Саба? жоспары: Тербелмелі контурда?ы электромагниттік тербелістер


11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1.1. Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға тербелмелі контур, электромагниттік тербелістер, тербелмелі контурда электромагниттік тербелістердің пайда болу себептері туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Тербелмелі контур.

Тербелмелі контурда электромагниттік тербелістердің пайда болуы.

Идеал тербелмелі контурда энергия шығыны болмайды, сондықтан тербелістер өшпейді. Толық энергия сақталады және кез келген мезетте ол мынаған тең:
.
Бірақ, шын мәнінде R≠0, сондықтан өткізгіштер қызып энергия шығын болады. Біртіндеп электромагниттік тербелістердің энергиясы катушка мен жалғастырғыш сымдардың ішкі энергиясына айналады, энергия өшеді.
IV. Пысықтау.
Тербелмелі контур деген не?
Идеал тербелмелі контур дегеніміз не?
Электромагниттік тербелістердің анықтамасын беріңдер.
Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістердің толық энергиясы неге тең?
Тербелмелі контурда электромагниттік тербелістер қалай пайда болады?
Кедергісі нольге тең емес нақты тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер неге өшеді?
V.Есептер шығару. №1.1.5, №1.1.6, №1.1.7
VI. Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: §1.1. Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. №1.1.1, №1.1.2, №1.1.3 №1.1.4.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1.2. Еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер.
Сабақ мақсаты:
Электромагниттік тербелістер ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, еркін тербелістер, электромагниттік тербелістерді сипаттайтын негізгі теңдеу, гармоникалық тербелістер және оны сипаттайтын шамалар туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Тербелмелі контур деген не?
Идеал тербелмелі контур дегеніміз не?
Электромагниттік тербелістердің анықтамасын беріңдер.
Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістердің толық энергиясы неге тең?
Тербелмелі контурда электромагниттік тербелістер қалай пайда болады?
Кедергісі нольге тең емес нақты тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер неге өшеді?
Есептерді тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сыртқы әрекет жоқ кезде пайда болатын тербелістерді еркін тербелістер деп атайды.
Идеал тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістердің теңдеуін қорытайық.


- заряд тербел. дифференциалдық теңдеуі.
-зарядтың уақыт бойынша екінші туындысы кері таңбамен алынған зарядтың өзіне тура пропорционал.
Тербелмелі контурда конденсатордың астарларындағы заряд шамасы уақытқа тәуелді косинус заңы бойынша өзгереді.

Физикалық шаманың синус немесе косинус заңы бойынша өтетін уақытқа тәуелді периодты өзгерісі гармоникалық тербелістер деп аталады.
Тербелістегі щаманың ең үлкен мәнінің модулі тербеліс амплитудасы деп аталады.
Тербелістегі физикалық шаманың мәні қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын Т тербеліс периоды деп атайды.
Тербеліс жиілігі деп бірлік уақыт ішіндегі тербеліс санына тең шаманы айтады.
- Томсон формуласы.
Тербелмелі контурда жоғары жиіліктегі электромагниттік тербелістер өндіріледі.
Тербеліс фазасы деп косинустың, не синустың аргументін айтады.
IV. Пысықтау.
Еркін тербелістер дегеніміз не?
Тербелмелі контурдағы заряд тербелістерінің дифференциалдық теңдеуін жазыңдар.
Гармоникалық тербелістер деген не?
Гармоникалық тербелістер теңдеулерін жазыңдар.
Тербелмелі жүйенің меншікті циклдік жиілігі деп нені айтады?
Тербеліс амплитудасы деген не?
Тербеліс периоды деген не?
Тербеліс жиілігі деген не?
Томсон формуласын жазыңдар.
Тербеліс фазасы деген не?
V.Есептер шығару. №1.2.5, №1.2.6, №1.2.7
VI. Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: §1.2. Еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер.. №1.2.1, №1.2.2, №1.2.3 №1.2.4.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1.3. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.
Сабақ мақсаты:
Электромагниттік тербелістер ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, тербелмелі процестер кезіндегі электр және механикалық шамалардың арасындағы сәйкестік туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Еркін тербелістер дегеніміз не?
Тербелмелі контурдағы заряд тербелістерінің дифференциалдық теңдеуін жазыңдар.
Гармоникалық тербелістер деген не?
Гармоникалық тербелістер теңдеулерін жазыңдар.
Тербелмелі жүйенің меншікті циклдік жиілігі деп нені айтады?
Тербеліс амплитудасы деген не?
Тербеліс периоды деген не?
Тербеліс жиілігі деген не?
Томсон формуласын жазыңдар.
Тербеліс фазасы деген не?
Есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.

IV. Пысықтау.
Серіппелі маятниктің қатаңдық коэффициентінің артуы тербелмелі контурдағы қандай шаманың өзгерісіне ұқсас болады?
Тербелмелі контурда индуктивтіліктің кемуі қандай шаманың өзгерісіне ұқсас болады?
Математикалық маятниктің тербелістерін тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістермен салыстырыңдар.
Серіппелі маятниктің механикалық тербелістерінің теңдеуін (1.6) теңдеуіне ұқсас түрде жазыңдар.
VI. Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: §1.3. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1.4. §1.5. Векторлық диаграммалар тәсілі. Гармоникалық тербелістердің графиктері.
Сабақ мақсаты:
Электромагниттік тербелістер ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, векторлық диаграммалар тәсілі, гармоникалық тербелістер графиктері туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Серіппелі маятниктің қатаңдық коэффициентіның артуы тербелмелі контурдағы қандай шаманың өзгерісіне ұқсас болады?
Тербелмелі контурда индуктивтіліктің кемуі қандай шаманың өзгерісіне ұқсас болады?
Математикалық маятниктің тербелістерін тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістермен салыстырыңдар.
Серіппелі маятниктің механикалық тербелістерінің теңдеуін (1.6) теңдеуіне ұқсас түрде жазыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ.








Фаза дегеніміз – тербелістің басынан есептелінетін уақыттың бұрыштық өлшемі.




IV. Пысықтау.
Векторлық диагарммалр тәсілі туралы айтып беріңдер.
Векторлық диаграммалар тәсілімен бастапқы фазаны қалай анықтауға болады?
Тербеліс амплитудасы мен бастапқы фазаны бастапқы шарттар арқылы өрнектеңдер.
Бастапқы фаза π/2 деп алып, идеал тербелмелі контур үшін зарядтың және ток күшінің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар.
VI. Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: §1.4. §1.5. Векторлық диаграммалар тәсілі. Гармоникалық тербелістердің графиктері. №2, №3, №4.