Саба? жоспары 8 сынып Электромагниттік тол?ындарды ?олдану мысалдары. Радиотол?ындар.


Пәні: Физика
Сабақ тақырыбы:
Электромагниттік толқындарды қолдану мысалдары. Радиотолқындар.
Мектеп:
Мерзімі: Мұғалімнің аты:
Сынып: 8 А;В: Оқушылар саны: 12
Сабақтың мақсаты: Электромагниттік толқындарға сипаттама беру. Радиолокацияның жұмыс істеу принципін түсіну.
Тілдік мақсаттар Оқушылар өз проектілерін қорғау сәтінде кемінде 2 жаңа термин сөз қосу керек сөздік қорға
Күтілетін нәтиже Электромагниттік толқындардың шкаласын біледі.
Өтілген материалдар Электромагниттік шкала. Радиотолқын.
ЖОСПАР
Уақытша жоспарлау Жоспарланған іс-шаралар Ресурстар
Сабақ басы
мин
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ
Толқын ұзындықтары әр түрлі диапазондарда қолданылатын антенна түрлерінің ерекшелігі бар. Радиохабарларды тарататын ұзын, орташа, қысқа толқындарды вертикаль бағытталған өткізгіш вибраторлар шығарады. Қабылдау қашықтығын арттыру мақсатында антенналарды мүмкін болғанынша биік орнатуға тырысады. Радиолокация, ғарыштық радиобайланыс және телехабарлар үшін ультрақысқа толқындарды пайдаланады. Ұзындығы жарты толқын ұзындығына тең вибратор немесе бірнеше осындай вибраторлардан құралған антенна бағытталған метрлік электромагниттік сәуле шығарады. Сантиметрлік және дециметрлік диапазондағы радиосәулелерін шығару үшін параболалық шағылдырғыштар қолданылады.

Ионососфера және ЖерРадиотолқындардың таралуына жер бедері мен су беттері, әсіресе атмосфераның жоғарғы қабаты — ионосфера көбірек әсер етеді. Ионосфераны жер бетінен 90—300 км биіктікте, иондар мен электрондардан тұратын иондалған газ қабаты құрайды. Атмосфераның жоғары қабатының иондалуы, негізінен, Күннің ультракүлгін және рентген сәулелерінің әрекетінен болады. Түнмен салыстырғанда иондардың концентрациясы күндіз 20 еседей артық. Сондықтан ионосфераның қасиеті тәулік бойы және жыл мезгіліне байланысты өзгеріп тұрады. Ионосфера электромагниттік толқындарды шағылдырады және жұта алады. Ұзын радиотолқындар дифракция нәтижесінде көкжиектен асып алыска жетеді. Әрі ионосферадан жақсы шағылады, сол себепті ұзын толқындар шалғай қашықтыққа тарайды.
Қысқа толқындардың алыс қашықтыққа таралуы, оның жер бетінен және ионосферадан бірнеше дүркін шағылуының арқасында болады. Жердегі кез келген радиостанциямен қысқа толқында байланыс орнатуға болады. Ультрақысқа толқындар ионосферадан шағылмай, ешбір кедергісіз өтіп кетеді. Олардың дифракциялық қасиеті нашар, жер бетін орағытып өтпейді. Сондықтан ультрақысқа толқынды байланыс таратқыш антеннаның тікелей көріну аймағында ғана жүзеге асырылады. Ретрансляторлар мен серіктерді пайдаланып, шалғай кашықтыққа теле-радио хабарларды тарату мүмкін болды.
Толқындардың аталуыТолқын ұзындықтарының диапазоны, 
Аса ұзын толқын > 10000
Ұзын толқын10000 ÷ 1000
Орташа толқын1000 ÷ 100
Қысқа толқын100 ÷ 10
Ультрақысқа толқындар: метрлік10 ÷ 1
Ультрақысқа толқындар: дециметрлік1 ÷ 0,1
Ультрақысқа толқындар: сантиметрлік0,1 ÷ 0,01
Ультрақысқа толқындар: миллиметрлік0,01 ÷ 0,001
Радиотолқындар — радиобайланыста колданылатын,  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%BE%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD" \o "Толқын" толқын ұзындықтары X = 0,1 мм-ден бірнеше км-ге дейінгі (жиілігі = 3 • 10'2 Гц-тен бірнеше Гц-ке дейінгі)  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80-%D0%BC%D0%B0%D0%B3%D0%BD%D0%B8%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%82%D0%BE%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Электр-магниттік толқындар (мұндай бет жоқ)" электр-2148205299148500-654053166110223520017564100-6985015563850-69850381000магниттік толқындар.
-3175000

Интернет ресурс
Оқушылар хабарламасы
Соңы
75мин V Бағалау Үйге тапсырма
1 мин Тақырып бойынша қайталау
.
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтауИКТ –ні қолдану
Дифференциация – қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз? Бағалау –оқушылардың
білімін қалай тексересіз Информатика, химия, ағылшын тілі
өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып, есептер шығарады
күнделікті өмірмен байланыстырады
Барлық оқушылар:
Тақырып бойынша керекті мәліметтер мен формулаларды дәптерге түсіреді. Зертханалық жұмыс жасайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Сұрақтарға жауап береді
Кейбір оқушылар
Деңгейлік есептер шығарады Өзін-өзі бағалау. Информатика, химия, ағылшын тілі
өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланып, есептер шығарады
күнделікті өмірмен байланыстырады
Рефлексия
Сабақтың мақсаты / оқу мақсаты дұрыс па?
Оқушылар бүгін не оқып-үйренді?
Оқу атмосферасы қандай болды?
Мен дифференцияланған жұмысты сәтті дайындай алдым ба?
Мен уақытты сақтадым ба?
Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай?