Саба?ты? та?ырыбы: «Келтіру формулалары» (9 сынып)


Сыныбы: 9 «а»
Пәні: Алгебра
Тақырыбы: Келтіру формулалары. (2-тәсілмен түсіндіру)
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік. Оқушыларды келтіру формулаларын есте ұстауға, есептер шығаруда қолдана білуге қалыптастыру.
2) Дамытушылық. Оқушылардың тригонометриялық функциялар туралы білімдерін кеңейту, келтіру формулаларын қолданып түрлендірулер жасай білу қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: оқушыларды ойлауға, тапсырманы ұқыпты орындауға, сөй-леу, ойын дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар, сызба жазылған плакат
Сабақтың әдіс-тәсілдері:. әңгімелеу, баяндау. Сабақтың типі: жаңа сабақСабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу . Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақты Н.Ә.Назарбаевтың «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол-білім! Ол-ғылым!» сөзімен бастаймын. Елбасымыз биылғы «Нұрлы жол» атты жолдауын жариялағанын білеміз. Осы мәңгілік елге апаратын 4 жолымызды бүгінгі сабағымызда айқындайтын боламыз. Ол үшін 1-жолды табу үшін үй тапсырмасын «Тоғыз құмалақ» ойынымен тексереміз.
sin∝ ; tg∝ функцияларының таңбалары, периоды, жұп, тақтығы
sin∝>0 және cos∝>0 болса, онда ∝ қай ширекте?
sin∝<0 және cos∝>0 болса, онда ∝ қай ширекте?
sin∝>0 және cos∝<0 болса, онда ∝ қай ширекте?
Функцияның жұп-тақтылығын анықта: у=х4-2х2+3;
tg∝<0 және cos∝>0 болса, онда ∝ қай ширекте?
sin∝>0 және tg∝>0 болса, онда ∝ қай ширекте?
sin∝<0 және сtg∝>0 болса, онда ∝ қай ширекте?
cos∝; сtg∝ функцияларының таңбалары, периоды, жұп, тақтығы.
9 құмалақтың жауабы айтылғаннан кейін 1-жол-су жолы екенін білеміз.
2-жолды білу үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз.
Төмендегі берілген бұрыштар үшін тригонометриялық функциялардың таңбаларын анықтаңдар:
1) 2430; 2) -2000; 3) 2π5 ; 4) 8200.
2. Төмендегі өрнектердің таңбаларын анықтаңдар:
1) sin2800* cos2200; 2) tg5π3* сtg7π6; 3) sin600* sin1600* tg1700;
3. Төмендегі берілген функциялардың жұп-тақтығын немесе жалпы жағдайдағы функция болатынын анықтаңдар:
1) х3+ sinх; 2) sinх+cosх; 3) х2-cosх;
Тапсырмаларды орындағаннан кейін 2-жол- әуе жолы екенін білеміз.
Жаңа сабақ түсіндіріледі. Сызбаны пайдаланып жаңа сабақ түсіндіріледі.
Бүтін π-де функция аты өзгермейді, жарты π-де функция аты өзгереді.
Сабақ мысалдар арқылы түсіндіріледі. Сонымен 3-жол-көлік жолы екенін білеміз.
4-жолды анықтау үшін 9-сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға дайындау кітапшасынан есептер шығарылады.
7А.05. Келтіру формулаларын пайдаланып, табыңдар:
а) tg( -3000 ); б) сtg2250;
7А.06. Келтіру формулаларын пайдаланып, табыңдар:
а) sin ( -2400 ); б) cos( -1200 );
7А.13. Келтіру формулаларын пайдаланып, өрнекті ықшамдаңдар:
А) sin(900-∝)+ cos(1800+∝)+ tg(2700+∝)+ сtg(3600+∝);
Сонымен 4-жол-темір жол екенін білеміз. Сабақты Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» жолдауының арқасында оқушыларымыздың білімі жоғары және болашағы зор болатынын айтып кетемін.
Осыдан кейін кейін үй тапсырмасы беріледі. 7А.13(б); 7А.17. есептер.
Сабақ аяқталды.
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
Ашық сабақтың тақырыбы:
Келтіру формулалары.(2-тәсіл)
(12.03.2015 жылы аудандық семинарда
9 «а» сыныбында өткізілген)
1165225444500
Өткізген: математика пәнінің мұғалімі :
Ерғалы Гүлжамал Бектурғанқызы
Ақшұқыр ауылы 2015 жыл