазған жауаптарын көзбен көрді. Құбылысты бақылып тұрып, олар өздерінің білетіндерін бір-біріне дәлелдеп жатты.
Мысалы: Су қайнар алдында будың пайда болғанын бірінші болып Ерік байқады. Су қайнағанда көпіршіктердің пайда болуын Дәне көріп айтты. Ал, қайнау алдындағы шуды көп сөзге араласпайтын Абылай естіді. Топ мүшелеріне құбылыс бойынша неліктен деп басталатын сұрақтар құрастыруды тапсырдым. Топтардың құрастырған сұрақтары ішінен қайталанып келген сұрақтарды алып тасталды. Қалған сұрақтар:
Саған сұрақ- маған жауап
4.АКТ-ны қолдану. Жаңа тақырып бойынша «жылу мөлшерін заттардың меншікті булану жылуы» арқылы есептеу жолдарын интерактивті тақтада түсіндіріп өттім.
5.. Талантты және дарынды баларды оқыту. Жұппен жұмыс. «Мүмкіндігіңше іздеп, тап!» формуладан формула шығару.
Q= r*m m=Q/r r =Q/m
10. Есептер шешу.
1.Температурасы 570С, массасы 200 г сынапты буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады?
2.Қайнау температурасында алынған аммиактың булануыеа 3,5*105 Дж жылу жұмсалады.Буланған аммиактың массасын анықта.r=14*105 Дж/кг
3.00С алынған 1*10-3 м3 суды буға айналдыру үшін 2,27 МДж жылу мөлшері жұмсалды.Судың булану жылуын анықта.
Дарынды оқушылар қосымша тапсырма ретінде керісінше есептер құрастыруды орындады..(Есептің жауаптарын топ басшылары интерактивті тақтада жазылған дұрыс шешімдерімен салыстыра отырып, тексерді.)
5.Сабақты қорытындылау.
Не білем? Нені білгім келеді? Не білдім?
*су қайнайды
*тамақ
қайнайды
*қайнағанда су
тасиды
*қайнағанда
буды көреміз *қайнау
дегеніміз не?
*қайнағанда су
неге тасиды
*шәугімнен
шу шығады?
*бу қайдан
пайда болады
*қайнау температурасы қандай температура
*неге сүт қайнағанда көтеріліп барып тасиды? *Суға жылу беріл-
генде бетіндегі молекулалардың жылдамдығы
артып, өзара тар-тылыс күшін жеңіп су бетінен ұшып шығады
*су қайнағанда су молекулалары буға айналып, ұшып кетеді
*жылуды көбірек берсек, судың температурасы жоғарылып, молекулаларының жылдамдығы артып, қайнау басталады. т.б
------------- ?
Бағалау критерийлері 6.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Өзін-өзі бағалау критерийі
*құбылыстың пайда болу жолдарын түсіндіруі
*құбылыстың басқа құбылыстармен байланысын түсіндіруі
*құбылыстардың тұжырымдамасын айқындауы
*құбылыстың практикада қолданылуына мысалдар
келтіре алуы
*алған білімін зерттеу жұмысында дәлелдей алуы
Топ жұмысын бағалау критерийі:
*идеяларды ұсыну
*жолдастарын топ жұмысына жұмылдыру
*сұрақ қою
*сұрақтарға жауап беру
*белсенді түрде тыңдау
Оқуға арналған тапсырмалар Сыныптағы жұмыста Айдынның «Неге сүт қайнағанда көтеріліп барып тасиды?» деген сұрағына жауап берілмегендіктен, оқушыларға үйге осы сұраққа жауап іздеуді тапсырдым.
Оқушылар «кері байланыс» жазды.