Сыныптан тыс ж?мыс сценарийі Алтын са?а сайысы


«Алтын сақа» сайысы
Қатысатын сыныптар: 4-5-сынып оқушылары Өтетін күні: 04.05.2015ж Өтетін уақыты: 16.00
Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» танымдық ойыныСабақтың мақсаты: Оқушыларды әдебиетті оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру. Ой –өрісін кеңейту, сөйлеу тілін байыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту. Өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу. Ата-апа ерлігін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу. Өз еңбегін бағалай алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: қоржын, асық, интерактивті тақта.Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, талдау, сипаттау.Сабақтың түрі: “Алтын сақа” ойыны негізінде.Сабақтың жоспары:І.Ұйымдастыру кезеңіІІ. «Алтын сақа» ойыны1.Табалдырық.2. Әудемжер.3. Қозыкөш.4. Беласар.5. Жолайрық.6. Алтын көмбе.ІІІ. ҚорытындыІҮ. Марапаттау
Сабақтың жүру барысы:- Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі «Алтын сақа» танымдық ойынына хош келдіңіздер! Бүгінгі «Алтын сақа» ойынын Баубек Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат» шығармасы талданбақ.
4 «б» сынып оқушыларының орындауында көрініс(Ойын шарттарымен таныстыру)
Бүгінгі біздің ойынымыз әдеби олимпиада түрінде болмақ, ол «Алтын сақа» деп аталады. «Алтын сақа» ойыны 5 кезеңнен тұрады. Оқушылар 6 түрлі күймеге мінеді. (Қызыл,сары, көк, жасыл, ақ, қоңыр ) Өздері жөнінде мәліметтер береді.
Күйменің түсіне қарай 6 асық алынады. Бірінші жауап беру үшін номерленген асықтарды таңдап алады. Реттік санына қарай сұрақтарға жауап береді. Әр күймеде алты асықтан болады. Жауап бере алмаған оқушы ойыннан шығады және асықтары ханталапайға түсіп, бөлініп беріледі.Алтын көмбеге жалғыз оқушы жетеді. Осы жерден жол екіге айырылады. Оқушы 24 асықты алып, елге қайтуына болады немесе «Алтын көмбені» ойнауына болады. «Алтын көмбенің» сұрағына жауап бере алмаса, үлкен сақаны иіреді, асық алшысынан түспесе де ұпай жинайды.1. «Табалдырық» кезеңінде жалпы қатысушыларға сұрақтар қойылады.
Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы «Алтын сақа» ойынын әрі жалғастыруға мүмкіндік алады.
1-сұрақ: Баубек Бұлқышев кім? - жазушы, ақын, публицист
2-сұрақ: Баубек Бұлқышев қай жылы туған? – 1916 жылы
3-сұрақ: Шығармаларын қай тілдерде жазған? – қазақ, орыс4-сұрақ: Тұңғыш шығармалар жинағын ата – «Заман біздікі»5-сұрақ: Баубек Бұлқышев Қарсақбайда оқыған ба? – иә, ФЗО –да оқыған, 1935 жылы бітірген
6-сұрақ: Баубек Бұлқышев қай жылы қайтыс болды? – 1944 жылы
2. «Әудемжер» кезеңінде оқушылар асық иіреді, асығы бүк түспеген немесе жалпы сұрақтарға жауап бере алмаған оқушы ойыннан шығарылады
1. «Шығыс ұлына хат» шығармасы қай жинаққа енген? - «Заман біздікі» кітабына
2. «Шығыс ұлына хат» шығармасы неше ашық жолдан(абзац) тұрады? -17
3. 1-ашық жолда неше сөз бар? – 2
4. Немістер бізді әрі минометтің, әрі артиллерияның снарядтарымен атуда. Қай ашық жол? – Соңғы 17-ашық жол
5. Біз Исатай мен Махамбеттің, Амангелді мен Абайдың халқының балаларымыз. Осы ашық жолды (абзацты) аяқтаңыз.
3. «Қозыкөш » кезеңінде оқушылар асық иіреді, бүк –көк, шік –сары, алшы-қызыл, табан – жасыл түсті конверттер таңдап алып, сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауап бере алмаған 2оқушы ойыннан шығарылады.
1. Жалғастырыңыз және осы ашық жолды аяқтаңыз.
Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой.....
2. Жалғастырыңыз және осы ашық жолды аяқтаңыз.Бірінші сөйлемде неше сөз бар?-16
Отан бізге қолымызға қару, бойымызға қуат беріп, өзінің сүйікті Арқаңды, сұлу Шығысыңды, қонақжай халқыңды қорға деді.........
3. «Шығыс ұлы » деген атты кімге қойған? Осы ашық жолды жатқа айтыңыз.

4. Хатты қашан және қай жерде жазған.Осы ашық жолды аяқтаңыз.
4. «Беласар » кезеңінде оқушылар өзіне ұнаған конвертті таңдап алып, сұраққа жауап береді, дұрыс жауап бере алмаған оқушы ойыннан шығарылады.
Сары конверт Сұрағы: 5-ашық жолды жатқа айт
Көк конверт Сұрағы: 6-ашық жолды жатқа айт
Ақшыл қызыл конверт Сұрағы: 7-ашық жолды жатқа айт
5. «Жолайрық» бөлімінде қалған оқушыдан «Алтын көмбені» ойнау-ойнамайтыны сұралады. Егер ойнамаса кезеңдерде жинаған асықтарына ие болады.Ал егер ойыншы «Алтын көмбені» ойнап, сұраққа жауап бере алмаса да «Алтын көмбенің» сыйлығына ие болады
Тапсырма: «Шығыс ұлына хат» шығармасын жатқа оқы
Қорытынды
«Әкелер мен ағалар» өлеңі оқылады
Авторы: Жұмекен Нажімеденов