?зін ?зі тану саба? жоспары Кешірімділік — к??іл ке?дігі
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Мүткенов ат. ОМ
Тақырып: Кешірімділік - көңіл кеңдігі
Мұғалiм: Сарсенова Маржан Тлекбулатовна
Сынып: 8 «а». Оқушылар саны:16
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сенімділік, төзімділік, жауапкершілік
Сабақ мақсаты: Окушыларға кешірімділік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға «кешірімділік», «кешірім»туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойына сенімділік, төзімділік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сенімділікке, төзімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ресурстар:
(құралдар,мәлiметтер,
нақыл сөздер, бейне фильм, слайдтар)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.
Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады«Нұрға бөлену».
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет! Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін мазмұндау.
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
Мәтіндегі «Біреуді кешіру – ең алдыменен өзімізге жасалған жақсылық» дегенойды қалай түсінесіңдер?
Кешіре білу үшін адам бойында қандайқасиеттер болу керек деп ойлайсың?
Өз өміріңде кешірімді болған кездерің болды ма? Қандай сезімде болдың? Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Дәйексөз:
«Кешіре білген адам – күшті адам» А.Иүгінеки
Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөзді әуелі ұл балалар,сосын қыз балалар қайталап
айтады. Сосын барлығы хормен айтады.
Дәптерге жазып алады.
Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Әңгiмелеу (сұхбат)
Бақша ағаштары Ы.Алтынсарин
Жаздың бір әдемі күнінде, таңертен бір адам өзінің баласымен бақшаға барып, екуі де егілген ағаштар мен жеміс, гүл жапырақтарын көріп жүрді.
-Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреу неге қисық біткен?- деп сұрады баласы.
-Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпыменен өскен, - дейді атасы.
-Олай болса бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой!- дейді баласы.
-Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен өзің ғибрат алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, жақсы түзік кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - дейді.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1) Баласы әкесінен не туралы білгісі келді?
2) Әкесі баласына қандай кеңес берді?
3) Адам түзу ағаш сияқты өсу үшін қандай әрекет жасау қажет?
4) Өмірде дұрыс әрекет жасаған кездерің болды ма? Әңгімелеп беріңдер. Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 топ: «Кешіріммен қарайық» сахналық қойылым көрсету.
2 топ: Дұрыс әрекетке байланысты мақал-мәтелдерді айту
3 топ: «Кешірімді болайық!» өлең шығару. Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын
Топпен ән айту:
Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар. Үй тапсырмасы:
А.Бейсебай «Кешірімнің күші» Әңгімесін оқу Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл-күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!