«Сызу» 9 сынып. Ашы? саба?ты? та?ырыбы: «Аксонометриялы? проекцияда сызбаларды орындау».


«СЫЗУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ
БАҒЫТТА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ
Байтерекова Ш.И.
(Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі, Кентау қаласы)
Сызу сабағы, орта мектепте басқа пәндер сияқты оқушыларды өмір тәжірибесіне, кәсіптік өндірістегі ізденісін қалыптастыруда және келешектегі білімін тереңдетуде алатын орны бөлек.
Қазір жаңа заманға байланысты жаңа техниканың жылдан-жылға дамып келе жатқаны баршаға белгілі. Өсіп келе жатқан ұрпақ заманға сай білім алулары қажет. Оқушының білімді тез әрі жеңіл түсіну үшін «Сызу» оқулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп ойлаймын.
Балалардың болашақта өзі таңдаған мамандығы бойынша мемлекетіміздің мықты маманы болулары қажет, ал ол үшін мектеп қабырғасынан бастап қажетті бағдар беріп, білімдерін дамыту керек. Адам өміріне байланысты балалардың сызу жайлы білімдерін кеңейту, нығайту және тереңдету қажет.
Егер сызу пәніне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, онда жаңа бағдарламадағы сызбалар балалардың күнделікті қолданып жүрген айналасындағы қоршап жатқан заттарға, адам өміріне тығыз байланыстырған дұрыс болар еді. Балалар тез бір сызбаны орындау үшін, оның не екенін жақсы біліп, түсіну үшін оны ұстап көріп немесе жақсы елестете білулері керек. Бір тақырыпты тез түсінген балаға қосымша жұмысты беру арқылы одан әрі білімін, ойлау қабілетін дамытуға болады. Осыған байланысты Мағжан Жұмабаев: «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсаң, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, оны балаға алып келіп көрсет, көрсетіп қана қоймай, сол заттың суретін салғыз, әрі суретпен ғана қанағаттанба, балшықтан мүсін жасауға үйрет» деп баланың білімді жақсы меңгеру үшін шынайы әдістерді қолдану қажеттігін айтты.
Жұмыс барысында, «Сызу» пәнін қазіргі заманға сай және ұлттық бағытта оқытып, суреттерін көрсетіп, күнделікті қолданып немесе көріп жүрген заттарына байланысты сызбаларды сыздырғанда мынандай нәтижелерге көз жеткіздім:
Біріншіден, тақырып пен сызбаларды тез және жеңіл түсінеді;
Екіншіден, сызбаға және сабаққа қызығушылығы артады;
Үшіншіден, графикалық бейнелерді жақсы түсініп және сызба есептерін дұрыс шығарады;
Төртіншіден, білімдері мен ойлау қабілеттері тез дамиды. Әрбір заттың пайда болу жолын кәсіби түрде түсінген баланың шығармашылық-композициялық және дизайнерлік ойлау қабілеті мен шеберлігі дамиды;
Бесіншіден, ұлттық тәрбиеге бағдар алады және жақсы білім алған бала болашақта оны одан әрі дамытумен айналысады;
«Сызу» пәнін оқытуда қазіргі заманға сай және ұлттық бағытта өзгерістер мен енгізулер мысалын келтіре кетейін.
І. Сызбаның даму тарихынан. Сызудың даму тарихын түсіндіргенде қазіргі оқулық бойынша Ресейдің сызба тарихы ғана келтірілген. Ал өз еліміздің сызбаның даму тарихына байланысты айтарлықтай мәлімет көп.
Қола дәуірінен сақталған петроглифтер (біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І мыңжылдық) ескерткіштер жартасқа таңбаланған әскери күймелер, атқа жегілген қос доңғалақты күймелер суреттеріне қарап адамдардың сол кездегі өмір-тіршілігін болжауға болады. Сурет үстінен қарағандағы (горизонталь) көріністе орындалған, адамдар фронталь көрінісінен орындалса, ал күйме доңғалақтары профильде бейнеленген (1-сурет).
1-сурет.
Еліміздің алғашқы сызбалары V – ХVІІІ ғасырларда пайда болған болу керек, өйткені Қазақстанда ғажайып сәулет өнерінің ірге тасы қаланып, қалалар тұрғызыла бастады. Атап айтқанда: Сауран, Отырар, Тараз, Құлан, Баласағұн қалалары Жібек жолы бойында ерекше сән-салтанатқа ие болды.

