Другие методич. материалы по музыку на тему А? МАМАМ 1класс


Музыка 1-сынып
Сабақтың тақырыбы АҚ МАМАМ
Сабақтың мақсаты Оқушыларды «Ақ мамам »әнімен таныстыруДамытушылық Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ұйымшылдыққа тәрбиелеуСабақтың түрі Жаңа сабақКөрнекілігі Оқулық, үнтаспа,суреттерСабақтың барысы Ұйымдастырушылық кезең«Ақ мамам» әніӘнді үйрену бір сәтте болатын шаруа емес, сондықтан оқушылар тез үйреніп кетпеді деп қынжылмаңыз. Бір күннің ішінде әннің сөзін жаттап алыңдар деген талапты да оқушыларға қоюға болмайды.
Өз тәжірибемізде біз әнді екі жолдан немесе шумақтап есте сақтауға бағытталған жұмыстар жүргіземіз (бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты).
Жұмыс барысы:
Бір әнді үйренуге әр сабақта 5-10 минут шамасында жұмыс жүргізіп отырамызОқушылармен бірге әнді тыңдау.
Таңдап алынған шумағын немесе екі жолының мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
Хормен, сонан соң жеке-жеке қайталату.
Әннің ырғағымен қайталату.
Әнді әр сабақтың басында немесе соңында қайталату.
Оқушылар әнді жақсы үйреніп алды деген кезде сынып сағатында, ата-аналардың қатысуымен өткізілетін мектеп іс-шараларында орындатуға болады.
Ақ мама әніЕл жатқанда жатпағанМен деп тыным таппағанБақыты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам
Қайырмасы:
Күлімдеген көзіңненКүн мейірімі сезілгенБұл жалғанда балағаЖақын жан жоқ өзіңненОрындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған.
Әрбір сөз әріптерден құралса ,әуен музыкалық дыбыстардан тұрады.
Музыкалық дыбыстар биік немесе төмен болып орналаса береді.
Қорытындылау: Сұрақтар қою,әнді қайталауБағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалауҮйге тапсырма: Әннің сөзін жаттау