Б?лшек – рационал ?рнектерді тепе-те? т?рлендіру 7 сынып
Күні: 13.04.2015 ж
Сынып: 7 «Д»
Пән: Алгебра
Пән мұғалімі: Есқалиева Г
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы:
Бөлшек – рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Жалпы мақсат: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа алып, осы тақырып бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;
Сабақ міндеті: Оқушыларға рационал бөлшектің негізгі қасиеті мен оларға амалдар қолдану арқылы рационал бөлшектерді түрлендіре білуге үйрету;
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру,
пәнге қызығушылығын арттыру;
Ұжыммен және өз бетінше еңбек етуге, жауапкершілікке, мақсатқа жету үшін табандылыққа тәрбиелеу.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
7-сыныпқа арналған алгебра оқулығы
Ғаламтор материалдары
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Берілген бөлшек - рационал өрнектерді тепе – тең түрлендіре біледі.
Бөлшек - рационал өрнектерді тепе – тең түрлендіру тақырыбына есептер шығарады.
Бөлшек - рационал өрнектерді түрлендіруге берілген тапсырмаларды орындау кезінде білім мен біліктерді қолдана білу дағдыларын жетілдіреді.
Сабақтың түрі:
Бекіту сабағы
Оқытудың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау. Топтық,жұптық,жеке жұмыстар.Бағалау,өзін-өзі бағалау және көшбасшылық.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру
Топқа бөлінеді. Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеріп, жылы шыраймен сәлемдесу.
Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
Ынтымақтастық оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында
«Алтын ереже» құрастыру
Уақытты тиімді пайдалану;
Топтағы жұмысқа кедергі жасамау;
Барлық пікірді мұқият тыңдау;
Әр адам өз ойын айтуға құқылы;
Бір-бірімізді әділ бағалау; Оқушылар сәлемдеседі, мұғаліммен және өзара көңіл күйлерімен бөліседі.
Топ жетекшісін сайлайды.
Өткен тақырыпты қайталау
Рационал өрнектерді түрлендіу
a - ның квадраты
Екі еселенген b саны
х пен у қосындысы
х – тің квадраты мен у – тің кубының қосындысы
а мен b – ның екі еселенген көбейтіндісі
с мен d – ның үш еселенген көбейтіндісі
а мен b сандарының қосындысының квадраты
х пен у – тің квадраттарының айырымы
Оқушылар жауап береді
Үй жұмысын тексеру Үйге не берілді?Тест тапсырмалары берілді
Оны біз «График» арқылы тексереміз
Қайталау сұрақтары:
( еске түсіреміз формулаларды)
Сәйкестік тест
a2-b2= 1. a3-3a2b+3ab2-b3
(a-b)2= 2. (a-b)(a+b)
(a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2)
(a-b)3= 4. a2-2ab+b2
(a+b)3= 5. a3+3a2b+3ab2+b3
a3-b3= 6. a2+2ab+b2
a3+b3= 7. (a+b)(a2-ab+b2) Қысқаша көбейту формулаларын қайталап келу
Тест орындап,жауаптарын айту
Слайдпен көрсету
Ауызша түрде
Топтық жұмыс Топтық жұмыс,постер қорғайды оқушылар топқа берілген постерді қорғап шығады.Формативті түрде бағдаршам арқылы бағалап,оқушалар өз ойларын айтады
Практикада қолдану
-деңгейлік тапсырмалар орындау
-жеке жұмыс Слайдпен деңгейлік тапсырмалар беріледі,әр топтан 3 оқушыдан шығып 3 деңгейлік тапсырмаларды орындайды,мұғалім,немесе оқушылар әр топтың оқушыларының жіберген қателіктерін топ арқылы тауып,қателіктерін жойып,бағалап отырады Оқушылар тақтада деңгейлік тапсырмалар орындайды,ұпаймен бағалаланады
Жұптық жұмыс
Логикалық тапсырма беріледі. Жұптасып логикалық тапсырманы шешуге әрекет жасайды.Рефлексия
«Табыс» ағашын отырғызайық. Ағаш діні жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл жилек –сыныбымыздағы көңіл-күй, ал ағаштың жемістері-сіздердің білімдеріңіз.
Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.
Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
Алмаларға сабақты менгердім, қиналамын, менгерген жоқпын деп жазып жапстырады.
Бағалау Ал енді топтардың лидерін тыңдайық Топтың лидері өз бағалау парығы бойынша бағаларын айтады
Үй жұмысы Тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындап әкелу.Слайдпен есептер беру
Күнделіктерін толтырады, бағаға әкеледі
Тексерген: 13.04.2015 ж