Рефлексивный отчет по внедрению LESSON STUDY


«Біздің мектептің құндылықтары» тақырыбына өткізілген ата-аналар коучинг жиналысы бойынша рефлексия
Мақсаты: Әр ата-анаға біздің мектептің құндылықтары туралы мәлімет жеткізу, оқушыларды оқытудағы білім беру мен тәрбиелеудегі өзгерістерді көрсету.
Жиналыс 18 наурызда, сағат 18.00 - де өткізілді. Барлығы 21 ата-ана қатысты.
І. Алдымен ата-аналарға сауал қойылды:
Біздің мектеп туралы не білесіңдер?
Ата-аналар мынадай жауап берді:
Білімді жоғары деңгейде береді, ҰБТ-да әркашанда алдыда, мұғалімдердің мәдениеті жоғары, т. б.
ІІ. Ата-аналар топпен жұмыс жасады.
« Ата - ана көздерімен біздің мектеп » деген тақырыбына постер қорғады. Мектеп өмірінің жағымды және жағымсыз жақтарын белгіледі.
Жағымды: Баланы жеке тұлға ретінде жақсы сыйлайды, мектепте тәртіп өте жоғары қалыптасқан, білімді жоғары деңгейде береді, әділдік, тәртіп, ұйымшылдық бар, бастауыш сыныптың оқытушыларының білім деңгейі жоғары, балалар жақсы көңілмен сабаққа қатысады, жаңа технологиямен жабдықталған, мұғалімдердің мәдениеті жоғары.
Жағымсыз: Мектеп өте тар, бастауыш сыныптарына арналған спортзал жоқ, домбыра үйірмесі жоқ.
Постерлердің презентациясын жасап, әр топ қорғап шықты.
ІІІ. Мектепте болып жатқан өзгерістер туралы слайд шоу көрсетілді.
Сіздер біздің мектепте болып жатқан өзгерістерді білесіңдер ме?
Ата-аналар осы мектептегі болып жатқан өзгерістер туралы постер құрастырып, бірінші постерлерімен салыстырды, талқылады.
ІҮ. « Интеллект жеңеді » фильмі көрсетілді. Ата-аналарға оқушылардың жұмыстары көрсетілді. Сынып сағатындағы « Сынып философиясы » слайды көрсетілді. Ата -аналар талқылады, өз үлестерін қосты.
Ү. Топтық жұмыс өткізілді. « Құндылық ағашына » жазды және балалар жұмысымен салыстырды. Өз пікірлерін « Құндылық ағашына » желімдеді, қорытындылады.
Жалпы ұқсастықтары:
Құндылық Балалар Ата-аналар Сәйкестік
Тамыры 9, 4, 8, 14, 6, 1. 1, 14, 6, 15, 9. 1, 6, 9, 14.
Діні 15, 2, 10, 11, 13. 4, 7, 13, 11, 8, 10, 2. 2, 10, 11, 13.
Жапырағы 12, 7, 3, 16, 17, 5. 17, 3, 12, 13, 16. 3, 12, 16, 17.
ҮІ. Анкета сұрақтарына жауап беру ұсынылды.
« Сенің мектептегі өз рөлің қандай болмақ? »
ҮІІ. Ата-аналардан сұхбат алынды.
Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.
« Ұл тәрбиелей отырып жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз » деп бекер айтылмаса керек. Халқымызда ерте кезден-ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы-әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде де жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой. Әдептілік,инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Бір өкініштісі: уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандаймыз. Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу-ата-ананның да, ұстаздар қауымыныңда міндеті дей отырып осы жиналысымызды аяқтайық.
ҮІІІ. 14 слайдты көрсетіп ата-аналарға жасалған жұмыстары үшін алғыс жарияланды.
Жиналыс жоғары деңгейде өтілді. Ата-аналар мектептегі құндылықтарды көре білді, оқушы жетістіктерін байқады, бағалай білді.
« Біздің мектептің құндылықтары » тақырыбына өткізілген сынып сағаты бойынша рефлексия
Мақсаты: Оқушылар өз сыныбының дамуы үшін құндылықтарды толғайды жетістіктерге жету үшін ұмтылады.
І. Оқушылар топқа бөлініп отырды. « Менің сыныбымның құндылықтары » деген сөз тіркесіне өз ойдарын білдірді.
ІІ. «Фишбоун» суреті бойынша түсініктеме берді. Топпен бірлесе отырып талдап, сыныптағы шынай және жалған құндылықтарды жазды.
Шынай құндылықтар:
Ата – ананы сыйлау, қарияны ренжітпеу, жақсы оқу және жақсы баға алу, ұстазды сыйлау, кішілерге қамқор болу, сыныптастарының сөзін бөлмеу.
Жалған құндылықтар:
Ақша үшін оқу, жақсы оқитын сыныптаспен дос болу, жалқау болу, досыңды сатып кету, өсек айту, өтірік айту.
ІІІ. Практикалық жұмыс
« Құндылық ағашын » толықтыру. Оқушылар топпен жұмыс істеді. Сәйкестік әр топта болды.
ІV. Оқушылар рефлексия сұрақтарына жауап берді.
Өмірдегі бағытың да, іс – қаракетің де өз бойыңа үңілуден болады. Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ, өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін – отбасы, мектеп, жолдастары, ұжым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.
Нағыз адамға тән қасиеттер.
Ұғымды, ойлы ететін зерде – зейінің.
Сені өрге сүйрейтін – өнер – өрісің.
Тек ілгері бастайтын – талабың.
Ешқашан алдамайтын – тапқырлығың.
Қиындықта саналатын – қайратың.
Бәрінен де күшті – білімің дей отырып осы сынып сағаты оқушыларды
қайырымдылыққа, әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға, сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата – баба салтын қастерлеуге, оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге дағдыландырылды деп ойлаймын.
2 «А» сынып жетекшісі: Бейсембаева Г. Ж.