2-сурет. Құлан қаласы. VІІ ғасыр.
Деректерде Қожа Ахмет Ясауидің XII ғасырда салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ- түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негіздері алдын ала анықталып көрсетілген-ді.
Негізгі және қосалқы бөлмелерді салу кезінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбалар мен ғимарат жобасына сүйеніп отырды (3- а, ә – сурет). Архитектуралық көлемдер мен олардың бөлшектерінің асқан шеберлікпен салынғандығының себебін тек осылай ғана түсіндіруге болады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BC%D1%96%D1%80_%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%80" \o "Әмір Темір" ӘмірТемірдің болашақ кесене жобасын жасауға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақтылы нұсқау бергендігін әртүрлі жазба деректер де дәлелдейді. Қытайға қарсы жорығын жүзеге асыра алмаған  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BC%D1%96%D1%80_%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%80" \o "Әмір Темір" ӘмірТемір 1405 ж. ақпанда  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%80" \o "Отырар" Отырарда дүние салды. Ол қайтыс болғансоң, кесене құрылысы да тоқтапқалды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%B6%D0%B0_%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D0%AF%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%B8_%D0%BA%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%81%D1%96" \l "cite_note-0" [1]

А)
Ә)
3-сурет. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің сызбасы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D2%AF%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D0%B7%D0%B4%D1%96_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81&action=edit&redlink=1" \o "Күмбезді құрылыс (мұндай бет жоқ)" күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%96%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%82%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Жамағатхана (мұндай бет жоқ)" Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулімғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
Қазандық; 5. Кітапхана;
ҮлкенАқсарай; 6. Асхана;
КішіАқсарай; 7. Көрхана;
Құдықхана; 8. Мешіт;
ІІ. Графикалық сызба. Сызбаларды орындауда оқушылар қазіргі кезде өмірінде кездеспейтін тетіктердің сызбаларын орындағаннан гөрі айналасындағы заттардың сызбасын орындаған әрі қызық, әрі тез түсінеді. Сондықтан графикалық сызбаға аксонометриялық проекцияларды алу сызбаларын мысал ретінде түсіндіре кетейін.
4-ші суретке жақсылап қараңыздар. Мұнда әр түрлі кескінделген бір затты көресіздер. Ә) мен Б) кескіндері көрнекі кескіндер деп аталатыны бізге белгілі. 4, А-суретке қарағанда, бұл кескіндер бойынша заттың пішінін көзге елестету оңай.
4-сурет. Орындық сызбасы.
5-суретте осы көрнекі кескіндердің қалай алынатыны көрсетілген.

5-сурет.
Бұл фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар ортақ бір атпен аксонометриялық проекциялар деп аталады. «Аксонометрия» грек сөзі, аудармасында ол «осьтер бойынша өлшеу» дегенді білдіреді. х,у және z осьтері аксонометриялық проекциялар жазықтығында аксонометриялық осьтер деп аталады. Осындай проекцияларды салған кезде өлшемдерді х,у және z осьтері бойымен белгілейді. Аксонометриялық проекцияларды көрнекі кескіндерге жатқызады.
Қорыта айтқанда, сабақ барысында жаңа сызбалар мен суреттерді қолданып келемін. Өсіп келе жатқан ұрпақ заманға сай білім алулары үшін «Сызу» оқулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп ойлаймын.
«Сызу» 9 сынып

Ашық сабақтың тақырыбы:
«Аксонометриялық проекцияда сызбаларды орындау».
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Аксонометриялық проекцияда сызбаларды орындай алуларын жаттықтыру. Адам өміріне байланысты сызу жайлы білімдерін кеңейту. Графикалық сызбаларды орындау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды жаңа тақырып арқылы сабаққа қызықтыру, сызбаларды орындауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылығы: Сызба сауаттылығын ашу. Жаңа тақырып арқылы білімін дамыту.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: оқулық, жұмыс дәптері. сызғыштар, транспортир, қарындаштар, өшіргіш, сызбалар, үлгі сызбалар, слайд, сызба тесті, карточкалар, рефлексия плакат және сөзжұмбақ плакат , т.б.
Сабақтың өту жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сынып жұмысын орындау: а) карточкамен жұмыс.
ә)графикалық жұмыс.
Сабақты қорытындылау және бекіту.
Рефлексия.
Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып өту.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Үй жұмысы: «Аксонометриялық проекциялар» тақырыбын қайталау. Үй жұмысын тексеруге сөзжұмбақ сұрақтарына жауап беру. Сызба тесті алынады. Сызба тестін оқушылар сұраққа байланысты жауапты белгілеп және сызбаларын орындайды.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың барысы: Слайд арқылы суреттерге талдау жасау арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Аксонометриялық проекциялар біздің өмірімізге тығыз байланысты. Мысал келтіре айтсақ мейрамхана жазулары, жарнамалық жазулар, 3д жазулары, т.б. Осындай жазуларды жаза білсек, және қалай жасалатынында хабардар болсақ болашақта пайдасы тиетінінде сенімдімін (карточка бойынша әріптің аксонометриялық проекциясын орындау).
Әріп аксонометриясы




Әріптің сызбасын фронталь диметриялық проекцияда орында.
Қалыңдығы 20 мм.
Әріп аксонометриясын орындау





Дизайнерлер жиһаз жасау өнерімен айналысады. Біздің елімізде жиһаз өнері жақсы дамымаған. Сондықтанда тұтынушылар жақсы сапалы жиһаздарды шет елдерден алып қолдануда. Жиһаздар біздің өмірімізде барлық жерде кездеседі деп айтсақ болады. Мысалы: мектепте, балабақшада, үйде, сауда орталықтарында және басқа да жұмыс пен демалыс орындарда. Жиһаз сызбаларын орындау өте қызықты. Жиһаз сызбаларын сызуды мектеп қабырғасынан бастап үйренсек өмірде пайдасы тиері сөзсіз. Қазір біз орындық сызбасын орындап көрелік (карточка бойынша графикалық жұмысты орындау).
Орындықтың сызбасын аксонометриялық проекцияда орындау.

Заттың аксонометриялық проекциясында өлшемдерді белгілеу кезінде шығару сызықтарын аксонометриялық осьтерге параллель, өлшемдік сызықтарды өлшенетін кесіндіге параллель жүргізетініне назар аударыңдар.
4.Сынып жұмысына:
а) Оқушыларға карточка таратылады, онда әр оқушының аттарының бас әрпі сызылған. Әріпті фронталь диметриялық проекцияда қалыңдығы 2 см-де сызып орындау керек.
ә) Графикалық жұмыс. Орындықтың аксонометриялық проекциясын сызып орындау.
5.Сабақты қорытындылау және бекіту: Суреттер мен сызбаларға талдау жасау.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
6. Рефлексия.
7.Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс. Оқушы қалаған заттың сызбасын аксонометриялық проекцияда орындайды.
Аксонометриялық проекция тақырыбы бойынша сызба тесті.
1-нұсқа
1.Аксонометриялық проекцияда орындалған сызбаны белгіле.



2.Бес контур сызығын сызып фигураны толықтыр.

3.Фронталь диметриялық проекцияның x,y,z осьтерін сыз және
градустарын белгіле.
4.Изометриялық проекцияның x,y,z осьтерін сыз және
градустарын белгіле.
5.Сызба аксонометриялық проекцияның қандай түрімен орындалған?
......................................................................
Аксонометриялық проекция тақырыбы бойынша сызба тесті.
2-нұсқа
1.Аксонометриялық проекцияда орындалған сызбаны белгіле.



2.Бес контур сызығын сызып фигураны толықтыр.

3.Фронталь диметриялық проекцияның x,y,z осьтерін сыз және
градустарын белгіле.
4.Изометриялық проекцияның x,y,z осьтерін сыз және
градустарын белгіле.
5.Сызба аксонометриялық проекцияның қандай түрімен орындалған?
..............................................................